Актер Михаил Ефремов

Танымал актер Мәскеу орталығында мас күйінде жол апатын жасады

142
Көлік тізгіндеген актер жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысқан. Оның жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ресейлік әйгілі актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Смоленск алаңында болған апаттан кейін ұсталды. Сараптама оның қанында алкоголь бар екенін көрсетті.

"Жол көлік оқиғасы 8 маусым күні сағат 21.44-те (Мәскеу уақытымен) Смоленск алаңындағы 3-үйдің маңында болды. Jeep Grand Cherokee көлігін басқарған Михаил Ефремов жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысып қалды", - деп хабарлайды РИА Новости.

Жол апаты болған сәт бейнебақылау камерасына жазылған.

Ефремовтің өзі жарақат алмаған. Ал Lada көлігінің жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Актерге жасалған сараптама қорытындысы оның қанында алкоголь бар екенін көрсеткен.

Осыдан кейін полиция Ресей қылмыстық кодексінің 264-бап, 2-бөлігі бойынша (мас күйінде жол жүру ережесін бұзу, адам денсаулығына абайсызда ауыр дене жарақатын салу) қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды

Бұл бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

142
Кілт сөздер:
жол апаты, Мәскеу, актер
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

95
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

95
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Ли Гон Хи

Әлемге әйгілі компанияның бас директоры қайтыс болды

35
(Жаңартылды 13:15 25.10.2020)
Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Әлемге әйгілі Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 25 қазанда 79 жасқа қараған шағында Сеул ауруханасында көз жұмды. Кәсіпкердің мұрасына Оңтүстік Корея прокуратурасы алаяқтық жасады деп күдіктенген оның ұлы Ли Чжэ Ен ие болды.

Атақты кәсіпкердің өлімі туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Өлімнің себебі нақтыланбаған.

Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған.

2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырады. Содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы мен топтың еншілес компаниясы – Samsung Electronics-тің вице-президенті Ли Чжэ Енға өтті. Өйткені, ол компанияның мұрагері саналатын.

Оқи отырыңыз: "Тірідей өртейді": әйгілі француз актрисасы Тоқаевқа хат жазды

Алайда оңтүстіккореялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ли Чжэ Ен концернде билікке қол жеткізу мақсатында корпорация құрамындағы компанияларды біріктіруде заңсыз алаяқтыққа барғаны туралы прокуратура тарапынан күдікке ілінген.

Айта кетейік, Ли Гон Хидің Ли Чжэ Еннан басқа Ли Бу Чжин және Ли Со Хен есімді екі қызы бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өзіне қол жұмсап, қайтыс болған.

35
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
"Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты