Луцк қаласындағы оқиға

Зеленский террористің ойға қонымсыз талабын орындауға мәжбүр болды - видео

1463
(Жаңартылды 09:12 22.07.2020)
Полиция террористі 12 сағаттан соң ұстады. Ол алдымен кепілге алған үш адамды, кейін бәрін бостатуға келісті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Луцк қаласында автобустағы жолаушыларды кепілге алған террорист талаптарының бірін орындады. Қылмыскер Зеленскийден тұрғындарды 2005 жылы түсірілген "Земляне" фильмін көруге шақырып, видео түсіруді талап еткен.Видео жарияланған соң алдымен кепілге алған үш адамды, кейін бәрін бостатуға келісті. Полиция террористі 12 сағаттан соң ұстады. 

Террорист ұсталған соң Зеленский Facebook-тегі жазбаны өшірді.

Қылмыскер президентпен қоса есептегенде Украинаның 24 лауазымды тұлғасына, шіркеу басшыларынан Youtube-те "Мен - аты-жөні, қызметі, террористпін (террорист в законе)" деген видео жүктеуді талап еткен. 

Шенеуніктер бұл талапты орындаған жоқ.

1463
Тақырып бойынша
Зеленский жиналыс кезінде біртүрлі қылық жасап отырды – видео
Зеленский Украинаның қорғаныс министрін итеріп жіберді – видео
Кездесу кезінде Зеленский Лукашенконы "шошытты" – видео
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады
Гүл, майшам

Танымал топтың әншісі қайтыс болды

3613
(Жаңартылды 17:40 13.04.2021)
Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі, танымал орындаушы Леонид Борткевич 71 жасында дүниеден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір - Sputnik. Беларустық ВИА "Песняры" тобының солисі Леонид Борткевич қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Беларусь оның әйеліне сілтеме жасап хабарлайды. Танымал музыкант, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі 71 жаста еді. 

Леонид Борткевич туралы не білеміз

Борткевич 1970-1980, 1999-2003 жылдар аралығында ВИА "Песняры" тобының құрамында болды. Оның орындауындағы "Александрина", "Вероника", "Беловежская пуща", "Березовый сок", "Купалинка" сынды аңызға айналған әндер көпшіліктің есінде.

Леонид Борткевич 1949 жылы Минскіде дүниеге келген. Оның бала кезінен музыкаға деген бейімі болды. Пионерлер сарайының хорында солист болды, гитарада ойнады, музыка мектебін бітірді.

Сәулет техникумында оқып жүрген кезінде ол жергілікті оркестрдің солисі, одан кейін "Алтын алма" ансамблінің құрамында болды.

Ол "Белниигипросельстройда" сәулетші болып жұмыс істеді. 1970 жылы Борткевич Владимир Мулявинмен танысып, ол талантты жас жігітті "Песняры" тобына шақырады.

Мулявиннің бірнеше шығармаларын орындап, танымал топқа қабылданады. Осы кезден Борткевичтің шығармашылық жолы басталды. Леонид ансамбль құрамында Америкаға барады. КСРО "Алтын Дискі" сыйлығының алғашқы иелері "Песняры" тобы болды.

Борткевич топтан бірнеше рет кетті. 1980 жылы Ресей театр өнері институтына оқуға түседі. Оқуға түсуіне байланысты Борткевич топтан кетуге мәжбүр болды.

1983 жылы Беларусь телерадиосының солисі болды. Ол 1989 жылы әйелі көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Ольга Корбут және ұлы Ричардпен бірге Америкаға көшіп, сол жақта он жылдай өмір сүреді.

Леонид Борткевич елге қайта оралғаннан кейін "Песняры" ансамблінде өнер көрсетті. Содан кейін ол бірнеше әріптесімен бірге жеке ансамбль құрды.

Оқи отырыңыз: Жүрегі тоқтап қалған: Ресейдің халық әртісі қайтыс болды

Леонид Борткевич көптеген марапаттың иегері. 1973 жылы бүкілодақтық ән байқауының лауреаты болды, 1979 жылы Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Музыкант бірнеше рет халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты атанды.

Танымал музыкант 25 мамырда 72 жасқа толар еді.

3613
Кілт сөздер:
Беларусь, танымал
Өзен

Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

6504
Таңертең мектепке кеткен қыз үйге қайтып оралмаған. Қызды өлтірді деген күдікке ағасының әйелі ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Өзбекстанның су арналарының бірінен жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

5 сәуірде Наманган облысының тұрғыны Мамадалиев деген азамат аудандық прокуратураға қызының жоғалғаны туралы арызбен жүгінеді. Қызы таңертең мектепке кетіп қайтып оралмаған.

Тергеу амалдары барысында қыз тұрған үй тексерілді. Прокуратура қызметкерлері мектеп оқушысы өлтірілген болуы мүмкін деген болжам жасады. 6 сәуірде Өзбекстан заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сол күні "Катта Наманган" каналы арқылы өтетін көпірдің жанынан қыздың мәйіті табылды.

Оқи отырыңыз: Құлақ көлінің жағасынан 4 адамның мәйіті табылды

Тергеу барысында 5 сәуір күні сағат 10:30-да қыздың ағасының әйелі оқушыны мектептен алып шыққаннан кейін каналға итеріп жібергені анықталды. 1999 жылы туған күдікті қамауға алынды.

6504
Кілт сөздер:
Өзбекстан, адам өлтіру, қылмыс
Тақырып бойынша
Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды
Айзаданың өлімі: жігіт өлер алдында анасына аудиохабарлама жіберген
Айзаданың өлімі: қыздың анасы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді – видео
Таңертең үйіне келген әйел үш немересінің мәйітін тапты
Смартфон

Қазақстандықтар мемлекеттік сайттардың осалдығын анықтап ақша таба алады

0
(Жаңартылды 19:30 13.04.2021)
Қазақстандықтар мемлекеттік сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік сайттардың кемшілігі мен осалдығын анықтап, оны жоюға көмектескен қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтар сайттың осалдығы туралы Bug Bounty бағдарламасының көмегімен хабарлай алады.

"Мұндай бағдарламалар көптеген ірі компанияда – Mail.ru, Яндекс, Uber, Google-да бар. Егер қандай да бір маман, хакер жүйенің осалдығын тапса, ол оны тапсырып, ақшалай сыйақы ала алады. Қазақстанда біз бірегей бағдарламаны іске қостық, мұндай бүкіл әлемде жоқ. Азаматтар барлық мемлекеттік жүйеде анықталған осалдық туралы хабарлай алады", - деді Холдас брифингте.

Ол Ұлттық банкпен бірлесіп BugBounty бағдарламасына барлық банкті қосу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

"Осал емес жүйе болмайды, тіпті пентагонның өзін бұзып жатады. Бірақ қалай да соны қорғау процесін ұйымдастыру қажет. Мәселен, өткен аптада зерттеушілердің бірі бүкіл қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге әсер ететін осалдықты анықтады. Мұның өзі осы бағдарламаның қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді", - деді орталық директоры.

0
Тақырып бойынша
Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі