Әлем

Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты

© Sputnik / Елена БережнаяКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр. Бітімгерлік миссияны орындау үшін барған 120 қазақстандық әскери бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан астанасындағы жарылыстан кейін қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр.   

"Біздің дипломаттарымыз олармен байланыста. Жарақат алғандар жоқ. Дипломатиялық миссияның кеңсесіне зақым келді. Бірақ оның бәрін қалпына келтіреді. Біздің қызметкерлеріміз және олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Тілеуберді. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Ливан аумағында 120 қазақстандық әскери бар. Олар бітімгерлік миссияны орындау үшін барған. 

"Олар бір күн бұрын орналасатын жерлеріне жетті. Барлығы аман-есен. Қазіргі кезде олардың ротациясы жүріп жатыр", - деп атап көрсетті Тілеуберді.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливанның астанасында жергілікті уақытпен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталды. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмады. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

 

Жаңалықтар
0