Әлем

Димаштың концерті Куба телеарнасынан көрсетілді

© Photo : Официальный сайт Димаша КудайбергенаВ Казани прошел концерт Димаша Кудайбергена в рамках турне Arnau
В Казани прошел концерт Димаша Кудайбергена в рамках турне Arnau - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кубалық "Dimash Cuba Dears" фан-клубы қазақ ұлының өнерін БАҚ арқылы насихаттауды белсенді қолға алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. 25 тамыз күні Кубадағы "Canal Clave" телеарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің 1 сағаттық концертін эфирден көрсетті. Осылайша, "Concerts" бағдарламасы арқылы кубалықтар әлемге танымал әншінің өнерін тамашалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"D-Dynasty" концертінің жазбасы 1 сағаттық бағдарламада үзбей көрсетілді. Бұл Димаштың 2019 жылдың 23 наурызында Мәскеу қаласында аншлагпен өткен жеке ән кеші болатын. Димаштың өнерін көгілдір экран арқылы қайталап көрсетуді сұраған кубалық жанкүйерлер "Canal Clave" телеарнасының ресми парақшасына бірнеше ай бұрын хат жолдаған. Өтініш орындалып, музыкалық арнадан көпшілік Димаштың концертін тағы да тамашалады", – деп жазады dimashnews.com сайты.

Ал кубалық "Dimash Cuba Dears" фан-клубы 2019 жылдың қараша айында құрылған. Жергілікті жанкүйерлер осы ұйым арқылы қазақ ұлының шығармаларын насихаттауды қолға алған. Әсіресе, өз елдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілуін жолға қойды.

Бұған дейін мамыр айында Димаштың концерті "De La Gran Scene" бағдарламасында көрсетілген. Содан бастап кубадағы телеарна, радиостанциялар өз эфирлері мен желілері арқылы Димаш Құдайбергеннің концерттерін трансляциялауға қызығушылық білдірді.

"Бұл Димаштың кубалық жанкүйерлерінің еңбегі. Олардың ұсынысымен елде кең таралатын "Radio Progreso" радиостанциясы "Juventud 2000" бағдарламасы арқылы алтын дауыс иесінің концертін эфирге қойып, ең үздік бағдарламалар рейтингі бойынша екінші орынды иеленді", – делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Польшада "Dimash" pадиосы жұмыс істей бастады

Айта кетейік, кубалық "Canal Clave" телеарнасы эфирге 2013 жылы шыға бастады. Телеарна музыкалық бағытты ұстанған. Кубалық және әлемдік деңгейдегі әншілердің бейнеклипі мен ән жазбаларын, концерттер мен өнер адамдамдары жөніндегі деректі фильмдерді көрсетеді. Тәулігіне 15 сағат эфирге шығатын "Canal Clave" арнасында қазір түрлі жанрдағы 22 бағдарлама бар.

Жаңалықтар
0