Әлем

Антиресейлік санкциялардың астарында не жатыр

CC0 / maxmann / Очки и газеты
Очки и газеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында The Washington Post басылымы Владимир Путин АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденнің беделін түсіруге бағытталған құпия операцияны "басқаратындығын" жазған

Бұл ақпарат әлдебір құпия орталық барлау басқармасы мәлімдемесіне сілтеме жасап берілген. Бір қызығы, мұндай тұжырым "ашық, құпиясыздандырылған және құпия барлау ақпараттары деректері" негізінде әзірленіпті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл баяндаманың алғашқы жолында: "Біз президент Владимир Путин мен Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің басым көпшілігі қараша айында АҚШ-та өтетін сайлау қарсаңында бұрынғы вице-президенттің беделін түсіруге бағытталған, Америка президентін қолдайтын және қоғамда алауыздық тудыратын ықпал ету операцияларын басқарады деп ойлаймыз", делінген.

Микрофоны во время переговоров по Сирии - Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың ресейлік үгіт-насихат әдісін "әшкерелеуінің" астары қандай?
Көптеген америкалық БАҚ осы баяндама мен өздерінің ішкі қауіпсіздік министрлігі әзірлеген есебінің ұқсастығына назар аударды. Ал бұл есепте "Ресей 2020 жылы өтетін сайлауды күрделендіру үшін америкалық кандидаттардың денсаулығының нашарлауына әсер етуі мүмкін" деген сипатта жазылған еді. Мұның астарында Ресей Байденнің денсаулығының нашарлауына "ықпал етті" деген ой жасырынғаны анық.

Жуырда 2020 жылғы сайлауалды кампанияның негізгі штаттарында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, сайлаушылардың 51 пайызы Трамптың президенттікке "ақыл-есі жарамайтынын" айтқан. Сайлаушылардың 52 пайызы Байден туралы да дәл осындай пікірде болған. Дегенмен, АҚШ президенттігіне үміткерлердің екеуінің де психикалық жағдайына күмән келтіретін көптеген америкалық сайлаушы пікірлерінің бір жерден шығуын "Ресейлік жалған ақпараттың" нәтижесі деп ойлау қаншалықты қисынды? Трамп пен Байденнің мінез-құлқы мен екіұшты мәлімдемелерінің бұған еш қатысы жоқ па? Әдеттегідей, неге бәріне ресейліктер кінәлі болуы мүмкін.

The Washington Post басылымының орталық барлау басқармасынан алып жариялаған баяндамасы – осыған ұқсас дүние. Ондағы "Путиннің АҚШ президенттігіне үміткердің беделін түсіру науқанын жеке өзі басқарады" деген жолдардан кейін, әңгіме танымал украин парламентарийі Андрей Деркачтың әрекеті туралы әңгімеге ойысады. Андрей Деркач Петр Порошенко мен Джо Байден арасындағы әңгімелердің аудиоүзінділерін үнемі жүктеп отыруымен танымал болған парламентарий. Алайда, оның "Путинмен байланысы" туралы ештеңе айтылмайды.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Деркач туралы екі аргументті (егер солай айтуға келсе) алға тартады. Біріншісі, тоқсаныншы жылдардың басында Деркач Мәскеудегі қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. Демек, ол "Кремльдің агенті" екен, екіншіден, ол ұсынған жазбалар шынайы емес, яғни "түзету енгізілген". Демократиялық бұқаралық ақпарат құралдары осыларды негізге ала отырып, Деркачқа қатысты дүниелерді одан әрі талқылаудан бас тартады. Тек, "Кремль агенті" Кремльдің өтініші бойынша "жалған ақпаратты" таратып жатыр деген пікірді ғана алға шығаруға тырысады. Ал бұл деректердің рас-өтірігін тексеруге тыйым салынады.

Производство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе Биннофарм - Sputnik Қазақстан
Әлем
Вакцина қаншалықты қауіпті: АҚШ жауап талап етіп отыр, ал Еуропа пайда көргісі келеді
Осыған байланысты Украинаның қауіпсіздік кеңесінің басшысы Валентин Налываиченконың 2014 жылдың шілдесінде, Донбасста малайзиялық "Боинг" ұшағы құлағаннан кейін өткізген баспасөз конференциясын мысалға келтіруге болады. Келесі күні ол ұсынған "таспалар" әлемдегі барлық ірі басылымның бірінші беттерінде жарияланды.

Бір қызығы, Налвайченконың мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Мәскеу барлау институтында оқығанын ешкім есіне де алмады. Тіпті, аудиожазбалардың түзетіліп қана қоймай, бұрмаланғаны да батысты алаңдатпады. Ал MH17-ді "Чернухино казактары" атып түсірді деген сипатта жарық көрген жалған мәліметтер сол кезде батыс журналистері үшін қалыпты дүние болып есептелді. Алайда, "Деркачтың таспалары" олардың сайлау науқаны алдындағы міндеттеріне мүлдем сәйкес келмейді екен. Сондықтан олар туралы кез-келген ақпарат қатаң цензурадан өтуі керек.

Оның үстіне ешкім Порошенко мен Байденнің дауыс жазбаларының шынайылығына күмән келтірмейді. Бірақ оларды талқылау немесе дәйексөз келтіру – өлімге пара-пар дүние.

Жақында АҚШ-тың медиа қауымдастығы бірнеше күн бұрын "Хантер Байден, Бурисма және сыбайлас жемқорлық" деген тақырыппен жарияланған сенаттың екі комитетінің баяндамасына дәл осындай көзқарас танытты. Ауқымды баяндамада америкалық шенеуніктердің АҚШ-тың жоғарғы басшылығына, оның ішінде вице-президент Джо Байден мен мемлекеттік хатшы Джон Керриге украиндық "Бурисма" газ компаниясының сыбайлас жемқорлық схемалары және вице-президенттің ұлы Хантер Байденнің осы фирмамен байланысы АҚШ үшін үлкен проблемалар туындатуы мүмкін екендігі жайлы ескертулері жазылған.

Егер Трамп өз балаларының сыбайластық жемқорлыққа қатысты әрекеттерін біліп, оған көз жұма қарайтын болса, тіпті соған өзі итермелесе, басылымдардың оған қарсы қалай өре түрегелетінін елестетудің өзі қиын. Бірақ сенаттың жаңағы баяндамасын америкалық БАҚ мүлдем елеген жоқ немесе "ресейлік жалған ақпарат беру кампаниясы" деген желеумен тағы да Ресейге итере салды. Бұл ретте осы баяндамаға да немқұрайлылық танытқан америкалық БАҚ АҚШ сенаторларын да "Кремльдің агенттері" деп есептей ме деген сауал туындайды. Бірақ аталған баяндамада расында да шенеуніктердің "Бурисманың" сыбайлас жемқорлыққа қатысы және онда кіші Байденнің қызмет етуі туралы жоғары жаққа жеткізген бұлтартпайтын фактілері мен айғақтары көрініс тапқан.

Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей елшілігі АҚШ мемлекеттік департаменттің баяндамасына қатысты пікір білдірді
Бұл баяндамаға жауап ретінде демократтар тез арада қарсы есебін дайындады, сол арқылы қарсыластардың айғақтары мен дәлелдерін жоққа шығаруға, өз ойларын тықпалауға, тіпті дәлелдеуге тырысты. Осылайша, демократтар өз қорытындысын шығарды. Ол жерде сенаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізуі "Ресейдің 2020 жылғы сайлауға жасаған шабуылын" қайта жаңғыртып отыр дегенге саяды. Демек, бұл жерде де Ресей кінәлі болып шықты.

Демек, олардың пайымынша, Ресей кіші Байденді Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан фирмадағы қызметке тағайындаған, "Бурисманың" былық-шылығын тергеп-тексеруге батылы барған бас прокурор Виктор Шокинді орнынан қалай түсіру қажеттігі турасында үлкен Байденге "нұсқау беріп отырған".

Міне, осындай "тұжырымдардан" кейін алдағы уақытта да демократтардың "Кремль агенттері" деп есептейтін Ақ үй мен сенаттағы азаматтардың әрбір іс-қимылына қарсы үндеу жариялайтынын алдын ала болжауға болады. Себебі, Ресейдің кінәсі тағы да "дәлелденуі" мүмкін.

Жаңалықтар
0