Әлем

Франция, АҚШ және Ресей Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бастама көтереді

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент Франции Эммануэль Макрон
Президент Франции Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Франция президенті Эммануэль Макрон Таяу Шығыстан Қарабаққа жүздеген содыр жіберіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон ЕҚЫҰ Минск тобының теңтөрағалары таяу уақытта Таулы Қарабақ бойынша бірқатар бастама көтеретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен Еуропалық кеңес мүшелеріне ЕҚЫҰ Минск тобының үш тең төрағаларының - АҚШ, Ресей және Францияның бірлескен коммюникесі туралы және біз Армениямен және Әзірбайжанмен белсенді мәмілеге көшеміз деп күтіп отырған бастамалар туралы есеп бердім", – деді Макрон Брюссельде өтіп жатқан ЕО саммиті аясында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар, Макрон сириялық содырлардың Әзербайжан аумағына жіберілуіне қатысты ақпаратпен бөлісті. 

"Мен біздің мәліметіміз бойынша, 300 содырдың Газиантеп (Түркия) арқылы Бакуге жету үшін Сириядан кеткенін растаймын", - деді Макрон.

Макронның айтуынша, Бакуге жіберілген содырлар Сирияның Алеппо аймағында жұмыс істейтін жиһадшылар тобының мүшелері екені анықталған. Сонымен қатар, тағы бір осындай топ Әзербайжанға баруға дайын.

Бұған дейін Макрон Франция барлау қызметінің Сириядан жіберілген жалдамалылардың Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарына қатысу үшін барғанын анықтағанын мәлімдеген еді.

Ресей қауіпсіздік кеңесі бұған дейін шетелдік қарулы содырлардың Қарабақ қақтығысына қатысуы "айрықша қауіпті" екенін атап өткен болатын.

Бейсенбіде Ресей, АҚШ және Франция басшыларын – ЕҚЫҰ-ның Қарабақ жөніндегі Минск тобының теңтөрағаларын Баку мен Ереванды қақтығыстарды тоқтатып, келіссөздерді алғышартсыз бастауға шақырды. ЕҚЫҰ Минск тобы Қарабақтағы зорлық-зомбылықты айыптады. 

Өз кезегінде Еуроодақ Таулы Қарабақтағы шиеленістің ушығуын дереу тоқтатып, келіссөздер үстеліне отыруға шақырды, деді Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель.

 

Жаңалықтар
0