Әлем

Дәрігер рактың алдын алудың қарапайым әдісін атады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуПациент, архивтегі сурет
Пациент, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Онкологтың айтуынша, созылмалы күйзеліс иммунитетті әлсіретіп, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Хирург-онколог Михаил Мяснянкин "Пятый каналға" берген сұқбатында қатерлі ісіктің неден пайда болатынын және одан арылудың қарапайым әдістерін атады.

Дәрігердің айтуынша, созылмалы күйзеліс иммундық жүйені әлсіретіп, рактың пайда болуына әкеп соғады.

"Иммунитеті төмен адамдарда қатерлі ісікке шалдығу қатері бар. Күйзелісті темекі, алкоголь, тойып тамақ ішу секілді жолдармен жеңуге болмайды. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыра түседі", - деп ескертті Мяснянкин.

Ол қауіпті аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, үнемі спортпен шұғылдануға және позитивті ойлауға кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Қазақтар шай ішуді әдетке айналдырмағанда ең дені сау ұлт болар еді – дәрігер

"Осының арқасында әр адам күйзелістен арыла алады", - деді маман.

Онколог, сонымен қатар, сүйікті іспен айналысуға кеңес берді.

Жаңалықтар
0