Әлем

БҰҰ Бас хатшысы Қырғызстандағы жағдайға түсініктеме берді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш
Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық ұйым өз мәлімдемесінде Қырғызстандағы жағдайды реттеуге делдал болуға дайын екенін білдірген

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Қырғызстандағы наразылық акциясына алаңдап, қырғыз халқын диалогқа шақырды. Бұл туралы оның БҰҰ жаңалықтар орталығының сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

Ол жерде БҰҰ қазіргі жағдайды реттеу бойынша күш-жігерді қолдауға дайын екендігін жеткізген.

"Антонио Гутерриш 4 қазандағы парламенттік сайлауға байланысты 5 қазанда наразылық акциялары басталған Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Қарсылық шарасы кезінде бір адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алды", - делінген БҰҰ Бас хатшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Бас хатшы адам қазасына қатты өкініш білдіріп, барлық іс-шараға қатысушыларды зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және барынша ұстамды болуға шақырған.

Оқи отырыңыз: БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?

Сонымен қатар, ол өз сөзінде БҰҰ жағдайды бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген күш-жігерді, атап айтқанда, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия аймақтық орталығы арқылы қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өткен.

Жаңалықтар
0