Әлем

Әрбір мемлекет басшысы сақ әрекет еткені үшін үнемі сынға ұшырайды

© Sputnik / Ирина Попова / Медиабанкке өтуАрхивное фото аэропорта Стамбула
Архивное фото аэропорта Стамбула - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Канада әскери бағытқа қолданылатын өнімдерді Түркияға экспорттауға рұқсат беретін тетіктерді тоқтатты

Бұл "Түркияда жасалған дрондар Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарында қолданылады" деген ақпаратпен байланысты болып отыр. Себебі, ол дрондар канадалық басқару датчиктерімен және лазерлік жүйелермен жабдықталған, деп жазады РИА Новости.  

Армянская армия уничтожает азербайджанские танки на линии соприкосновения Нагорно-Карабахской Республики - Sputnik Қазақстан
Әлем
Түркия Ресейді Қап тауы аймағынан ығыстырып шығара ала ма?
Өзінің қарсы мәлімдемесінде Түркия сыртқы істер министрлігі Оттаваны қос стандарты және "ынтымақтастық рухына" сәйкес келмейтін әрекеті үшін сынға алды. Сонымен қатар оны Канаданың осы позицияны алғаш рет ұстанып отырмағанын, бұл Түркия былтыр қазан айында Сирияның солтүстік-шығысында іске қосқан "Бейбітшілік қайнары" әскери операциясының басталуымен байланысты деп айыптады.

Бұл оқиға Анкараның сыртқы саясаттағы қарама-қайшылықтары мен қақтығыстарын толықтырды. Оларды басқаша сипаттау мүмкін емес. Себебі, мұндай көріністер Түркия президентінің өзінің барлық халықаралық серіктесімен тегіс кең ауқымды мәселелер бойынша жанжалдасуға бел буғандай әсер қалдырады.

Режеп Тайып Ердоған көз алдымызда түрік елдерінің ғана емес, бүкіл әлемдегі радикал-патриоттардың жақтасына айналып келеді. Ол радикал-патриоттардың "арманындағы" өз мақсатына жететін, тікелей әрекет ететін, кедергілерге назар аудармайтын және кез-келген мәселеде ең қатаң ресми позицияны ұстанатын ұлт көшбасшысын өзімен байланыстырып көрсеткісі келетіндей.

Қазіргідей заманда бұл бірегей жағдай екені сөзсіз. Оның үстіне біз Түркия сияқты көрнекті өңірлік держава туралы айтып отырмыз.

Әрбір мемлекет басшысы аса сақ әрекет еткені, жартылай және орынсыз ымыраға келуге әзірлігі, кедір-бұдырды тегістейтін қимылы, жалтарғаны және жеңілгені үшін үнемі сынға алынады. Осындай сөгістер Путинге, Трампқа және Сиге де бағытталып жатады. Бір қызығы, көбіне ұқсас айыптаулар екі жақтан да естіледі. Ангела Меркельдің өзін мұхит асып келген бұйрықтарды орындады және Кремльдің мүддесіне сай саясат жүргізді деп те айыптаған еді.

Бұл құбылыстың себептері айқын: мемлекет басшысы күрделі мәселе бойынша шешім қабылдаған кезде, көптеген фактор мен шектеуді ескеруге мәжбүр. Оның қабылдаған шешімі әртүрлі айыптаулардан бастап, ұлттық мүдделерге қарсы сатқындық мәселесіне де арқау болуы мүмкін.

Транспортно-пусковые установки зенитного ракетного комплекса С-400 Триумф - Sputnik Қазақстан
Түркия С-400 зымыран жүйесінің кезекті сынағын өткізіп жатыр
Міне, бұл ретте Түркия президенті бір уақытта қатар алып жүретін геосаяси ойындарының ауқымымен таңғалдырып келеді. Режеп Тайып Ердоған бұл ойындар аясында басқа қатысушы мемлекеттердің мүдделерін түбегейлі ескермеуімен, ал мұның соңы сөзсіз, жанжалға алып келуімен, кез келген сәтте әскери әдістерге жүгінемін деп қорқытып-үркітуімен ғана емес, оны шынымен де жасауға дайын екендігімен ерекшеленуде. Сирия, Ливия, гректермен шиеленісу, НАТО-мен (С-400 үшін) араздық және енді міне, Таулы Қарабақпен қақтығыс – осының айғағы.

Егер Армения-Әзербайжан мәселесін реттеуге қатысушы державалар өздерін қақтығыстан жоғары қоятын позицияны ұстанса, Түркия Бакуды қолдап қана қоймай, шиеленісті әскери жолмен шешуді талап етіп отыр. Бұл қазіргі саясат үшін ақылға сыймайтын дүние.

Жалпы алғанда, түрік лидері өз елінің неоосмандық ұлылығын қайта жаңғырту мақсатында көздеген дүниесіне бет қаратпай ұмтылып келеді. Бұл жолда біраз жетістіктерге жетті де. Расында мұндай мінез-құлықтың астарында өзіне тән "сүйкімділіктің" жасырынып жатқанын да мойындауымыз керек. Әсіресе, халықаралық аренада әдеттегідей жасырын ойындар, көрінбейтін келісімдер мен дипломатиялық текетірестер ауанында ол тіпті өзгеше көрінері анық.

Алайда бұл мемлекеттің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді тиімділігіне баға беру әлі де ерте. Оның үстіне, Анкараның әрбір жаңа қақтығысқа шырмалып отыруының соңы жақсылыққа алып келмеуі мүмкін. Өкінішке қарай, олай болу ықтималдығы күн өткен сайын артып келеді.

Соңғы жылдары елдің сыртқы қысымға қалай төтеп бере алатындығы туралы әртүрлі мысалдар келтірілуде. Бірақ бір фактор әрдайым өзгермей келеді: ол басқа геосаяси күштер тарапынан белгілі бір қолдауға (ол экономикалық ынтымақтастықты сақтау түрінде де болуы мүмкін) ие болу. Айтпақшы, бұл Венесуэла, Солтүстік Корея немесе Иран сияқты салыстырмалы түрде шектеулі мүмкіндіктері бар елдер үшін ғана маңызды емес. Бұл әлемдегі жетекші державаларға да қатысты. Автономды өмір сүруге ауадай қажет тұрақтылықтың ішкі орасан қоры бар Ресей үшін де Қытаймен 2014-2015 жылдары ынтымақтастықты дамыту батыспен қарсыласудың ең өткір кезеңінде оң ықпал етті.

Зенитная ракетная система С-400 - Sputnik Қазақстан
Түркия С-400 кешенін не үшін таңдады
Бұл тұрғыда Түркияның да еске алатын дүниелері бар. 2016 жылдың жазында әскери төңкеріс жасамақ болған әрекеті кезінде бұған АҚШ анық оң қабақ танытты. Ал Еуропа еш жасырынбастан бүлікшілдердің жеңіске жетуіне "жанкүйер" болды. Сол кезде Ресей билікті, түрік лидерінің өміріне маңызды ақпаратты уақытында ұсыну арқылы құтқарып қалған еді.

Бұл жерде мәселе Ердоғанның өзіне жасаған жақсылықты тез ұмытып кетуіне де тіреліп тұрған жоқ, себебі, үлкен саясатта мұндай сентименталды ойлар орынсыз болар еді.

Бұл жерде басқа нәрсе маңызды. Түркия президенті өткен оқиғаның басты сабағын елемей отыр. Ол қандай сабақ? Режеп Тайып Ердоған өз елінің соңғы уақытта қол жеткізген барлық сыртқы саяси жетістігі басқа державалардың – Ресей мен АҚШ-тың, АҚШ пен Еуропаның, Еуропаның өз ішінде болған қарама-қайшылыққа толы "ойындардың" нәтижесінде ғана мүмкін болғанын ұмытпауы керек.

Міне, осындай қарама-қайшылықтардың арқасында Анкара Сирияда да, Ливияда да айтарлықтай еркін маневр жасай алды. Оның маңында әрдайым белгілі бір күш болды. Ол күш Түркияның кезекті авантюрасын қолдамаса да, қарсы шықпайтынымен тиімді еді.

 Енді Түркия президенті өзінің күші мен сәттілігіне қатты сенгендіктен, әлемнің барлық мықты державасымен қарым-қатынасын аз уақыттың ішінде өзінің "жанкешті әрекеттерімен" және басқалардың мүдделерін түбегейлі ескермеуінен бұзып отыр.

Мұндай жағдайларда сәттілік қолдан сусып кетуі мүмкін. Бұған тәжірибе – дәлел. Оның үстіне, құлдырауға дұшпандардың ойлап тапқан арамза жоспарлары емес, көп жағдайда уақытында көмек қолын созбау себеп болып жатады.

Жаңалықтар
0