Павел Дуров

Миллиардер жас көрінгісі келетіндерге кеңес берді

257
(Жаңартылды 15:05 10.10.2020)
Павел Дуров жастарға ішімдік ішпеуге кеңес берді. Еттен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстану керек, деді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. "ВКонтакте" және Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров 36 жасқа толды. Ол неліктен жас көрінетінін айтты.

"Мен жас көрінетін көптеген адамдарға сауал қойдым. Олар не істейтінін айтып берді", - деді Дуров Telegram-да.

Бірінші кеңес - ішімдіктен бас тарту. Дуровтың айтуынша, алкоголь денсаулыққа зиян әрі қартаю процесін жылдамдатады.

Екіншіден, көп ұйықтау керек. Ұйқы кезінде күш жиналады. Жұмыс күндері қанбаған ұйқының нормасын демалыс күндері өтеу мүмкін емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavel Durov (@durov)

Үшінші ереже - көп тамақ жемеу.

"Адамдар артық салмақ салдарынан жасынан кәрі көрінеді. Сондай-ақ, түрлі дерттер пайда болады. Мен алты сағатта екі рет тамақтанамын. Күніне үш реттен артық тамақтану - жағымсыз әдет", - деп жазды Дуров.

Бұған қоса, спортпен шұғылдану керек екенін айтып отыр.

"Мен кардио жасаймын. Таза ауада қыдырып, велосипед теуіп, жүзумен айналысамын", - деді миллиардер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavel Durov (@durov)

Дуровтың айтуынша, стресске ұшырамауға тырысу керек. Еттен бас тартып, жалғыз тұрған жөн.

Программист өзі бұл ережелерді он жылдан бері ұстанып келеді.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. 2018 жылы Forbes нұсқасы бойынша долларлық миллиардерлер тізіміне енді. 2020 жылы оның қаражаты 3,4 миллиард доллар шамасында екені айтылды.

257
Тақырып бойынша
21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты
96 жасында тұрмыс құрды: Алматыда ерекше жұп некесін қидырды
Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді
Америкалықтар, Нью-Йорк қаласы

АҚШ азаматтары үгіт-насихат жетегінде емес, шынайы әлемде өмір сүреді

11
(Жаңартылды 13:40 23.10.2020)
Америкадағы сайлау мәре сызығына жақын қалды: Дональд Трамп пен Джо Байден теледебат аясында соңғы рет кездеседі

Сондай-ақ, бұл кездесу олардың өміріндегі соңғысы да болуы мүмкін. Себебі, АҚШ-та жағдайдың күрделенгені соншалық, бұл екі адамның қатар тұрғанын алдағы уақытта елестету өте қиын, деп жазады РИА Новости.

Егер таңғажайып оқиға болып, сайлауда Байден жеңіске жетсе де, Трамп дауыс беру нәтижелерін мойындамауы немесе ең болмаса, барлық дәстүрді бұза отырып, инаугурация рәсіміне келмей қалуы мүмкін. Ал Байден Трамптың инаугурациясына сөзсіз, ешқашан бармайды. Сондықтан олар осы кездесуде өздерінің не қалайтынын бір-біріне айтудың соңғы мүмкіндігіне ие болады.

Трамп Байденді қылмыстық топтың басшысы деп атайды және Джоны (ұлы Хантермен бірге) түрмеге жабуды талап етеді. Джо түрмеге қамалмайды, бірақ ол сайлауда жеңіліс тапса, БАҚ оның түбіне "қазан тосынсыйы" жетті деуі мүмкін. Себебі, жақында БАҚ-та Хантердің компьютерінің қатқыл дискісінен бұрынғы вице-президенттің өтірігі мен жемқорлығын әшкерелейтін айғақ-дәлелдер жарияланған болатын. Бірақ Байден бұл айғақтарсыз-ақ ұтылған болар еді, себебі сайлауда Трамптың қалай да жеңіске жететіні көрініп тұр. Бірақ бұл қалай болады? Жүргізілген сауалнамалар Байденнің үлкен артықшылығын көрсетіп отыр емес пе? Ал мұны ойдан шығаруға бола ма?

Болады. Себебі тәуекелдер бұрынғыдан да жоғары. "Мен Байденге ғана емес, солшыл БАҚ пен үлкен технологиялық алпауыттарға ("Фейсбук", "Твиттер", "Гугл") және "Вашингтон батпағына" қарсы тұрамын", - деп мәлімдеді жақында Трамп.

Шынымен де, Байденнің отбасына қатысты жарияланған айғақ-дәлелдерге қатысты "Фейсбук", "Твиттер", "Гугл"-дің реакциясынан осыны аңғаруға болады. Олар "Нью-Йорк пост"-тағы жарияланымды бұғаттауға тырысты. "Гугл"-ден іздегенде бұл туралы ақпарат мүлдем шықпады. Ал "Фейсбук" пен "Твиттер" аталған жарияланымның сілтемесімен бөлісуге мүмкіндік бермеді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жанжалды ақпаратты байқамауға тырысса, саясаткерлердің басым көпшілігі айтарлықтай ештеңе болған жоқ деген сыңай танытты. Яғни, жоғарыда айтылған "үш күштің" әрекеті Трамп сөзінің дұрыстығын растап отыр. Бірақ бұл жерде де Ресейге қарсы айып тағыла бастады. Оның астарында Мәскеу Байденге қатысты айғақ-дәделдерді жинау арқылы америкалық сайлауға араласқысы келеді деген ой жатқаны анық. 

Мұны тек комментаторлар мен конгрессмендер ғана емес, барлау қызметкерлері де талқылады. Мәселен, АҚШ-тың ұлттық барлау директоры Джон Рэтклифф Байденнің ноутбугындағы ақпарат "қандай да бір ресейлік жалған ақпарат кампаниясының бөлігі болып саналмайды" деп мәлімдеді. Бірақ бұрынғы барлау қызметінің елу офицері жазған ашық хатта Ресей үкіметі бұл жағдайда маңызды рөл ойнады деп күдіктенуге еріксіз мәжбүр болып отырғанын атап өтті.

"АҚШ-тың саяси сахнасында осы елдің вице-президентінің ұлы Байден Хантерге тиесілі электронды поштаның пайда болуында ресейлік ақпараттық науқанның барлық классикалық белгілері байқалды. Ондағы ақпараттың көпшілігі Байден Хантер Украинаның Burisma газ компаниясының басшылығында жұмыс істеген кезге тиесілі", - деді.

Бұл жерде олар Ресейді Байденге қарсы ойдан шығарылған жалған айғақтар жасады деп айыптамайды. Бірақ ара-тұра мұндай пікірлерді де естуге болады. Антиресейлік үгіт-насихат құралдарының пікірінше, Ресей оны жай ғана таратқан. Бірақ Руди Джулианидің айтуынша (Трамптың адвокаты және Нью-Йорктің бұрынғы мэрі), Хантер Байденнің компьютеріндегі қатқыл дисктің ішіндегі дүниелер жеті ай бұрын федералды тергеу бюросының қолына түссе, оны қалай таратуға болады? Сонда Мәскеу бұл материалдарды "қазан тосынсыйы" ретінде дайындап, құпия ұстаған ба, әлде оны Трамптың штабы және оның кеңесшілері, соның ішінде сол Джулианидің өзі жасаған ба? Себебі, Америка қоғамында "Джулиани Путинге жұмыс істейді" деген сипаттағы пікірлер кездесіп қалады. Мәселен, сенатор Крис Мерфи осы туралы:

"Бұл жолы орыстар америкалық азаматтарды өздерінің тыңшылары ретінде дайындауды ұйғарды. Олар өз насихаттарын негізгі бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға тырысуда және оған қол жеткізді. Білесіз бе, Руди Джулиани қазір іс жүзінде Ресей тыңшысы", - дейді.

Әрине, егер олардың пайымынша, Трамптың өзі Кремльде жұмыс істейтін болса, онда оның қызметкерлері мен серіктестері туралы не айтуға болады? Бұл сөзсіз езу тартқызады. Себебі, қазіргі жағдайды дұрыс бағалай алмау, ресейліктерді америкалықтардың ісіне араласты деп айыптау, Байден отбасына қатысты айғақтарды жіберу туралы оқиға Трамптың сайлауда жеңетінін қазірдің өзінде байқатып тұр. Ал Трамптың қарсыластары ойдан шығарылған басқа әлемде өмір сүреді.

Бірақ шынайы өмірде біз басқа нәрсені – бүкіл ел бойынша Трамп өткізген шексіз митингі мен оның қолдаушыларының көптігін, ал Байденнің аз жақтастарымен бірге өткізетін бірен-саран кездесуі мен оның ынта-жігерінің жоқтығын, Трампқа аз этнос өкілдер, мұсылмандар тарапынан қолдаудың артқанын, Трамптың "ресейлік байланыстары" туралы дәлелдердің болмауын және Байден отбасының сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанын айғақтайтын жаңа дәлелдердің табылуын байқап отырмыз. Жалпы, америкалықтар өздерінің саяси элитасынан бұрыннан бері көңілі қалған. Сондықтан Трампқа балама боларлықтай тұлға – ол сенатор Сандерс. Бірақ "Байден ұжымы" оны жүйесіздігіне бола, сайлауға жібермеді.

Қарапайым америкалықтар үгіт-насихат емес, шынайы әлемде өмір сүреді. Сондықтан 3 қарашада өтетін сайлаудың нәтижесі алдын ала айқын.

11
Кілт сөздер:
сайлау, АҚШ
Сапар Исақов

Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды

842
(Жаңартылды 11:20 23.10.2020)
Бұған дейін желіде бұрынғы үкімет басшысы Қырғызстаннан шығып, Францияға кетті деген ақпарат пайда болған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исақов пен Бішкектің бұрынғы мэрі Албек Ибраимовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның үкімдерді орындау жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оларға берілген демалыстың мерзімі 13 қазанда біткен. Сол күні жазаларын одан әрі өтеу үшін колонияға оралуы тиіс болған.

"Менде Бішкектің бұрынғы мэрі Албек Ибраимов пен бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовтың қай жерде екендігі туралы ақпарат жоқ. Исақов қандай да бір елден саяси баспана сұрады ма, жоқ па... Ол жағы да белгісіз. Уәкілетті мемлекеттік органдар іздеу жариялады, олардың орналасқан жері тексеріліп жатыр. Оның шекарадан өткені туралы да бізде ақпарат жоқ", – деді премьер-министрдің орынбасары Мақсат Мамытқанов.

Ал интернетте Исақов Францияда жүр деген болжам айтылған ақпарат пайда болды.

Қырғызстанның үкімдерді орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабы негізінде 6 қазанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен шығуға рұқсат етілген адамдарды жазаларын өтеп жатқан жерлеріне қайтуға шақырды.

Сонымен қатар, демалыс беру шарттарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұрынғы премьер не үшін сотталды

Сапар Исақовқа 2018 жылдың 29 мамырында сыбайлас жемқорлық айыбы тағылды. Ал 5 маусымда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық тергеу аясында ұстады.

2019 жылдың 6 желтоқсанында Свердлов аудандық сотының шешімімен оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 15 жылға сотталды.

Исақов дипломатиялық дәрежесінен, II дәрежелі "Манас" орденінен және үш жыл мерзімге мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда тағы бір бұрынғы премьер-министр ұсталды

2020 жылы 6 қазанда Қырғызстандағы наразылық акциялары кезінде Исақов экс-президент Алмазбек Атамбаевпен және басқа да сотталған бірқатар саясаткерлермен бірге ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан босатылды.

Исақов үйленген, төрт қыз және екі ұлдың әкесі.

842
Кілт сөздер:
шенеунік, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында не болып жатыр – ресми түсініктеме
Қырғызстандағы ахуал: Мәсімов Суваналиевпен жағдайды талқылады
"Қызметтен кетуге дайынмын": Қырғызстан президенті өз шарттарын атады
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
кредит

Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар ҰКП төрағасы

1
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 41%-і ауылды жерлерде тұрып жатыр

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда ауылдық жердегі әр отбасыда 900 мың теңге кредит бар. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы үкіметтің қолдауымен барлық ауыл орталығында скрининг жүргізілді. Оған 2 миллионнан астам үй шаруашылығы қатысты. Соның 42%-і ғана тұрақты табысы бар екенін көрсетіп отыр. Орта есеппен әр үйдің табысы – 81 мың теңге, әр адам басына шаққанда 23 мың теңгеден келеді. Әр отбасының мойнында орта есеппен 900 мың теңге кредит бар", - деді Мырзахметов сенатта ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған парламенттік тыңдау барысында.

Айтуынша, ауылдағы мәселелерді шешу бойынша 2004 жылдан бастап алты бағдарлама қабылданған.

"Ол моноқалаларды, ауыл шаруашылығы аймағын дамытуға бағытталды. Оған 2 триллионға жуық қомақты ақша бөлінген. Әрине, жетістік жоқ деп айта алмаймыз. Көп мәселе шешілді. Бірақ ауылдың жағдайы әлі де әртүрлі болып отыр. Осындай қаражат салынғанына қарамастан қазіргі үлкен қалалар мен ауыл шаруашылығы дамыған облыстардың арасы өте алшақ болып отыр", - деді Мырзахметов 

Мысал ретінде Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының экономикасын салыстырды. Айтуынша, екі аймақтың жалпы экономикасының арасы – 11  есе.

"Қазақстан халқының 41%-і ауылда тұрады. 6 300-ден астам ауылды мекен орталықтары бар. Соңғы бес жыл ішінде ықшамдау саясатының арқасында 300-ден астам ауылдық мекеме қысқартылыпты", - деді ол.

Сонымен қатар Мырзахметов кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Бастау" жобасы аясында атқарылған істерге тоқталды.

"Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда "Бастау" жобасын іске асырып отырмыз. Жұмыссыз немесе өзін асырайтын 150 мыңға жуық азамат оқытылды. Ішінде 40 мыңға жуық азамат өз кәсібін ашты. Олардың 93%-і қазір салығын төлеп отыр", - деді кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

Айтуынша, бүгінде барлық аудан орталығында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар ауыл экономикасының жалпы экономикаға әсер ететінін айтқан Мырзахметов ең алдымен бюджет мәселесін шешуді ұсынды.

Мысал ретінде ауыл шаруашылығы дамыған Ақмола облысының бюджетін көрсетті.

"Ақмола облысы бюджетінің 67%-і – әлеуметтік дамуға, экономикалық дамуға 13%-і, 10%-і – инфрақұрылымдық дамуға бөлінген. Яғни, экономиканың дамуына он процент қана қаражат бөлініп отыр. Сондықтан бюджет саясатын нақты өзгертуіміз керек ", - деді ол.

Қорыта келе, ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы ауылдың жер ресурсын тиімді пайдалану қажет екенін айтты. Әр ауыл өз шикізатын өндіруге мамандандырылуы керек. Сондай-ақ, ауылда өндірілеген затты сатуға мүмкіндік жасауды ұсынды.

1
Кілт сөздер:
кредит, ауыл