Әлем

Кашалоттың құсығын тауып алған балықшы ойламаған жерден байып кетті

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуЛовля рыбы
Ловля рыбы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балықшы тапқан қара тастың өте сирек кездесетін зат – амбра екені анықталды. Балауыз іспеттес нәрсе кашалоттардың асқорыту жүйесінде қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Тайванға қарасты Ланьюй аралының тұрғыны жағажайда кашалоттың қатып қалған құсығын тауып алды. Төрт келілік амбраның нарықтық бағасы 200 мың доллардан асады, деп хабарлады Taiwan News.  

Ли есімді балықшы наурыз айында үйіне жақын жерде балық аулап жүріп, жағажайда жатқан қара тасты байқаған. Ол қандай олжаға тап болғанын білмеген. Бірақ тастан тәтті иіс шығып тұрғандықтан оны үйіне алып кетіпті. Ал досымен ақылдасқаннан кейін құпия тастың бір бөлшегін Гаосюн ұлттық университетіне жібереді.

Оқи отырыңыз: Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтпек болған ер адам күтпеген олжаға кенелді  

7 қазанда биология ғылымдарының доценті Чэн Ши-Ие балықшы тапқан қара тастың өте сирек кездесетін зат екенін растады. Бұл – амбра. Балауыз іспеттес нәрсе кашалоттардың асқорыту жүйесінде қалыптасады. Оны "кашалоттың құсығы" немесе "қалқыма алтын" деп атайды.

Бүгінде амбраны көбінесе парфюмерия саласында иістің фиксаторы ретінде кеңінен қолданады. Соның негізінде қымбат әтірлер жасалады.

Бүгінде амбраның бір келісі нарықта 50 000 доллар тұрады. Ал Ли тауып алған төрт келілік "кашалоттың құсығы" шамамен 210 000 долларға (89,5 миллион теңге) бағаланады. Балықшы ол ақшаны отбасына жұмсауды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0