Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатқан зертхана қызметкері

Вакцина –  Трамптың сайлауалды науқанының маңызды бөлігі

31
АҚШ-тың Ұлттық қарсы барлау және қауіпсіздік орталығының (NCSC) директоры Уильям Эванин демалыс күндері Ресей, Қытай және Иранды Американың COVID-19-ға қарсы вакцинаны алуына жол бермеуге тырысты деп айыптады

Америкалық қарсы барлау офицерінің мәлімдемесі Дональд Трамптың АҚШ-та коронавирус инфекциясына қарсы вакцина президенттік сайлаудан кейін ғана пайда болатынын мойындаған мәлімдемесімен бір мезгілде шықты.

Алайда ол мұны сыртқы саяси бәсекелестердің қулық-сұмдығымен емес, кейбір ішкі саяси қарама-қайшылықтармен байланыстырып түсіндірді. "Менің ойымша бұл (вакцина - ред.) сайлауға дейін болуы керек, бірақ оған саясат араласып жатыр. Жарайды. Олар өз ойынын ойнағысы келеді. Вакцина сайлаудан кейін бірден болады", - деді ол.

Өтемақы ретінде президент америкалықтарға COVID-19-ды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді тегін беруге уәде етті, ол бұл препараттарды вируспен ауырған кезде қабылдаған. Көптеген азаматтың қалтасы көтере бермейтін АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесі үшін бұл өте қуатты бастама.

Соған қарамастан, Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесін шынымен де PR түріндегі өтемақы ретінде қабылдауға болады, өйткені вакцина тақырыбы және оның сайлауға дейін пайда болуы Трамптың сайлауалды кампаниясының маңызды бөлігі болған еді.

Ақ үй препаратты әзірлеу үшін он екі миллиард долларға жуық қаражат бөлді, ол тиісті бейіні бар отандық және шетелдік ұйымдар арасында таратылған. Мысалы, америкалық биотехнологиялық Novavax компаниясы 1,6 миллиард доллар болатын қаржыға қол жеткізді.

Алайда, АҚШ әкімшілігі (және жалғыз ол ғана емес) британдық-шведтік AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті бірлесіп жүзеге асыра бастаған әзірленімдерге үміт артты. Бірақ, үлкен үміт ақталмай қалды, себебі жасалған препараттың қауіпсіздігіне қатысты күрделі сауалдар туындай бастады.

АҚШ-тың фармацевтикаға қатысты дүниелерінің  барлығы Ресей үшін ең алдымен, бізге қаншалықты деңгейде қатысы бар екеніне байланысты қызығушылық туғызып отыр. Өздеріңіз білетіндей, жаздан бастап АҚШ, Ұлыбритания және Канада өздерінде жасалып жатқан вакциналар туралы ақпаратты ұрлау мақсатында Мәскеуді кибершабуылшы ретінде айыптады. Енді Эваниннің мәлімдемесіне қарағанда, тұжырымдама өзгерген және онда жүріп жатқан жұмыстың сәтті жүргізілуіне Ресейдің арнайы қызметтері диверсиясының кедергі келтіріп отырғаны алдыңғы орынға шыққан.

Жалпы алғанда, ресейліктерде ешқандай вакцина жоқ болуы мүмкін. Бұл туралы да NCSC директоры айтты. Сондықтан, ол өз  басшылығының жүйке жасушаларын сақтау үшін америкалық қарсы барлау қызметіне бірнеше күннен кейін Ресейде екінші препарат тіркелетінін, оны "Вектор" орталығы ұсынып отырғанын хабарламаған дұрыс болар.  

Алайда, аталған оқиғаға ғаламдық тұрғыда көз салсаңыз, бұл Вашингтонның  өзінің кез-келген сәтсіздігіне Мәскеуді кінәлап шығатын әдетінен анағұрлым тағылымды көрінеді.

Вакциналардың әлемдік жарысында жеңіске жету Вашингтон үшін Дональд Трамптың сайлауалды науқанының бір бөлігі ретінде ғана емес, АҚШ-тың дүниежүзіндегі мызғымас гегемониясының символы ретінде де маңызға ие болды. Бұған дәлел – Американың әлемдегі ең дамыған, технологиялық және ғылыми тұрғыда ілгері кеткен, мүмкіндігі орасан, барлық сала бойынша қуатты ел болып қалуы. 

Қаржы факторы дәстүрлі түрде АҚШ-тың әлемдік көшбасшы ретіндегі мәртебесінде маңызды рөл атқарды. Оның күні бүгінге дейін әлемнің баспа машинасына иелік етуі оның үстемдігіне негіз болатын тетіктердің бірі болып саналады.

Вашингтонның бүкіл әлемдегі компанияларға вакцина әзірлеу үшін айрықша жомарттықпен жұмсаған қаржысы одан екі, үш, тіпті он есе көп болуы мүмкін еді. Ақыр соңында, америкалықтар оған шынымен де қол жеткізе алуы мүмкін.

Бір жағынан, бұл айтарлықтай әсерлі, бірақ екінші жағынан, бұл сәтсіздіктің ауқымын ғана көрсетеді. Себебі, мұндай жағдайда, 50 доллар да, тіпті 100 миллиард доллар да ештеңені өзгертпейтін еді: кейбір мәселелерді тек ақшаның көмегімен шешу мүмкін емес.

Соңғы жылдары АҚШ өзінің әлемдік үстемдігін қамтамасыз ететін үйреншікті құралдардың үнемі сәтсіздікке ұшырай бастағанына көз жеткізіп келеді. Америкалықтар өздері басқарып үйреніп қалған сыртқы саяси кіші серіктестер мен халықаралық ұйымдар бақылаудан шығып кетті. Дамыған технологиялар қажетсіз технологиялармен жұмыс істеу тиімділігін жоғалта бастады, оларға түрлі түсті революцияларды жатқызуға болады.

Енді  міне, келесі қоңырау, егер дабыл қағылмаса, доллар да құдіретті емес екенін еске салып отыр.

31
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

32
(Жаңартылды 09:33 21.10.2020)
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деп Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деп бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

32
ту

"Тым болмағанда тырысып көру қажет": СНВ-3-ті ұзарту туралы сарапшы пікір білдірді

20
Кремль АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқартуға (СНВ-3) қатысты мәлімдемесіне түсініктеме бере келе, Вашингтонмен стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланысы жалғаса беретінін жеткізді

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы Константин Блохин кіммен келіссөздер жүргізу оңай болатынын айтты.

Мәскеу Вашингтонмен арадағы стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланыс америкалық тараптың Ресей президенті Владимир Путиннің СНВ-3-ті бір жылға ұзарту туралы ұсынысынан бас тартқанына қарамастан жалғасады деп үміттенеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Ақ үй Путиннің қазіргі келісімшартты бір жылға алғышартсыз ұзарту туралы ұсынысынан бас тартатынын мәлімдеген еді.

"Біз америкалық тараппен байланыс кез-келген жағдайда жалғасады деген үміттеміз. Жалпы алғанда, әрине, президент айтқандай, келісімшарттың ұзартылуы уақытты ұта тұруға, қару-жарақты бақылау бойынша маңызды және байыпты келіссөздерге қажетті 12 айға қол жеткізуге мүмкіндік беретін еді", - деді Песков.

Ол сондай-ақ, бүкіл әлемді осы "жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізін қалаушы тастан" айырудың кері салдары орасан болатынын атап өтті.

"Сондықтан, әрине, біз америкалық серіктестерімізден бұл құжатты ұзартуға дайын екендігін естігіміз келеді", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай нәтиже байқалмайды. Алайда, бұл жағдай "байланыстарды толығымен тоқтату керек" дегенді білдірмейді.

Sputnik радиосының эфирінде РҒА-ның қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, саясаттанушы Константин Блохин келісімшарттың тағдыры көп жағдайда, АҚШ-тағы президент сайлауында кімнің жеңіске жететініне байланысты болатынын айтты.

"Республикалық партияның төрағасы Дональд Трамп, біріншіден, Қытайды жек көреді және СНВ-3-ті Қытаймен байланыстырады. Екіншіден, республикалық партия дәстүрлі түрде қару-жараққа бақылауды жоюға тырысып отыр. Бұл жерде кіші Джордж Буштың әкімшілігі кезінде америкалықтардың зымыранға қарсы қорғаныс келісімшартынан шыққанын еске түсіруге болады. Трамптың өзі аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шарттан және "Ашық аспан" келісімшартынан шықты. Егер ол сайлауда жеңіске жетсе, СНВ-3-тен шығу ықтималдығы өте жоғары", - деп есептейді Блохин.

Егер демократтардың өкілі Джо Байден жеңіске жетсе, онда америкалықтың айтуынша, келісімді ұзарту мүмкіндігі бар.

"Демократиялық партия әдеттегідей ресейліктермен стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөздер жүргізуді қолдайды. Естеріңізге сала кетейін, Барак Обаманың әкімшілігі Дмитрий Медведевпен бірге қазіргі келісімшартты ұзартқан еді. Алайда, кім жеңсе де, бірнеше айда жаңа келісімшартты жасау мүмкін емес. Сондықтан, бір жыл ішінде жаңа келісімшартты жасау үшін, ең болмағанда, қазіргі келісімшартты ұзартуға тырысу қажет. Бұл идея анағұрлым қызықты көрінеді", - деп атап өтті ол.

СНВ-3 – Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы қазіргі қолданыстағы жалғыз келісімшарт. Бұл келісімнің мерзімі 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады, ал егер оны ұзартпаса, әлемде ең ірі ядролық державалардың арсеналын шектейтін құралдар қалмайды.

Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы келесімшарт 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді. Онда әр тараптың өз ядролық арсеналдарын қысқартуы қарастырылған. Сонда жеті жыл ішінде және одан кейінгі жылдары қару-жарақтың жалпы саны 700 құрлықаралық баллистикалық зымыраннан, суасты қайықтарындағы баллистикалық зымыраннан және ауыр бомбалаушыдан, сондай-ақ, 1550 оқтұмсықтан және 800 ұшыру қондырғыларынан аспайтын болады.

20
Ақша, теңге

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 

3
(Жаңартылды 16:21 21.10.2020)
Халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады. Желтоқсанда үгіт-насихит басталады. Ал келесі жылы 10 қаңтарда сайлау өтеді. Сондықтан шығындардың басым бөлігі осы жылға жоспарланған. 

"2020 жылға үкіметке ұсынылған шығындардың сметасы 10,8 миллиард теңгені құрайды. Осы қаржының басым бөлігі  10 061 сайлау комиссиясында жұмыс істейтін 70 681 адамның еңбекақысына жұмсалады. Ол, шамамен, 7,3 миллиард теңге, яғни, жалпы шығындардың 68 проценті", - деді Мұстафина ОСК-ның бүгінгі отырысында. 

Оның айтуынша, қалған 3,5 миллиард теңге (32% ) бюллетеньдерді шығаруға, полиграфиялық қызметтерге, ақпараттық жұмысқа және сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шараларына жұмсалады. Карантиндік ережелер де сақталады. Сондықтан комиссия мүшелеріне жеке қорғаныс құралдары таратылады. Оған 341,4 миллион теңге бөлінеді. 

"Ал келесі жылдың шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда қарастырылған. Оның көлемі - 4,5 миллиард теңге. Осы қаржының барлығы дерлік сайлау комиссияларының мүшелері алатын жалақыға жұмсалады. Осылайша, жалпы парламент мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасы 15,3 миллиард теңгені құрайды", - деп атап көрсетті Мұстафина.

3
Кілт сөздер:
қаржыландыру, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Мәжіліс депутаты қайтыс болды
Мәжіліс сайлауының тарихы
"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты
Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады
Мәжіліс сайлауы қалай өтеді – орталық комиссия тәртібін жариялады