Сооронбай Жээнбеков

Қырғызстан президенті қашан отставкаға кетеді

92
(Жаңартылды 10:31 15.10.2020)
Қырғызстанның жаңа тағайындалған премьер-министрі Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуін талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жаңа парламенттік сайлау өткізген соң және елдің жаңа президентін сайлау туралы жариялағаннан кейін отставкаға кетеді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Жээнбеков сәрсенбі күні Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаровпен кездесті.

Ал кешке қарай Жапаров Жээнбековтің отставкаға кетуін талап еткені туралы ақпарат тарады.

"Сооронбай Жээнбеков өзінің президенттік қызметінен кетуге құқығы жоқ екенін тағы бір рет атап өтті. Өйткені бұл мемлекетке зиян келтіріп, болжанбайтын даму сценарийіне әкеледі", – деді Стамалиева.

Сонымен қатар, Жээнбеков өзінің 9 қазанда айтқан пікірді ұстанатынын еске салған. Ол кезде президенттің отставкасы республикадағы саяси ахуал құқықтық алаңға оралғаннан кейін ғана мүмкін болатынын мәлімдеген.

Үш күнде отставкаға кетемін деген жоқ

Толгонай Стамалиева Жээнбековтің үш күнде отставкаға кететіні туралы мүлдем сөз қозғалмағанын атап өтті.

Алайда премьер-министр Садыр Жапаровтың баспасөз мәслихатында "президент үш күнде отставкаға кететінін айтқанымен, одан бері 10 күн өтсе де қызметінен кетпеді" деген сөзі БАҚ беттерінде жарияланды.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде президент Сооронбай Жээнбеков үш күн ішінде отставкаға кетемін деп уәде берді деген қауесет тарап жатыр. Иә, президент отставкаға кететінін мәлімдеді, бірақ біз Садыр Жапаров пен оның жақтастары айтып жатқан қай үш күн екенін түсінген жоқпыз. Президенттің отствакаға кететіні туралы ақпаратта олай жазылмаған", – деді Стамалиева.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Жээнбеков мәлімдеме жасады – видео

Айта кетейік, президенттің отставкасы туралы келіссөзге Садыр Жапаровпен бірге депутаттар Талант Мамытов, Құрманқұл Зулушев және Камчыбек Ташиев қатысқан. Олар Жээнбеков отставкаға кетуі керек деген пікірде. 

Ал Жээнбековтің атынан оның кеңесші Мұрат Шайымқұлов, президент әкімшілігінің жетекшісі Досалы Есеналиев, сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов және баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева қатысқан.

92
Кілт сөздер:
отставка, Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Енді қазақ-қырғыз шекарасында балалардың туу туралы куәлігі сұралмайды
ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді
Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін қайтадан енгізуге мәжбүр болды
Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты
Мұнай өндіру, иллюстративті фото

Мұнай алыптары тақтатас өндірісін құтқарып жатыр соңы не болады

19
АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қазіргі жағдайы мен соған қатысты болжамдар әлі де өзекті тақырып болып отыр

Өндірістің көп бөлігі тақтатас мұнайына қатысты, ал ол инерция, компаниялардың қаржылық жағдайымен бірге әлемдік мұнай нарығының теңгергіші болып табылады, деп жазады РИА Новости.

Американың энергетика министрлігінің апта сайынғы есептерінде өндіріс көлемі айқын көрініп тұр. Наурыз айында тәулігіне 13 миллион баррельден 10,5 миллион баррельге дейін күрт төмендеу болды. Яғни, 20%-ке төмендеді. Ал одан кейін дауыл маусымында бұл көрсеткіш айтарлықтай ауытқыды. Бұл статистика тақтатас және құрлықтағы, Мексика шығанағындағы теңіз өндірісіне де қатысты. Ресми сандар бойынша АҚШ-тың жалпы өндірісі тәулігіне он миллион баррельден де төмен, бірақ апталық деректер өзгеріп отырады. Сондықтан олар жалпы тенденцияны көрсетеді.

Әрі қарай не болады? Өндірістің дәстүрлі озыңқы индикаторы жұмыс істеп тұрған бұрғылау қондырғылардың санына да тікелей байланысты. Осы жерде наурыз оқиғаларынан кейін оның 682-ден 172-ге дейін түскенін байқауға болады. Содан кейін қазірге дейін 205-ке дейін қалпына келді. Бұрғылау үш есе төмендеді, ал өндіріс 20%-ке азайды.

Өндіріске әсер ететін маңызды фактор – қазірдің өзінде бұрғыланған, бірақ гидравликалық сынақ жүргізіліп, аяқталмаған ұңғымалар. Қазір ондай 7,7 мың данасы бар, бұл – айтарлықтай ірі көлем. Егер ол жерде гидравикалық сынау жүргізілсе, жаңа бұрғылау төмен болғанына қарамастан, ұзақ уақыт бойы өндірісті ұстап тұра алады. Өткен жылы аяқталмаған ұңғымалардың көлемі айтарлықтай өзгерген жоқ. Яғни, мұндай ұңғымаларды енгізу бұрғылау санының бірнеше есе төмендеуі аясында бұрын өндірісті қолдады деп айтуға келмейді. Қазір аяқталмаған ұңғымалардың саны аздап төмендей бастады, ең бастысы, Американың энергетика министрлігі өзінің соңғы болжамында аз бұрғылау қондырғысымен өндірісті қолдау резервін құратынын айтты. Қарашада бұл шолу АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің төмендейтінін болжап отыр.

Бір сөзбен айтқанда, тақтатас істерінде айқын емес тұстар көп. Соның нәтижесінде ұйымдардың болжамы жан-жаққа таралады. Жалпы өндірістің тәулігіне 11,5-12 миллионға дейін өсуі 2021 жылдың ортасына қарай он миллион баррельге дейін жетеді.

Сонымен қатар тақтатас компанияларының белгілі қаржылық қиындықтары да осыған байланысты туындайды. Шығындарды үнемдеу үшін бұрғылау көлемі азаяды, демек өндіріс аз болады. Оның салдары қаржыға да әсер етеді. Қазірдің өзінде банкрот болып жатқан шағын компаниялар бар.

Дағдарысқа дейін АҚШ-тың екі ірі мұнай-газ компаниясы ExxonMobil және Chevron қазірдің өзінде тақтатас өндірісіне қаржы салып, тіпті жасырын жарыс ұйымдастырды. Нәтижесінде, осындай жағдайда ірі компаниялар тақтатас өндірушілердің қарыздарын немесе тіпті банкрот болуына байланысты сатып алады деген пікір пайда болды.

Мұндай жағдай қазірдің өзінде болып жатыр. Жақында ғана ConocoPhillips Concho Resources тақтатас өндірушіні 9,7 миллиард долларға сатып алғанын жариялады. Осылайша, тағы бір америкалық мұнай алыбы бір уақытта үлкен тақтатас өндірісіне айналады. Сатып алу ақша түрінде емес, акциялармен алмасу түрінде болды.

Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Компаниялар көлемді экономикалық ұтысты күтеді, жақын орналасқан өндіріс орындарын иемденеді. Соның арқасында алып компаниялар қарыздық жүкте мәселесін екінші орынға ығыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ірі компаниялар қарызды қайта қаржыландыру үшін едәуір арзан несие ала алады.

Бір сөзбен айтқанда, бәрі жыл басында ойлағандай болады. Яғни, барлығы трансұлттық компания есебінен өмір сүреді. Ал пандемия бұл процессті жылдамдатуға атсалысты. Алайда мұнай саласындағы дағдарыстың басқа да салдарын ұмытпаған жөн: тақтатас өндірушілерін өзінің құрамына кіргізген компаниялардың қаржылық тұрақтылығы төмендеді.

Оған ExxonMobil компаниясы мысал бола алады. Жыл басында компания акцияларының баға белгіленімдері қазіргі кезге қарағанда екі есе жоғары болды. Сондай-ақ, тоқсандық дивидендтерді төмендетпеді. Енді қазіргі баға белгілеулерге тоқсандық дивиденд (жылдық мәндерге қайта есептегенде) мөлшерлеме бойынша жылдық он пайызды құрайды. Ал жыл басында бұдан екі есе төмен болды.

Бір қызығы, дағдарыстың басында ExxonMobil өндірістің үйлестірілген қысқартуларына қарсы шықты. Оны кейбір бақылаушы мұнай бағасының құлауына байланысты арзан тақтатасты сатып алуға ниетті екен деп түсінді. Noble Energy жұтылғаннан кейін Шеврон АҚШ-тағы екінші ірі тақтатас мұнайшысы болды.

Шын мәнінде, ең ірі ТҰК (трансұлттық компания) тақтатас өнімін өзінің ауқымы мен қаржылық тұрақтылығы арқасында созғысы келді. Бұл әлі күнге дейін күн тәртібіндегі міндет болып қала бермек, алайда бұл қиынға соғады. Демек, қаржылық тәртіп мәселелері тағы да бірінші орынға шығады және біз жақын арада тақтатас секторында өсу болатынын күтпеуіміз қажет.

Бұған қоса, "жасыл күн тәртібі" барлық мұнай-газ компанияларына, соның ішінде ірі компанияларға қысым жасады. Банктер мұнайшыларға қандай да бір мөлшерлемемен кредит бермейді деп айтуға әлі ерте, бірақ егер "климаттық күн тәртібі" тақтатас кеншілерін сатып алу сомасындағы саланың ірі компаниялары үшін де жаңа борыштың құнын арттырса, таңқалуға болмайды.

Қорыта айтқанда, тақтатас саласының күйреуін күтудің қажеті жоқ, бірақ тақтатас саласының жаңа иелері қаржылық жағынан тәртіпті қатаң сақтайтын болады.

19
Кілт сөздер:
мұнай бағасы, мұнай
Хабиб Нурмагомедов

Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

1064
(Жаңартылды 21:58 30.10.2020)
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жасағандарды қолдаған Франция президенті Эммануэль Макронға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов ислам діні мәселесіне араласамын деген Франция президенті Эммануэль Макронға жауап берді. 

"Біз - мұсылмандар, Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с.) анамыз, әкеміз, балаларымыз, әйеліміз және өзге жақындарымыздан қатты жақсы көреміз. Мұндай арандатушылықтың арты жаман болады", - деп жазды ол Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

Еске сала кетсек, Францияда сөз бостандығына арналған сабақтан кейін тарихшы Самюэль Пати өлтірілді. Ол оқушыларға атышулы Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Мұғалім бұл карикатура "сөз бостандығының" үлгісі екенін айтқан. Бұдан соң 16 қазанда мұғалімге шабуыл жасалып, басын кесіп алды. Күдікті - Шешенстан тумасы 18 жастағы Абдуллах Анзоров.

Франция президенті мұғалімнің өлімін теракт деп бағалады. Макрон Франция мұсылмандарын сырттан келетін әсерден қорғайтынын айтты. Ол "ағартушылық ислам" саясатын жүргізіп, мешіттер мен мұсылмандар ұйымдарын бақылауға алмақ. Сондай-ақ, Франция дінді келемеждеп карикатура жасауды тоқтатпайтынын атап өтті.

1064
Кілт сөздер:
Эмманюэль Макрон, президент, Франция, Хабиб Нурмагомедов
Тақырып бойынша
Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті
Хабиб Нурмагомедовтің құпия өмірі – чемпион нені жасырып жүр?
UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі
Тоғыз жасар Хабиб Нурмагомедовтың қонжықпен күрескен видеосы жарияланды
Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты - видео
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды