Ресей мен Еуроодақ тулары

Еуропа жаңа антиресейлік санкциялар үшін жауап бере ме?

64
Брюссельде өткен ЕО саммиті Алексей Навальный ісіне байланысты Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялады

Жаңа қара тізімге Ресейдің арнайы қызметтерінің, қорғаныс министрлігі мен президент әкімшілігінің, сондай-ақ мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтының алты жоғары лауазымды өкілі енген. Дереккөздер бұл адамдар "улану туралы білуі немесе оны жоспарлауға қатысқан болуы мүмкін" дейді, деп жазады РИА Новости. 

Осылайша, Еуроодақ Ресей мемлекеті саяси қастандықпен айналысады, ол үшін адам көп жиналатын жерлерде химиялық қаруды қолданады деп есептейді. Бұл орайда, еуропалықтардың пікірінше, активтерді қатыру және осындай істерге қатысы болуы мүмкін Ресейдің бірнеше шенеунігінің кіруіне тыйым салу дұрыс жаза болмақ.

Қалған жағдайда "Ресей жасады деген іс-қимылдар" Еуропаның біздің елмен ынтымақтастығын өзгертуге себеп емес. Сонымен қатар, Берлин қазіргі оқиғалардың бастамашысы және қозғаушы күші ретінде Мәскеумен "жақсы немесе кем дегенде ақылға қонымды қарым-қатынас" орнатуға мүдделі, өйткені, Германия Федеративті Республикасының сыртқы істер министрі Хайко Маастың айтуынша, болған жағдай "географияны өзгертпейді", ал оның елі "сауда және ғылыми алмасу" арқылы өмір сүруде.

Дәл осындай фактілердің жиынтығынан орыстың соңғы уақыттағы бұрын-соңды болмаған қатал риторикасынан түсініктеме іздеу керек. 

Бір қарағанда, бұл оғаштау көрінуі мүмкін, бірақ ЕО өзінің қазіргі шешімімен Ресеймен текетіреске шынымен де жаңаша сипат берді. Оның не екенін түсіну үшін өткенді еске түсіру керек.

Қазіргі жағдай бірнеше жыл ішінде Батыс пен Ресей арасында байқалған үшінші шиеленіс болды. Біріншісі 2014-2015 жылдардағы дүрбелеңге толы оқиғаларға қатысты. Екіншісі 2018 жылғы Скрипаль ісімен байланысты еді. Енді міне, Навальныйға қатысты оқиға күн тәртібіне шықты.

Әр түрлі державалар әрқашан осы процестердің ұйымдастырушысы және қозғаушысы болып келді. 2010 жылдың ортасында АҚШ Ресейге бағытталған орасан зор қысым кампаниясын басқарған алпауыт күшке айналды. Ал Скрипальмен болған жанжал толығымен Ұлыбританиядан бастау алды.

Екі жағдайда да континентальды Еуропа қозғаушы күш ретінде әрекет етті, ол сонымен қатар Мәскеуге қарсы күресте негізгі құрбандықтарға барады деп күтілді. Бұл америкалықтардың қолынан алғаш рет келді: салалық санкциялар мен ресейлік қарсы санкциялардың алмасуы нәтижесінде ең ауыр зардапты Еуроодақ тартты. Алайда, осылай болатыны бұған дейін де болжанған еді, себебі Ресей АҚШ немесе Ұлыбританияға қарағанда, ЕО үшін әлдеқайда маңызды экономикалық серіктес болып саналады.

Еуропа қиын тәжірибеден сабақ алып, бүгінгі күнге дейін жүріп жатқан санкциялық соғысты барлық тарапқа экономикалық тұрғыдан ауыртпалық әкелмейтін шараларды – шексіз тізімдерді толтыру және дипломаттарды ауық-ауық шығарып жіберу түрінде тезірек сіңірді.

Бұрын батыста антиресейлік науқанның ең ауыр шиеленісті кезеңінде де естілген Мәскеудің тыныштандыратын сыртқы саяси риторикасы ең алдымен, континенталды Еуропаға бағытталған деп болжауға болады. Негізгі міндет еуропалық астаналардың прагматизмі мен ақыл-ойына жүгінумен байланысты еді. 

Енді Еуропа, дәлірек айтқанда, Германия бұған дейін өзінің батыстық ұжымындағы жолдастары жасаған картаны өз бетінше ойнауға шешім қабылдады: ол – бүкіл әлемде өзінің кей мақсаттарына жету үшін орасан зор русофобиялық жанжалды өршіту.

Берлин сонымен бірге, Париж бен Брюссель "орыс" тақырыбын, оның ішінде Навальный мәселесін таныс әрі ыңғайлы құрал ретінде қолданып, бұл комбинация арқылы өздерінің ішкі мәселелерін шешіп жатыр.

Ондаған жыл бойы екінші геосаяси рөлдерде болу, сондай-ақ экономика, "сауда және ғылыми алмасу" мәселелеріне көңіл бөліп келген соң Еуропа күрделі саяси және барлау операцияларын жүзеге асыру дағдыларын жоғалтты. Навальныйға қатысты оқиғаның ақылға сыймайтын сипатқа ие болуы, тіпті блогердің екі рет улануына қатысты жасалған тұжырым осыған айғақ бола алады.

64
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

12
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деg Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деg бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

12
ту

"Тым болмағанда тырысып көру қажет": СНВ-3-ті ұзарту туралы сарапшы пікір білдірді

13
Кремль АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқартуға (СНВ-3) қатысты мәлімдемесіне түсініктеме бере келе, Вашингтонмен стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланысы жалғаса беретінін жеткізді

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы Константин Блохин кіммен келіссөздер жүргізу оңай болатынын айтты.

Мәскеу Вашингтонмен арадағы стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланыс америкалық тараптың Ресей президенті Владимир Путиннің СНВ-3-ті бір жылға ұзарту туралы ұсынысынан бас тартқанына қарамастан жалғасады деп үміттенеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Ақ үй Путиннің қазіргі келісімшартты бір жылға алғышартсыз ұзарту туралы ұсынысынан бас тартатынын мәлімдеген еді.

"Біз америкалық тараппен байланыс кез-келген жағдайда жалғасады деген үміттеміз. Жалпы алғанда, әрине, президент айтқандай, келісімшарттың ұзартылуы уақытты ұта тұруға, қару-жарақты бақылау бойынша маңызды және байыпты келіссөздерге қажетті 12 айға қол жеткізуге мүмкіндік беретін еді", - деді Песков.

Ол сондай-ақ, бүкіл әлемді осы "жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізін қалаушы тастан" айырудың кері салдары орасан болатынын атап өтті.

"Сондықтан, әрине, біз америкалық серіктестерімізден бұл құжатты ұзартуға дайын екендігін естігіміз келеді", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай нәтиже байқалмайды. Алайда, бұл жағдай "байланыстарды толығымен тоқтату керек" дегенді білдірмейді.

Sputnik радиосының эфирінде РҒА-ның қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, саясаттанушы Константин Блохин келісімшарттың тағдыры көп жағдайда, АҚШ-тағы президент сайлауында кімнің жеңіске жететініне байланысты болатынын айтты.

"Республикалық партияның төрағасы Дональд Трамп, біріншіден, Қытайды жек көреді және СНВ-3-ті Қытаймен байланыстырады. Екіншіден, республикалық партия дәстүрлі түрде қару-жараққа бақылауды жоюға тырысып отыр. Бұл жерде кіші Джордж Буштың әкімшілігі кезінде америкалықтардың зымыранға қарсы қорғаныс келісімшартынан шыққанын еске түсіруге болады. Трамптың өзі аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шарттан және "Ашық аспан" келісімшартынан шықты. Егер ол сайлауда жеңіске жетсе, СНВ-3-тен шығу ықтималдығы өте жоғары", - деп есептейді Блохин.

Егер демократтардың өкілі Джо Байден жеңіске жетсе, онда америкалықтың айтуынша, келісімді ұзарту мүмкіндігі бар.

"Демократиялық партия әдеттегідей ресейліктермен стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөздер жүргізуді қолдайды. Естеріңізге сала кетейін, Барак Обаманың әкімшілігі Дмитрий Медведевпен бірге қазіргі келісімшартты ұзартқан еді. Алайда, кім жеңсе де, бірнеше айда жаңа келісімшартты жасау мүмкін емес. Сондықтан, бір жыл ішінде жаңа келісімшартты жасау үшін, ең болмағанда, қазіргі келісімшартты ұзартуға тырысу қажет. Бұл идея анағұрлым қызықты көрінеді", - деп атап өтті ол.

СНВ-3 – Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы қазіргі қолданыстағы жалғыз келісімшарт. Бұл келісімнің мерзімі 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады, ал егер оны ұзартпаса, әлемде ең ірі ядролық державалардың арсеналын шектейтін құралдар қалмайды.

Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы келесімшарт 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді. Онда әр тараптың өз ядролық арсеналдарын қысқартуы қарастырылған. Сонда жеті жыл ішінде және одан кейінгі жылдары қару-жарақтың жалпы саны 700 құрлықаралық баллистикалық зымыраннан, суасты қайықтарындағы баллистикалық зымыраннан және ауыр бомбалаушыдан, сондай-ақ, 1550 оқтұмсықтан және 800 ұшыру қондырғыларынан аспайтын болады.

13
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады