Әлем

Аспаннан шар құлады: Қарақалпақстан тұрғындары таңғажайып оқиғаның куәсі болды – фото

© PhotoАспаннан құлаған шар
Аспаннан құлаған шар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, алдымен аспанда бірнеше жарылыс болып, содан кейін металлға ұқсас заттан жасалған шар жерге құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қарақалпақстанда аспаннан темір шар құлады. Мұндай ақпаратты жергілікті Мойнақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен көкте бірнеше жарылыс дыбысы естіліп, содан кейін металлға ұқсас заттан жасалған шар жерге құлаған.

"Мен қатты жарылыстың дауысын естілген тұсқа көз салғанымда, бір нәрсе жылт етіп, жерге құлағанын көрдім. Шар сияқты дөңгелек зат алғашқы кезде өте ыстық болды", – дейді куәгерлердің бірі.

Бір қызығы, металлға ұқсас заттан жасалған домалақ шардың бір жағы ішке қарай майысқан.

Жергілікті тұрғындардың бірі балаларына құлаған затты суретке түсіріп алу туралы ескерткен соң, ол интернетте тараған.

Оқи отырыңыз: 96 жасында тұрмыс құрды: Алматыда ерекше жұп некесін қидырды

Оқиғаның жай-жапсары тиісті сала мамандары тарапынан тексерілетін болады.

Жаңалықтар
0