АҚШ президенті сайлауы

Байден президент болуға дайындалып жатыр, Трамп дауысты қайта санауды талап етті

622
(Жаңартылды 11:43 05.11.2020)
Дональд Трамп үш штатта – Пенсильвания, Мичиган және Висконсинде дауысты қайта санау үшін Жоғарғы сотқа талап арыз берді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденге біржола жеңіске жету сайлаушылардың алты дауысы жетіспейді, бірақ ол қазірдің өзінде "өтпелі кезең сайтын" іске қосты.

Сайтта мәлімдеме жарияланды:

"Америка халқы АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын анықтап жатыр. Елдің бірнеше штатында дауыс санау жалғасуда. Ел бетпе-бет келген пандемиядан экономикалық құлдырауға дейінгі, климаттың өзгеруінен нәсілдік әділетсіздікке дейінгі дағдарыстарға өтпелі кезең командасы барынша жылдам дайындық жасауды жалғастырады, бұл Байден-Харрис әкімшілігі алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді".

Дауыс санау

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-ге дейін қазіргі президент Дональд Трамп сайлаушылардың 214 дауысын (48%, 68 586 150 дауыс), демократ Джо Байден 264 дауыс (50,4% немесе 72 049 330 дауыс) иеленген.   

Жеңіске жету үшін сайлаушылардың 270 дауысы қажет.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Сайлаушылар алқасы жұмыс істейді. Бұл жанама екі сатылы сайлау жүйесі. Қазіргі таңда сайлаушылар саны – 538.

Сонымен қатар, AP мәліметінше, Невадада (75%), Аризонада (86%), Пенсильванияда (89%), Техаста (85%) дауыс санау жалғасып жатыр.

Трамп сотқа жүгінді

Дональд Трамп Жоғарғы сотқа үш штатта – Пенсильвания, Мичиган және Висконсинде дауысты қайта санауды талап етіп, сотқа шағым түсірді.  

Түнде ол өзінің жеңіске жеткенін жариялап, демократтарды "сайлауды ұрлауға" тырысты деп айыптады.

Наразылықтар

Вашингтон гүлбағы саябағында наразылық жалғасуда, деп хабарлады РИА Новости. Олардың кейбіреуі Джо Байденнің командасын қолдайды. Қалғаны – Black Lives Matter қозғалысының белсенділері.

Нью-Йоркте дауыстарды әділ санауды қорғауға бағытталған акциялар өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығыс болып, бірнеше адам ұсталды.   

622
Кілт сөздер:
президент сайлауы, АҚШ, Дональд Трамп
Тақырып бойынша
Келесі төрт жылда АҚШ президенті кім болуы мүмкін
АҚШ-тағы президент сайлауы: дауыс санау жалғасуда
Ухань, архивтегі фото

Уханьда қайтадан коронавирус анықталды 11 миллион адам тексерістен өтеді

447
(Жаңартылды 17:55 03.08.2021)
2020 жылы Ухань қаласында вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, артынша науқастар қайта тіркеле бастағаннан кейін халықты бір рет тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейе бастады. Осыған байланысты жергілікті билік барлық қала тұрғынын – 11 миллион адамды қайта тексеріп шығуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Global Times.

Бұған дейін қалада COVID-19 жұқтырған адам болмаған. Былтырдан бері бірлі-жарым жағдай ғана тіркелген. Ал дүйсенбі, 2 тамызда жергілікті билік 7 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ауру қайта тарап кетпес үшін қала тұрғындарының бәрін тестілеуден өткізуге шешім қабылданды.   

Ресми мәліметке сәйкес, инфекцияны алдымен Чжуанькоу ауданының тұрғыны жұқтырған. Одан кейін онымен жақын араласқан алты адам ауырып қалыпты. Қазіргі кезде науқастың тұратын және жұмыс істейтін жері, тұтас аудан оқшауланды.   

Қала метросында карантин шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, адамдардың бәрі міндетті түрде бетперде киюге тиіс. Дене қызуы да тексеріледі. Ал Чжуанькоу орамында бірнеше станция уақытша жабылды. Билік халықты вакциналауға белсенді түрде қатысуға үндеді.     

Жергілікті халық қолға алынған шараларды қолдап отыр. Барлығы қатты қажеттілік болмаса, далаға шықпауға тырысады.

2020 жылдың мамырында, Ухань ауруханасынан соңғы науқас жазылып шыққаннан кейін араға бір ай салып, қалада вирус жұқтыру жағдайлары қайта тіркеле бастады. Содан шұғыл штаб барлық адамды тестілеуден өткізуге тапсырма берген.

447
Анталья

Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды видео  

70
(Жаңартылды 11:00 03.08.2021)
Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, аударылып қалды. Қоғамдық көлікте болған туристердің барлығы – Самара тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан үш Ресей азаматы қайтыс болды. Бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Туристік автобуста Ресейдің 22 азаматы болған. Барлығы "НТК Интурист" туристік операторы арқылы демалуға келген. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып аударылып кеткен.

Жол апатынан үш адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес адам ауыр жарақат алды. Екеуі жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бәрі жақын орналасқан ауруханаларға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Туроператордың мәліметі бойынша зардап шеккендердің жанында орыс тілін білетін гидтер жүр. Туристердің барлығы сақтандыру жүйесімен қамтылған.

70
Кілт сөздер:
видео
Страница сайта Twitter на экране планшетного компьютера

Әлеуметтік желідегі кибербуллинг: себебі мен жауапкершілігі қандай

5
Мамандар әлеуметтік желіде қудалауға тап болғанда не істеу қажет екенін, заңды тұрғыдан қандай әрекет қажет екенін айтты. Сондай-ақ мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров адамның жеке басына қатысты заңға өзгеріс енгізуді ұсынды

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде кибербуллинг тақырыбы жиі талқыланып жүр. Бұл – заманауи қарым-қатынас құралын пайдаланып қорқыту немесе қудалау. Ол әлеуметтік желі, мессенджер, қоңырау шалу арқылы жүзеге асады. Юнисефтің хабарлауынша, адамды қорқытып-үркітуге, масқаралауға, қудалауға бағытталған қайталанып отыратын әрекет бірнеше жолмен көрінеді. Олар:

  • Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату немесе біреудің ерсі фотосын жариялау;
  • Адамның ар-ожданын қорлайтын хабарлама немесе қорқыту мәніндегі хат жіберу;
  • Өзін басқа біреу ретінде таныстырып әдепсіз хат жолдау.

Алайда мұны тоқтатудың бір жолы – заңға сүйену. Нақты дәлелді көрсету арқылы кибербуллингтің жолын кесуге болады. Sputnik Қазақстан тілшісі осы тақырып төңірегінде психолог пен заңгердің пікірін біліп, Қазақстанда "Әлеуметтік желі кодексін" қабылдауды ұсынған мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровпен сөйлесті.

Кибербуллинг: нені білу керек

Психолог Балабек Сақтағанның айтуынша, буллинг – балаларға мектепте не болмаса қоғамдық, шынайы өмірде адамдардың физикалық, психологиялық тұрғыдан, сөз және әрекет арқылы қысым көрсетуі. Кибербуллинг – әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы адамдардың басқаларға агрессиялық түрде психикалық және моралдық қысым жасауы.

"Буллинг пен кибербуллингтің айырмашылығы – буллинг белгілі бір уақыт аралығында өтеді. Мысалы мектепте буллинг жасалса, сабақ аяқталған соң ол тоқтайды. Ал кибербуллингке қатысты алдын ала шара қолданбаса, оның ішінде өкілетті ұйымдарға хабарласпаса үнемі әлеуметтік желі арқылы қудалап отырады, қысым көрсетеді", - дейді психолог.

Кибербуллинг әрекетіне баратындарды бірнеше санатқа бөлуге болады:

  • "кек қайтарушы" – тұлға өзі кибербуллингтің құрбаны болған және бұның салдары бейсаналы түрде тұлғаны сондай әрекетке баруға итермелейді;
  • "билікке құмарлық" – ортасында барлығына өзінің шексіз билігін жүргізуге ұмтылыс. Кейде мұндай қадамдарға отбасында ата-анасының ажырасуы немесе толық емес отбасында өмірге көңілі толмай өскен тұлғалар жиі баруы мүмкін;
  • "жағымсыз бейне" – басқаны кемсіту, қорқыту және мазаққа айналдыру арқылы өзінің көңілін көтеруші;
  • "кездейсоқ қудалаушы" – көпшіліктің теріс пікірі арқылы басқаларды қудалау.

"Интернеттегі қорқыту мен қорлау – бұл адамның психикалық денсаулығына қатты әсер ететін ауыр психикалық күйзеліс. Қорқытудың салдары депрессия, сенімсіздік, мазасыздық, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, әсер ету, тамақтанудың бұзылуы, тәуелділік, импульсивтілік, өзіне деген сенімділіктің жоғалуы мен дәрменсіздік сезіміне әкеледі", - дейді психолог.

Тіпті кибербуллинг салдары өте ауыр болуы мүмкін, сондықтан қудалауды мүмкіндігінше ертерек тоқтату, құқық бұзушылардың әрекетін басу өте маңызды.

Желідегі қудалауға қатысты қандай заң бар

Заңгер-практик Алмас Жұмағалидің сөзінше, желіде қудалаудың да бірнеше түрі бар, соған сәйкес әрқайсына қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте арнайы баптар қарастырылған.

Заңгердің сөзінше, алдымен екі адамның арасындағы әңгімені әлеуметтік желіге рұқсатсыз жариялаудың мақсатын білу керек. Егер қандай да бір мақсатпен жарияласа, ол бір қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтың құралы не тәсілі болуы ықтимал. Мысалы ақша талап ету мақсатында екеуара әңгімені жариялап жіберсе, Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Қорқытып алу") бойынша сараланады. Ешқандай мақсат болмаса да әлеуметтік желіге жеке әңгімені жариялау Қылмыстық кодекстің 148-бабы ("Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу") бойынша қаралады.

"Бізде адамдар осы ережені дұрыс сақтамайды. Whatsapp арқылы сөйлесіп, скриншот жасап, әлеуметтік желіге салады. Қарама-қарсы жақтың оған рұқсат беру-бермеуіне қарамайды. Егер екінші тарап рұқсат бермесе, бұл – қылмыс. Ал желіде жарияланған скриншот, аудио, видео материалдың ішінде өзара сөйлесу ғана емес, сонымен қатар жеке өмірге қатысты құпиялар болса, ол Қылмыстық кодекстің 147-бабындағы ("Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу") қылмысқа жатады", - дейді заңгер.

"Үшінші тұлға екі адамның әңгімесін әлеуметтік желіге жариялап жіберсе, ол адамды Қылмыстық кодекстің 148-бабына сәйкес жауапқа тартуға толық негіз бар. Яғни ол хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабар құпиясын заңсыз бұзып отыр", - дейді Алмас Жұмағали.

Ал осындай әрекеттер адамның өзіне қол салуына алып барса, бәрі бірден қылмыс саналмайды. Алайда бұл әрекет ҚК 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша қаралады. Бұл бап бойынша қаралу үшін қылмыс заңда көрсетілген үш тәсілдің біреуі негізінде жасалған болуы керек. Олар:

  • Қорқыту;
  • Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау;
  • Жәбірленушінің адами қадір-қасиетін үнемі қорлау.

Егер осы бапта көрсетілген үш тәсілге дәлме-дәл сәйкес келмесе, ол да қылмыс саналмайды.

Дейтұрғанмен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына өзгеріс енгізілген. Соған сәйкес, телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы жасалған өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу қарастырылған. Бұл бап бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Кейінгі кезде талқылынып жатқан мәселеде адами қадір-қасиетін үнемі қорлау әрекеті көрінеді. Бұл жерде адами қасиет бірнеше рет (екі немесе одан да көп) қорланды ма деген сауалға жауап іздеген жөн. Үнемі жасалған әрекет нақты сол адамға бағытталған болуы қажет. Бұл жерде ұқсастығы бойынша қылмыстық заңды қолдануға болмайды, тек заңда жазылған қылмыс түрімен дәлме-дәл келуге тиіс", - дейді заңгер.

Дәлел жинау керек

Адам басқа біреудің тарапынан қысымға ұшырағанын айғақтайтын дәлел жинауы керек. Оған  скриншот, видео, аудио материалдар, жарияланым сілтемесі жарайды. Егер әлеуметтік желі арқылы қудалауға барған адам жазбасын өшіріп тастаса да, құзырлы орган сілтеме арқылы қажетті ақпаратты ала алады.

"Нақты жағдайға байланысты қылмыстық іс пен әкімшілік іс бойынша да шешімді сот қабылдайды. Ал азаматтық іс қозғалса, бірден сотқа беру арқылы бірнеше талап қою мүмкіндігі бар. Олар – жазбаны алып тастауды міндеттеу, кешірім сұрату, моральдық шығын талап ету. Немесе осы үшеуін қатар талап етуге болады", - дейді заңгер.

Заңгердің сөзінше, "буллинг" сөзін заңға енгізудің қажеті жоқ. Заң техникасына сәйкес, көпсөзділік немесе қағазбастылық болмауы керек. Бұған дейін осыған ұқсас әрекеттер қаралған баптарға арнайы тармақ енгізіп, "интернет желісі арқылы" деп тәсілін көрсетуге немесе қудалау мақсатын енгізуге болады.

Заңға өзгеріс қажет

Заңгердің бұл пікірін мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қолдайды. Бұған дейін желідегі парақшасында "Әлеуметтік желі кодексін" енгізуді ұсынған депутат ойын тарқатты.

"Біз өмір сүріп жатқан ақпараттандыру мен жаһандану заманы келді, мемлекетті, адамды дамытуға оң қадамдар жасаумен қатар әртүрлі тегеуріндерді де алып келіп жатыр. Сондықтан қазір желідегі кибербуллинг мәселесі назар аударуды қажет етеді. Бұған дейін "Әлеуметтік желі кодексі" қажет екенін жаздым. Бұл осыған байланысты бөлек заң қабылдау қажет дегенді емес, желіде өзін-өзі ұстаудың этикалық-моральдық заңы қажет екеніне меңзейді. Демек әлеуметтік желіде адамды қорғау, адамның ар-ожданын қорғау жөнінде белгілі бір заң қажет", - дейді мәжіліс депутаты.

Айтуынша, адамның жеке басын қорғауға бағытталған Азаматтық кодекстің баптары әзірге жұмыс істемей тұр.

Айта кететіні, Азаматтық кодекстің 143-бабында ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау мәселесі қарастырылған.

"Көптеген азамат, мемлекеттік органдар сын, мін, жеке басына қатысты мәселе болған кезде сотқа жүгінбеуге тырысады. Ең қажеті – әлеуметтік желіде өзін ұстаудың мәдениетін қалыптастыру. Мәдениет – біреудің жеке басына тиіспеу, жеке ісіне араласпау, бір-біріне сыйластық көрсету", - деді Сайыров.

Оны айтуынша, адамның жеке басын қорғауға қатысты да заңға өзгеріс қажет, ал ол өзгеріс қоғаммен диалог аясында жүзеге асқаны жөн. Алдымен халықаралық тәжірибені зерттеп, белгілі бір қадамға бару керек.

5