Әлем

АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден жеңіске жетті

© AP Photo / Andrew HarnikКандидат в президенты США от Демократической партии и бывший вице-президент Джо Байден
Кандидат в президенты США от Демократической партии и бывший вице-президент Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демократ Джо Байденнің сайлауда жеңіске жеткенін жетекші америкалық бұқаралық ақпарат құралдары жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Демократиялық партия кандидаты Джо Байден ірі америкалық БАҚ сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін өзінің президент болып сайланғанын мәлімдеді.

"Америка халқы мені президентікке сайлағаны мен үшін үлкен құрмет", - деп мәлім етті Байден.

Ол президенттік науқан аяқталған соң "ашу-ыза мен өткір риториканы қойып, ұлт ретінде бірігуге" шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Байден өз саясатының басым бағыттарын айқындады - COVID-19-бен күрес, экономика, климат және нәсілшілдікке қарсы тұру.

Сондай-ақ ол "демократияны қорғап, абыройды қалпына келтіру" қажеттігін мәлімдеп, америкалықтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

"Мен халықты бөлмейтін, керісінше біріктіретін президент болуға уәде беремін. Біз Американы "көгілдір" (демократиялық – ред.) немесе "қызыл" (республикалық – ред.) деп қарастырмаймыз, біз үшін Құрама Штаттары - біртұтас", - деді халыққа үндеу тастаған Байден.

Ал екінші кандидат – АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспей отыр, ол өзінің жеңіске жеткенін сотта дәлелдемек. 

Жаңалықтар
0