Әлем

Қаракүзеннен коронавирус жұға ма – БҰҰ мәлімдеме жасады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуНорка
Норка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияның Солтүстік Ютландия аймағында вирустың жаңа нұсқасын жұқтырудың 12 жағдайы анықталып, COVID-19-ға жаппай тестілеу жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. БҰҰ коронавирустың қаракүзеннен адамға жұғу мүмкіндігіне алаңдаушылық танытуда. Өйткені, Данияда дертке шалдыққан қаракүзенмен байланысты COVID-19 инфекциясын жұқтырған 200 жағдайдың 12-сі осы коронавирустың белгісіз өзгеріске ұшыраған нұсқасынан туындаған.

"Алдын ала бақылаулар көрсеткендей, cluster 5 деп аталатын нұсқаның клиникалық көріністері ауырлық дәрежесі мен COVID-19 қоздырғышын тудыратын басқа айналымдағы SARS-CoV-2 вирусының таралуына ұқсас. Айырмашылығы, ол бұрын байқалмаған өзгерістермен сипатталады", – деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұл өзгерістің салдары қандай болатынын болжау әлі де қиын деп санайды. Бірақ алдын-ала мәліметтер бойынша қаракүзендер мен 12 адамда кездескен нұсқа антиденелерге бейімділікті аздап төмендетеді.

Осыдан кейін Дания билігі профилактикалық шараларды қолдану туралы түбегейлі шешім қабылдады. Яғни, 17 миллионнан астам қаракүзен популяциясы түгел жойылатын болды.

Солтүстік Ютландия аймағында вирустың жаңа нұсқасын жұқтырудың 12 жағдайы анықталып, COVID-19-ға жаппай тестілеу жүргізілді. Тіпті, қозғалысқа да шектеулер енгізілді. Сондай-ақ, Дания билігі қарапайым халық арасында инфекцияның жаңа жағдайларын бақылау мен анықтауды күшейтетінін мәлімдеп, жаңа штаммның геномдық тізбегін бөлісуге уәде етті.

Оқи отырыңыз: "Коронавирус бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

Айта кетейік, бүгінге дейін Даниядан басқа бес елде – Испания мен Италияда, Нидерланды мен АҚШ-та және Швециядағы қаракүзендерде COVID-19 инфекциясы бар екені хабарланды.

Жаңалықтар
0