Әлем

Қазақстанның Армениядағы елшілігі үндеу жасады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЕревандағы жағдай
Еревандағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елшілік Арменияда жүрген қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, елдің құқыққорғау органдарының талаптарын орындауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанның Армениядағы елшілігі өз азаматтарына елдегі наразылық акцияларынан аулақ жүру үшін үйден шықпауға кеңес берді.

"Наразылық акцияларынан аулақ жүру үшін алдағы күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға, мүмкіндігінше үйде қалуға кеңес береміз", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, дипломатиялық ведомство Арменияда жүрген қазақстандықтардан карантин мен жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды, сонымен қатар, сақтық танытып, құқыққорғау органдарының талаптарын орындауды сұрады.

Елшілік консультация және шұғыл жағдайларда көмек көрсету түрінде 098935930 телефоны арқылы азаматтарды қабылдау жүргізілетінін атап өтті.

Бұған дейін Қарабақта 1 960 әскери қызметші, 90 бронетранспортер және 380 дана техника көлемінде Ресейдің бітімгершілік контингенті орналасатыны хабарланған еді.

Сейсенбіге қараған түні Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұл "Арменияның тізе бүккені" және Агдам Әзербайжанға 20 қарашаға дейін қайтарылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді

Ал Армения премьері Никол Пашинян атысты тоқтату туралы келісім өзі үшін өте қиын шешім болғанын айтты.

Осы мәлімдемелерден кейін Арменияда тәртіпсізлік басталып, наразылық білдірушілер парламентті таратуды талап етті.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта қарулы қақтығыстар 27 қыркүйекте басталды. Әзербайжан мен Армения бірін-бірі арандатушылыққа барды деп айыптады.

Екі ел де қарсы тараптың шабуылға шыққанын, сондықтан, қарсы операцияға мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Қарулы қақтығыстар әскери және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты.

Әзербайжан мен армян халқы аралас тұратын аймақта қақтығыс 1988 жылдың ақпанында басталған, сол кезде Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан құрамынан шығатынын жариялаған еді.

1994 жылға қарай Әзербайжан Таулы Қарабақтың көп бөлігі мен оған жақын орналасқан жеті облысқа бақылау жүргізу мүмкіндігінен айырылды.

Қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысты ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясындағы келіссөздер 1992 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Жаңалықтар
0