Әлем

Медбике 8 баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды 

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбританиялық медбикеге сегіз сәбиді қасақана өлтірді және тағы он баланы өлтірмек болды деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Ұлыбританияның Честер қаласының полициясы сегіз сәбиді өлтірді және он баланы өлтіруге оқталды деген айыппен Countess of Chester жергілікті ауруханасының қызметкері Люси Летбиді ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Тұтқындау туралы шешім 2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін аурухананың нәрестелер бөлімінде болған балалар өлімі мен жазатайым оқиғаларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Шақалақты өлтірді деп айыпталған экс-бас дәрігер тергеушіні сұрақтың астына алды  

Люси Летби осы іс бойынша 2018 жылдың шілдесінде Честер ауруханасының нәрестелер бөліміндегі 17 баланың өліміне қатысты тергеу аясында ұсталған болатын. Оған айып тағылды, бірақ кепілмен босатылған.

Кейінірек Чешир графтығының полициясы медбикеге тағы үш баланы өлтірді деген айып тақты.

Жаңалықтар
0