Әлем

Түрікменстан президенті есірткіні өз қолымен жағып жіберді – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПрезидент Туркмении Гурбангулы Бердымухамедов. Архивное фото
Президент Туркмении Гурбангулы Бердымухамедов. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гурбангулы Бердімұхамедов бірнеше пакетті жағып жібергеннен кейін тәртіп сақшылары қалған есірткіні пешке салды

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов есірткі заттарын утилизациялау кешенінің ашылуына қатысты. Ұлт көшбасшысы тәркіленген есірткіні өз қолымен пешке салып, жағып жіберді, деп хабарлады "Туркменистан сегодня" ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, утилизациялау кешені халықаралық талаптар бойынша салынды. Пеште есірткі заттары толығымен жанып кетеді. Шара кезінде 122,5 келі есірткі жойылды.

Түрікменстан президенті бірнеше пакетті өз қолымен жағып жібергеннен кейін тәртіп сақшылары қалған есірткіні пешке салды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншінің сөмкесінен 13 пакет есірткі табылды – видео 

Тәркіленген есірткіні жою акциясы жыл сайын 26 маусым – Халықаралық есірткі айналымына қарсы күрес күні ұйымдастырылады. Биыл бұл шара жаңа кешеннің ашылуына орай кейінге шегерілді. Жаңа нысан ел астанасы – Ашхабадтан 100 шақырым шалғай жерде орналасқан. Сол жерде мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысы да ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
0