Маска киген қыз

Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады

1433
(Жаңартылды 16:17 11.12.2020)
Мультижүйелі қабыну синдромымен бірге инфекцияның әсерінен кейбір органдар мен тіндер қабынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Нью-Йорк университеті Гроссман медицина мектебінің мамандары COVID-19 жұқтырған балаларда ерекше симптомдар байқалғанын айтты.

Express басылымының мәліметінше, коронавирус балаларда көп жағдайда жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда мультижүйелі қабыну синдромымен бірге инфекцияның әсерінен кейбір органдар мен тіндер қабынуы мүмкін. Олар жүрек, өкпе, қан тамырлары, бүйрек, ас қорыту жүйесі, ми, тері немесе көз.

Ғалымдар вирус жұқтырған және қабыну синдромына шалдыққан балаларда байқалған ауру белгілеріне талдау жасады.

Нәтижесінде зерттеу қатысушыларының 83 процентінде "тері-шырышты өзгерістер" анықталды. Балалардың көзі, тілі ісіп, қызарған, беті мен алақандары да қызарып кеткен.

1433
Кілт сөздер:
балалар, коронавирус
Аспандағы ұшақ

Ресейде ұшақ құлап, бірнеше адам қаза болды

979
Әуе кемесінің бортында барлығы жиырма адам болған, жетеуі көз жұмып, он үші жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ресейдің Кемеров облысында ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости шұғыл қызметтерге сілтеме жасап.

Л-410 ұшағы Кемеров облысында апатқа ұшырады. Төтенше жағдай салдарынан 7 адам көз жұмды, 13 адам жараланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Цивилев (@sergey_tsivilev)

Әуе кемесінің бортында барлығы 20 адам отырған.

ТЖ Промышленновский ауданында Журавлево ауылының маңында болды.

Оқиға орнына құтқарушылар мінген тікұшақ ұшып шықты, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

979
Кілт сөздер:
ұшақ, Ресей
Тақырып бойынша
Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды
Ішінде 157 адам болған ұшақ апатқа ұшырады
Бішкектен шыққан ұшақ апатқа ұшырады: бір адам аман қалған
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

89
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

89
Білім министрі Асхат Аймағамбетов

Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

23
Орталық Азия елдері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Орталық Азия елдерінде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады. Мұндай шешім Түркістандағы Орталық Азия елдері білім министрлерінің қатысуымен өткен форумда қабылданды, деп хабарлайды білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан білім министрлері, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі білім министрліктерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, ректорлар және тағы басқалары қатысты.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім беру саласында Орталық Азия кеңістігін құруды ұсынды. Шетелдік әріптестері оның бастамасына қолдау білдірген. Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды.

"Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру бүгінгі таңда объективті қажеттілік болып отыр. Жыл сайын танылатын білім туралы құжаттардың жалпы санының 70%-ке жуығы –  Орталық Азия жоғары оқу орындарының құжаттары. Бүгінде Орталық Азия елдерінің 20 мыңға жуық азаматы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді", - деді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: 2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай

Министр бірыңғай кеңістік аясында Еуропадағы сияқты біліктілікті танудың жеңілдетілген процедурасы мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

Түркістан декларациясына сәйкес, енді Орталық Азия мемлекеттері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, бүкіл Орталық Азия жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді.

Сондай-ақ тараптар студенттермен алмасу үшін білім бағдарламаларының, бірлескен ғылыми жобалардың санын ұлғайтуға және ОА елдерінің көшбасшы студенттері арасында өзара байланыс орнатуға, тәжірибе алмасу және жұмыс бағыттарын талқылау үшін ОА елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумдарын өткізуге келісті. 

Орталық Азия кеңістігіне қатысушы елдердің ынтымақтастығы Болон процесі қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоғары білім саласындағы Орталық Азия кеңістігі жанынан білім министрліктері арасындағы жұмысты үйлестіру, жоғары білімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін хатшылық құрылады.

Түркістан декларациясы ынтымақтастықтың келесі бағыттарын көздейді:

  • ОА елдері жоғары оқу орындарының альянсын қалыптастыру;
  • ОА елдерінің білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу кеңесін құру;
  • ОА елдері студенттерінің альянсын құру;
  • Біліктілікті және білім туралы құжаттарды тану жөніндегі ұйымдар қауымдастығын құру.
23
Кілт сөздер:
Орталық Азия, жоғары білім алу, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады
"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты
"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты
Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерге хат жазды