Әлем

Еуропа Ресейді коронавирус туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады

© Sputnik / Медиабанкке өтуФлаги возле штаб-квартиры Европейской комиссии в Брюсселе
Флаги возле штаб-квартиры Европейской комиссии в Брюсселе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуропа Ресейді кезекті санкциялармен қорқытып отыр. Бұл жолы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаламақшы

Осы жөнінде Еуропалық комиссияның "Демократия саласындағы іс-қимыл жоспары" атты баяндамасында айтылған. Бұл құжатты өткен аптада Брюссельде әділет мәселелері жөніндегі комиссар Вера Юрова таныстырды, деп жазады РИА Новости. 

Пара в масках на улице в Тегеране, Иран - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ неге Иранға қайта санкция салмақ?
Бұл Батыстағы шенеуніктердің орыстарды демократия негіздері мен COVID-19 эпидемиясына қарсы жалпыеуропалық күреске нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратты деп алғаш рет айыптауы емес. Көктемде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл туралы: "Еуропалық Сыртқы істер министрлігінің коронавируспен байланысты барлық оқиғаға қатысты орыстар таратқан жалған ақпарат бойынша жалалары ешбір дәлелсіз сылдыр сөз. Сондықтан, мен бұл туралы түсініктеме бергенімнің өзі қисынсыз. Мұндай айыптауларды растайтын айғақ бізге ұсынылған жоқ" деп пікір білдірді.

Бірақ, Еурокомиссия баяндамасы мүлде басқа әңгіме. Себебі, оның базасында заңнамалық бастамалар дайындалады. Сондықтан, бұл айыптауға негіз болған фактінің өзі күдікті. Қытай мен Ресейдің коронавирусқа қарсы еуропалық күш жұмсауға қарсы қабылдаған әрекеттеріне Еуроодақтың East Stratcom Task Force "арнайы ақпараттық жасағы", ақпараттық соғыс үшін арнайы құрылған ресми бөлімше ғана айғақ бола алады екен.

Бұл құрылым ашық жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше рет айыпталған болатын. Ондағы сарапшылар Еуроодақ массмедиасына бәле жапқысы келгенде Нидерланды парламентінің депутаттары бұл құрылымды жабуды талап етті. Осыдан сабақ алған "ақпараттық арнайы жасақ" бұдан кейін Батыс Еуропа БАҚ-ына қатысты пікір білдірмеуге тырысады. Бірақ, Ресейге қатысты ұстанымы өзгере қойған жоқ.

Еурокомиссия баяндамасында EUvsDisinfo базасы "кремльдегілердің коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратуының  500-ден астам мысалы тіркеген" деп жазылған. "Ақпараттық арнайы жасақ" мұндай 640 мысалды тіркеген көрінеді-мыс. Еурокомиссия мұндай фейк мәліметтерге еуропалықтар сеніп қалуда деп дабыл қағып отыр. Мәселен, британдықтардың үштен бірі арақты қолды микробтардан өңдеу мақсатында қолдануға болатынына сеніп отырған көрінеді.

Сотрудники центра по экспресс-тестированию на коронавирус готовятся к началу работы  - Sputnik Қазақстан
Әлем
ДДҰ 1,8 млрд адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді
Еурокомиссияның мұндай айыптаулары Ресей Федерациясына ешқандай қатысы жоқ кейбір тұлғалардың жеке пікірлеріне негізделіп отырғаны қызық. Баяндаманы әзірлеушілер жоғарыда келтірілген мысал секілді пікірлер Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарымен де қатаң сынға алынғанын ескермеген.

Сол секілді, "фейктерге қарсы күресушілердің" әдістері ақылға қонымсыз. Олар ресейлік ток-шоу сарапшыларының пікірін негізге алып, оны Кремльдің қитұрқы жоспары ретінде ұсынады. Ал, мұндай шоу кезінде кереғар пікірлер айтылып, қызу талқылау жүргізілгені назарға алынбаған. Себебі, бұл Кремльді адамзатқа қарсы әрекет етуші зұлым ретінде көрсетудің қолайлы құралы болып отыр.

Баяндаманы құрастырушылар өз дәлелдерінің тікелей қарама-қайшылығынан да қысылмаған. Мысалы, "коронавирусқа қатысты ресейлік жалған ақпарат" туралы баяндамалардың бірінде оның авторлары Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары "Қытайды халықаралық сыннан қорғап отырғаны айқын" деп мәлімдеді. Өз сөзінің дәлелі ретінде олар РИА Новости ақпаратына сілтеме жасап, Дмитрий Песковтың COVID-19 қолдан жасалған ауру екенін жоққа шығаратын сөзін дәлел ретінде келтірген. Ал, дәл осы "ақпараттық арнайы жасақ" өз айыптауларының бірінде Ресейді вирустың қолдан жасалғанын жиі мәлімдейді деп атап көрсетті.

Сол секілді, коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина аясында да орыстарды "жалған ақпарат таратушы" деп айыптау фактілері жиіледі.

Рабочий визит в Казахстан замруководителя администрации президента России Дмитрия Козака - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев Ресей президенті әкімшілігінің өкілі Дмитрий Козакпен кездесті
Міне, ток-шоу эфирлері, ақпарат көзіне сілтеменің жоқтығы, ашық айыптаулар аты дардай Еурокомиссияның Ресейге қарсы қатаң айыптауларын қамтыған баяндамасына негіз болып отыр. East Stratcom Task Force хабарламаларының басым бөлігінде        дәлел-дейексіз айыптаулар ғана бар.

Осы баяндаманы қоғам назарына ұсынған нурокомиссар Юрова "Біз ақиқат министрлігі бола алмаймыз" деді. Алайда, сөзінен жаңылды ма, әлде, ойын ашық айтты ма, белгісіз. Бірақ, артынша "жаңа технологиялар жалған ақпарат таратудың құралына айналмауы керек. Сайлау түрлі жиіркенішті әдістердің жарысына айналғанын қаламаймын. Cambridge Analytica МЕН Брексит жөніндегі референдумда жеткілікті жалғандықты көрдік деп ойлаймын" дегенді қосты. 

Осындай пікір білдірген еуропалық шенеунік Брекситке Ресейдің араласуы фактісіне қатысты бірқатар шындық пердесін ашқан секілді. Мысалы, күні кеше ғана британдық сот The Observer журналисі Карол Кадвалардты Аррон Бэнкс алдында кешіріп сұрауға мәжбүрледі. БАҚ өкілі оны бірнеше жыл бойы "Кремльге жұмыс істейді" деп айыптап келген.

Жаңалықтар
0