Әлем

Түні бойы салбырап тұрған: әйел қоршауға қыстырылып, үсіп өлді

© Photo : СС0 / TheUjulalaТемір қоршау
Темір қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушілер оқиға орнын тексеріп, қарап шықты, сот-медициналық сараптама тағайындалды, куәгерлерден жауап алынды

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Башқұртстанда әйел темір қоршауға қыстырылып қалып, үсіп өлді. Марқұм түні бойы басымен төмен салбырап тұрған.

Қайғылы оқиға Чишминский ауданы Дема ауылында болды, деп хабарлайды ufa1.ru.

Әйел темір қоршауға қыстырылып, түні бойы басымен төмен салбырап тұрған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түнде қараңғы болғандықтан оны ешкім көрмепті. Әйел үсіп өлген.

Тағы оқыңыз: Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, қарға іш киіммен тастап кеткен

"Бұл фактіге қатысты тергеу органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда оқиға орны қаралды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, куәгерлерден жауап алынды", - деп атап өтті тергеушілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.

Жаңалықтар
0