Тәж, сұлулық байқауы

Бұрынғы "Әлем аруын" автобус қағып кетті ауруханада қайтыс болды

1902
(Жаңартылды 11:14 24.12.2020)
Жолдан өтіп бара жатқан кезде әйелді автобус қағып кетті. Ауруханаға жеткізілген соң бес күннен кейін көз жұмды

АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. "Әлем аруы" атанған аргентиналық Норма Компальо жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы әйелдің жиені Карла Компальо мәлімдеді, деп жазды Nacion.

Қайғылы оқиға 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте болды. Бұрынғы "Әлем аруы" дүкенге бара жатқан. Компальоны бағдаршамның тиісті белгісі жанып, жолдан өтіп жатқан сәтте автобус қағып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Norma Gladys Cappagli (@missnormacappagli)

Ол ауруханаға жеткізілп, жасанды комаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер күш-жігер салғанына қарамастан, бес күннен кейін қайтыс болды.

Норма Компальо 1960 жылы "Әлем аруы" байқауында жеңіске жетті. Ол осы атақты жеңіп алған алғашқы аргентиналық ару.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Norma Gladys Cappagli (@missnormacappagli)

Сол кезде 21 жастағы бойжеткен халықаралық байқаудағы жеңісі үшін спорттық автокөлік пен ірі ақшалай сыйлыққа ие болды.

1902
Кілт сөздер:
Аргентина, автобус, Әлем аруы
Тақырып бойынша
"Қазақстан аруы" тұрмысқа шықты – фото
Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды
Көрерменсіз өткен байқау: "Алматы аруы – 2020" жеңімпазы кім – фото
Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды
"Қазақстан аруы-2020" байқауы биыл пандемияға байланысты өтпейді
Гүл, майшам

Танымал топтың әншісі қайтыс болды

3974
(Жаңартылды 17:40 13.04.2021)
Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі, танымал орындаушы Леонид Борткевич 71 жасында дүниеден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір - Sputnik. Беларустық ВИА "Песняры" тобының солисі Леонид Борткевич қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Беларусь оның әйеліне сілтеме жасап хабарлайды. Танымал музыкант, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі 71 жаста еді. 

Леонид Борткевич туралы не білеміз

Борткевич 1970-1980, 1999-2003 жылдар аралығында ВИА "Песняры" тобының құрамында болды. Оның орындауындағы "Александрина", "Вероника", "Беловежская пуща", "Березовый сок", "Купалинка" сынды аңызға айналған әндер көпшіліктің есінде.

Леонид Борткевич 1949 жылы Минскіде дүниеге келген. Оның бала кезінен музыкаға деген бейімі болды. Пионерлер сарайының хорында солист болды, гитарада ойнады, музыка мектебін бітірді.

Сәулет техникумында оқып жүрген кезінде ол жергілікті оркестрдің солисі, одан кейін "Алтын алма" ансамблінің құрамында болды.

Ол "Белниигипросельстройда" сәулетші болып жұмыс істеді. 1970 жылы Борткевич Владимир Мулявинмен танысып, ол талантты жас жігітті "Песняры" тобына шақырады.

Мулявиннің бірнеше шығармаларын орындап, танымал топқа қабылданады. Осы кезден Борткевичтің шығармашылық жолы басталды. Леонид ансамбль құрамында Америкаға барады. КСРО "Алтын Дискі" сыйлығының алғашқы иелері "Песняры" тобы болды.

Борткевич топтан бірнеше рет кетті. 1980 жылы Ресей театр өнері институтына оқуға түседі. Оқуға түсуіне байланысты Борткевич топтан кетуге мәжбүр болды.

1983 жылы Беларусь телерадиосының солисі болды. Ол 1989 жылы әйелі көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Ольга Корбут және ұлы Ричардпен бірге Америкаға көшіп, сол жақта он жылдай өмір сүреді.

Леонид Борткевич елге қайта оралғаннан кейін "Песняры" ансамблінде өнер көрсетті. Содан кейін ол бірнеше әріптесімен бірге жеке ансамбль құрды.

Оқи отырыңыз: Жүрегі тоқтап қалған: Ресейдің халық әртісі қайтыс болды

Леонид Борткевич көптеген марапаттың иегері. 1973 жылы бүкілодақтық ән байқауының лауреаты болды, 1979 жылы Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Музыкант бірнеше рет халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты атанды.

Танымал музыкант 25 мамырда 72 жасқа толар еді.

3974
Кілт сөздер:
Беларусь, танымал
Өзен

Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

6603
Таңертең мектепке кеткен қыз үйге қайтып оралмаған. Қызды өлтірді деген күдікке ағасының әйелі ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Өзбекстанның су арналарының бірінен жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

5 сәуірде Наманган облысының тұрғыны Мамадалиев деген азамат аудандық прокуратураға қызының жоғалғаны туралы арызбен жүгінеді. Қызы таңертең мектепке кетіп қайтып оралмаған.

Тергеу амалдары барысында қыз тұрған үй тексерілді. Прокуратура қызметкерлері мектеп оқушысы өлтірілген болуы мүмкін деген болжам жасады. 6 сәуірде Өзбекстан заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сол күні "Катта Наманган" каналы арқылы өтетін көпірдің жанынан қыздың мәйіті табылды.

Оқи отырыңыз: Құлақ көлінің жағасынан 4 адамның мәйіті табылды

Тергеу барысында 5 сәуір күні сағат 10:30-да қыздың ағасының әйелі оқушыны мектептен алып шыққаннан кейін каналға итеріп жібергені анықталды. 1999 жылы туған күдікті қамауға алынды.

6603
Кілт сөздер:
Өзбекстан, адам өлтіру, қылмыс
Тақырып бойынша
Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды
Айзаданың өлімі: жігіт өлер алдында анасына аудиохабарлама жіберген
Айзаданың өлімі: қыздың анасы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді – видео
Таңертең үйіне келген әйел үш немересінің мәйітін тапты
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 2018 жылмен салыстырғанда 9 есе өседі

0
(Жаңартылды 20:00 13.04.2021)
Көлгінов үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан", — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Көлгінов бүгін жеңілдікпен берілетін бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.

Әкімнің айтуынша, Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды 

"Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды", - деді ол.

Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өттіз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарланған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды.

0