Әлем

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың болашағын болжады

© REUTERS / BERNADETT SZABOЗертхана қызметкері
Зертхана қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус мутацияға ұшырап, қауіптілігі аз болады. Сонымен қатар, әлем халқы коронавируспен бірге өмір сүруді үйренеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. SARS-CoV-2 коронавирусының "мақсаты" эндемикалық сипатқа айналу болып табылады, деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы профессор Дэвид Хейманн.

"Шамасы, COVID-19 өзге де ауқымды індеттер сияқты эндемикалық сипатқа айналады. Ол әсіресе таралу қарқыны жоғары жерлерде адам клеткасында көбейген сайын мутацияға ұшырауды жалғастыра береді", – деп жазады маман пікірін The Guardian басылымы.

Хейманн адамзат баласында өз өмірін құтқаратын құралдар бар екенін айтады. Адамдардың осы вируспен бірге өмір сүруіне олардың мығым денсаулығы зор мүмкіндік береді.

ДДҰ өкілі Марк Райан да COVID-19 эндемикалық сипатқа ие болатынына сенімді.

"Вирусқа қатысты тағы бір болжам сценарийдің бірі – бұл эндемикалық түрге айналуы мүмкін. Ол қауіптің бір түрі болып қалады. Бірақ тиімді вакцинациялау бағдарламасы аясында өте төмен деңгейдегі қауіп", – дейді сарапшы.

Райанның пікірінше, тіпті вакцина өте тиімді болса да, ол жұқпалы ауруды жойып жіберуге еш кепілдік бермейді деп қосты. Өйткені, оны жеңу үшін бұл өте жоғары талап.

Маман келесі пандемия қазіргіге қарағанда едәуір ауыр болуы мүмкін деп ескертті, деп жазады РИА Новости.

"Біз барған сайын күрделі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл қауіптер сақталады. Егер біз осы пандемиядан барлық қайғылы оқиғалар мен шығындардан сабақ алуымыз керек болса, онда біз бірге әрекет етуіміз керек. Біз өзімізді құрметтеуіміз керек", – деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады

Айта кетейік, желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутация анықталды. Алдын-ала мәліметтер бойынша вирустың жаңа нұсқасы әдеттегіден 70% жұқпалы болуы мүмкін. Пандемия басталғаннан бері ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде 81 миллионнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелді. 1,7 миллионнан астам адам инфекцияның құрбаны болды.

Эндемикалық сипатқа ие болған инфекциялар – қоздырғыштары үнемі белгілі бір аймақта болатын аурулар. Олар субтропикалық Африкадағы безгек немесе Үндістандағы тырысқақ сияқты ауруларға жатады.

Жаңалықтар
0