Әлем

Қырғызстандық жігіт әскери бөлімде теракт жасамақ болды

Жазылу
Теракт дайындады деген күдікке ілінген ер адам халықаралық экстремистік ұйымға мүше, ол басшыларының нұсқауымен жарылғыш зат дайындауы тиіс болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ош облысындағы әскери бөлімдердің бірінде теракт жасамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Ұсталған ер адам – небәрі 22 жаста. Ол атауы көрсетілмеген халықаралық террористік ұйымға мүше.

© Photo : ГКНБ КыргызстанаОш облысында әскери бөлімде теракт жасамақ болған ер адам
Қырғызстандық жігіт әскери бөлімде теракт жасамақ болды - Sputnik Қазақстан
Ош облысында әскери бөлімде теракт жасамақ болған ер адам

Жас жігіт басшыларының нұсқауымен әскери бөлімдердің бірінде теракт жасау үшін қолдан жарылғыш дайындауы тиіс болған.

Күдіктінің үйін тінту кезінде камуфляж формасы, жилет, әскери аяқ киім, дүрбі, бәкі және шет тіліндегі үндеу парақтары табылды.

Қазір ер адам Ош облысы бойынша МҰҚК басқармасы тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0