Әлем

Коронавируспен ауырған науқас отбасымен қоштасу үшін оттегі маскасынан бас тартты

© AP Photo / Luca BrunoМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мария Рико оттегі маскасын шешіп, қорғаныс костюмімен палатаға кірген Анабельмен және оның әпкесі Сюзаннамен соңғы рет сөйлескен

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Ұлыбританияда COVID-19-дан қайтыс болған науқас отбасымен қоштасу үшін жасанды тыныс алдыру аппаратынан бас тартты, деп жазады The Mirror.

Лестер қаласының 49 жастағы тұрғыны Анабель Шарма COVID-19 диагнозы қойылған 12 жасар баласынан індет жұқтырған.

Ал Анабельдің анасы 76 жастағы Мария Рико отбасында соңғы болып сырқаттанған.

Көп ұзамай ауыр хәлдегі қызы мен шешесі Лестер корольдік ауруханасына жатқызылып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Екі апталық емдеуден кейін Рико "реанимация жасамау" туралы құжатқа қол қойған (жүрегі тоқтаған жағдайда науқастың реанимациядан бас тартуы).

"Анам сөйлесуге тырысты. Менің естігенім: "кремация" және "өлуге дайынмын" деген сөз еді. Мен жылап қалғаныммен анам өте батыл болды", – деді Анабель Шарма.

Мария Рико оттегі маскасын шешіп, қорғаныс костюмімен палатаға кірген Анабельмен және оның әпкесі Сюзаннамен соңғы рет сөйлескен. Көп ұзамай науқас қайтыс болды.

Анабель Шарманың өзі бір айдан кейін ауруханадан шығарылғанымен, өкпесі қатты зақымданды. Сондықтан да ол үнемі оттегіге мұқтаж. Ал әйелдің өзі болса: "COVID-19 біздің отбасымыздың шырқын бұзуы өте қорқынышты болды. Кез-келген адам жұқтыруы мүмкін, ал тірі қалу мәселесі рулетка ойыны секілді", – деді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

Жаңалықтар
0