Әлем

Сенаторларды жасыру, кеңседегі атыс: Капитолийге шабуыл кезінде не болды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуКапитолийдегі Трамптың жақтастары
Капитолийдегі Трамптың жақтастары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамптың радикалды жақтастары АҚШ конгресінің ғимаратына баса көктеп кірген кезде болған оқиғаның суреттері мен бейнелері желілерде жариялануда

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Капитолий күзетшілері өздерін қорғау мақсатында оқ жаудыруы салдарынан төрт адам қаза тапты.

Наразылық білдірушілердің конгресс ғимаратына баса көктеп кіргені туралы "Альфа" антитеррорлық бөлімшесінің ардагері Сергей Гончаров РИА Новости-ге айтып берді.

"Мұндай бассыздық – бұл тек түсініспеушілік (болып жатқан оқиғалар) қана емес, сонымен қатар конгресс күзетшілерінің әрқайсысы мойындайтын саяси ағымдардың әсері. Олар үшін саяси көзқарастар кәсіби міндетінен жоғары болып шықты", – дейді Гончаров. 

Сенаторлар президент сайлауының нәтижесін бекітуді үзуге мәжбүр болды. Сайып келгенде, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал бірнеше сағаттан кейін олар Байденнің президенттік сайлаудағы соңғы жеңісін жариялады. Ендігі жерде бүкіл конгресс демократтардың бақылауына өтеді. 

Капитолий бірнеше сағат бойы қоршауда болғандықтан, жағдайдың қалай өрбитіні беймәлім болды. 

Сақшылардың бірі Трамптың жақтаушысы әрі АҚШ әскери-әуе күштерінде 14 жыл қызмет еткен ардагер Эшли Бэббитті атып өлтірді. Осы кезде күзетшілерді қоршауға алып, есікке таяған наразылық білдірушілерден конгресс ғимаратын ФБР-дің арнайы жасағы тазартты. Алайда, атыс болмағанда жағдай басқаша өрбитін еді, тіпті әлгі әйел қайтыс болмас еді. 

Капитолийдегі наразылықтан кейін кеңселер мен кабинеттердегі бұзақылық әрекеттер түсірілген видеолар желіде тарады. 

Вашингтондағы бұл жағдай саясаткерлерді әрі-сәрі күйге түсіріп, Джо Байденнің инаугурациясына дейін АҚШ астанасында 15 тәулікке төтенше жағдай режимі жарияланды.

Жаңалықтар
0