Президент Дональд Трамп

Дональд Трамп мәлімдеме жасады видео

112
(Жаңартылды 11:37 08.01.2021)
Ол өзінің бейнеүндеуінде тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды айыптап, заң мен тәртіпті сақтау қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасы арқылы бейнеүндеу жасап, Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысқандардың заң алдында жауап беретінін мәлімеді, деп хабарлады РИА Новости

"Заңды бұзғандар жауап береді. Мен барша америкалықтар сияқты болған зорлық-зомбылық, заңсыздық пен сұмдыққа ашуландым", - деді Трамп. 

АҚШ президенті Вашингтонда болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және конгресс ғимаратына басып кіргендерді шығару мақсатында ұлттық ұлан мен федералды құқық қорғау органдарын тартуға тапсырма бергенін жеткізді. Бұған дейін ұлттық ұланның сарбаздары вице-президент Майк Пенстің нұсқауымен шығарылды деген ақпарат болған.

Айта кетейік, сәрсенбі, 7 қаңтарда қазіргі президенттің жақтастары митинг өткізген. Сол жерде Трамп оларды сайлау нәтижесіне қарсылық білдіруге үндеді. Бірақ көшеге шыққан адамдар конгресс ғимаратына баса көктеп кірді. Бір әйел жарақат алып, қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы үш адам тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды. Капитолий ғимаратына нұқсан келді.

Содан президент сайлауының қорытындысын бекітуге арналған конгресмендер отырысын кешіктіріп өткізуге тура келді. Вашингтонда комменданттық сағат енгізілді. Ал демократтар Дональд Трампты жауапкершілікке тартуды талап етті. Соңғы 200 жылда конгреске алғаш рет шабуыл жасалып отыр. 

АҚШ президенті өзінің бейнеүндеуінде тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды айыптап, заң мен тәртіпті сақтау қажеттігін жеткізді. 

"Америка - заң мен тәртіптің мемлекеті, сондай болып қалуы қажет", - деді Трамп. 

"Байденнің әкімшілігі билікке келеді"

Дональд Трамп 20 қаңтарда жаңадан сайлаған президент Джо Байденнің әкімшілігі билікке келетінін еске салып, Ақ үйді сайлаудағы қарсыласына тапсыруға күш салатынын ерекше атап өтті. 

"Конгресс сайлаудың нәтижесін бекітті. Жаңа әкімшілік билікке 20 қаңтарда келеді. Енді, мен билікті мінсіз тапсыруға күш саламын. Осы кезең тыныштық пен татулықты талап етеді", — деп атап көрсетті Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ президенті сайлаудың нәтижесіне не себепті қарсылық білдіргенін де түсіндірді. Оның айтуынша, сол арқылы демократия үшін күрескен. 

"Менің штабым сайлаудың қорытындысына қарсылық білдіру бойынша заңмен бекітілген барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысты. Осылайша, мен америкалық демократияны қорғау үшін күрестім. Біз сайлау туралы заңдарымызға реформа жасауымыз қажет. Соған нық сенімдімін", - деді Трамп.

112
Кілт сөздер:
видеомәлімдеме, видео, Дональд Трамп
Тақырып бойынша
Қазақ қызы АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүр
Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына қатысады
Капитолийге шабуыл, Трампқа ультиматум – өткен түнде АҚШ-та не болды
Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Байден президент болуға дайындалып жатыр, Трамп дауысты қайта санауды талап етті
Әскерилердің түнгі оқу-жаттығуы

Әскерилер оқу-жаттығуы НАТО-ға не береді?

1
2021 жылы НАТО әскери контингенттің өрісін дамытып, армия инфрақұрылымын құру және одан әрі халықаралық деңгейде нығайту арқылы Ресейдің батыс шекараларына қысым жасуды күшейтеді

Мамыр-маусым айларында альянс қырғи қабақ соғыстан кейін Defender Europe 2021 атты ең ірі маневрін өткізеді. Бұған жауап ретінде Ресей мен Беларуссияның қыркүйек айына жоспарланған "Батыс-2021" бірлескен оқу-жаттығуы өтеді, деп жазады РИА Новости.

Ұрыс алаңы – Еуропа

Defender Europe 2021 шарасында бұрынғыдай Шығыс Еуропа мен Балтық маңындағы қорғаныс және шабуыл әрекеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығу желісі бойынша, НАТО күштері Калининград облысына шабуылдап, Ресейдің батыс аймақтарын қоршауға алып, сонымен қатар "орыстардың жаппай шабуылын" сипаттауы керек. Биылғы шарада Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға ерекше назар аударатын болады. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс және "жер-жер" санатындағы зымырандармен соққы жасау өтеді. Венгрия белең алып келе жатқан "соғыстың" тыл қызметі рөлін атқарады.

Америкалықтар Еуропаға қуатты күштерді, соның ішінде 1-ші кавалериялық және 82-ші әуе-десанттық дивизия бөлімдерін жібереді. Атлантика арқылы әртүрлі мақсаттағы жүздеген әскери техника тасымалданады. Сонымен қатар, Флоридадан 53-ші жаяу әскер бригадасы жеткізіледі. Жаттығулардан кейін америкалықтар кейбір қару-жарақты тағы да Еуропада "ұмытып кетуі" ықтимал. Мамандардың пікірінше, осылайша Пентагон аймақтағы шабуылдау мүмкіндіктерін жылдан-жылға арттыра түсуде.

Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына жауап ретінде Ресей мен Беларусьте қыркүйекте "Батыс-2021" маневрін өткізеді. Беларусьтің қорғаныс министрі Виктор Хренин дүйсенбіде "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған аудандардағы біріктірілген шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" сонымен қатар, "жаңа әрі модернизацияланған қару-жарақ пен техниканың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді" деп мәлімдеді. Минсктегілер стратегиялық маневр "берік одақтастық қарым-қатынасты және Беларусь пен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының одақтас мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көзқарастарының бірлігін" бейнелейтіндігін баса айтты.

Қыр көрсету

Қос тарап та маневрді қандай да бір мемлекетке немесе әскери блокқа бағыттау ретінде дипломатиялық пікір алмасуды қолданған жоқ. НАТО күштерімен Калининградты басып алуды пысықтау және ресейлік әскерилердің қаладағы ұрыстарға дайындалуы кіммен соғысатынын анық меңзеп тұр. Әрине, толық көлемдегі қаруланған қақтығыстың орын алуы екіталай болғанымен, ықтималдығы да жоқ емес.

Мамандардың пікірінше, НАТО-ның 2021 жылғы әрекеттеріне АҚШ-тағы биліктің ауысуы тікелей әсер етеді. Дональд Трамп президент болған төрт жыл ішінде Солтүстік Атлантикалық блоктың бірлігі айтарлықтай әлсіреді. Ақ үйдің иесі бірінші кезекте америкалық мүдделерді көздейтінін жасырмады.

Ол тіпті одақтан шығу мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ. Бұл Еуропада үлкен алаңдаушылық туғызып, ЕО әскері туралы мәселе қайта көтерілді. Жаңа президент мұның барлығын түзетуге тырысатыны анық.

"Осы жылы Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынас нашарлайды, – деді Геосаяси проблемалар академиясының бірінші вице-президенті Константин Сивков. – Байден альянсты қалпына келтіріп, оны жұмылдыруға тырысады. Ал бұл үшін сырттан жау қажет. Ресей бұл рөл үшін өте қолайлы. Себебі, Қытай тым алыста орналасқан. Вашингтонға америкалық қоғамды біріктіру үшін де сыртқы жау бейнесі қажет".

Ақша табудың амалы

Сарапшылар НАТО-ның Ресейге қатысты шынайы агрессиялық ұстанымы жоқ деп санайды. Альянсты одан әрі кеңейту америкалықтар үшін көбірек қаражат тауып, Еуропаны өзіне байлап қоюдың бір әдісі. Вашингтон Трампқа дейінгі дәуірге қайта оралып, Ескі әлемнің істеріне қайта араласа бастайды.

"2021 жылы НАТО әскери ұйымнан жаһандық корпорацияға айналып жатқанын көрсетеді деп ойлаймын", – деп түсіндірді америкашыл саясаткер Сергей Судаков.

Оның пікірінше, альянстың негізгі проблемасы – қаржыландыру әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қалтасында ақшасы бардың талтаңдауы іспеттес. Бюджеттің үштен екі бөлігін АҚШ қаржыландырып отыр. Бұл ешкім үшін құпия емес.

"Шығындардың триллион доллардан асып жығылғанын бәріміз жақсы білеміз. Ең алдымен – Вашингтонның арқасында. Еуропалық мемлекеттер әскерилердің дайын тамағына дейін АҚШ-қа сеніп отыр. Бұл Американың ауқымды қорғаныс бюджетін тоқыратпай отыр. НАТО мүддесі бойынша әрекет ететін корпорациялар өте қомақты қаражат тауып жатыр", – дейді ол.

Сарапшы бүгінде Солтүстік Атлантикалық альянстың қызметі ақшаны бір қалтадан екінші қалтаға салуға көбірек ұқсайтынын айтты. Вашингтон НАТО-ға қаражат бөледі, ал одақтастар ол ақшаны америкалық техника мен қару-жарақ сатып алуға пайдаланады. Осылайша, бұл шеңбер тұйықталуда.

Байден кезінде Америка Құрама Штаттары үшін Еуропа әскери өнімдердің негізгі нарықтарының бірі болып қала бермек. Яғни, бұл теңіздің арғы бетінен ресейліктерге қарсы әрекеттер күшейеді дегенді білдіреді. Бірақ сарапшылардың көбісі Вашингтон мен Брюссельде қуаттылығы жағынан әлемдегі екінші әскер күшін шынайы жағдайда тексеруге ешкімнің батылы жете қоймайды деп сенеді.

1
Кілт сөздер:
Еуропа, әскерилер
Микрофон

Танымал әнші ажырасып кетті

8916
(Жаңартылды 17:58 22.01.2021)
Ольга Бузова бұрынғы жігітімен мессенджердегі әңгімесін көрсетті, ол жерде бұрынғы сүйіктісінің қатыгез әрекетін жазды

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші, әнші Ольга Бузова Instagram парақшасында Dava ретінде танымал блогер Давид Манукянмен ажырасқанын хабарлады.

"Біз ұғымы енді жоқ. Менің басым бос енді. Мұны артық сұрақ болмау үшін жазып жатырмын. Себебі ол маған түсініксіз әрі қорқынышты әрекет жасап жатыр", – деп жазды Бузова.

Сондай-ақ Бузова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан Давид жайлы сұрақ қоймауды өтінді. Айтуынша, әншінің жақындары қазір қиын жағдайда жатыр.

"Әпкем инсульт алды, анам мен әжем Литвада, олар қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Бұл менің басымдағы жалғыз уайым емес", – деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ольга Бузова (@buzova86)

Оған қоса, әнші Давид Манукянға сыйлаған бақыт үшін алғыс айтты. Біраз уақыт өткен соң Бузова Давидпен мессенжердегі әңгімесін көрсетті.

"Анаңа сенің қандай жауыз екеніңді айтып беретін уақыт келді. Сен мені ұрып, бетіме түкіріп, қорлайсың", – деп жазды Бузова.

Оқи отырыңыз: "Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады

Айта кетейік, екі жас 2019 жылдың соңына қарай кездесе бастаған болатын.

8916
Кілт сөздер:
ерлі-зайыпты, әнші
Тақырып бойынша
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды
Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші көз жұмды
Қазір иттің итақайы әнші болып жүр – Рамазан Стамғазиев
Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді
Некесіз туған немере мен алданған әнші: 2020 жылы ел аузынан түспеген кімдер?
Куат Найман Хамитов

Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы

1515
(Жаңартылды 22:04 22.01.2021)
Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турниріне қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби карьерасындағы жиырмасыншы жеңіс. Максим Пантелеев екінші рет жеңіліп отыр. Жекпе-жекке дейін "Найманның" қарсыластары екі рет ауысқан болатын. Басында ол Магомед Магомедовпен (12-3), кейін Алексей Ильенкомен (8-3-1) кездесу өткізетін болды. Алайда екі кездесу де жүзеге асқан жоқ.
1515
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды
Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды