Әлем

Түркияда 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақ қызы өлі табылды

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция ұялы телефон сигналдары арқылы Арайлымның соңғы рет қайда болғанын анықтады. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы орман алқабына алып келді

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Анталияда жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева өлі табылды, деп хабарлады SonDaKika.

Басылым мәліметіне сәйкес, оның денесі 9 қаңтарда Сарысу ауданындағы орманда табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @benhic0ldurulmedim

Арайлым біраз уақыт бұрын отбасымен бірге Түркияға қоныс аударған. Сол елде тұруға ықтиярхаты болған. Анасы және інілерімен бірге тұрған Арайлым отбасындағы жанжал төбелеске ұласқан соң өткен жылдың мамыр айында үйден кетіп қалған. Ұялы телефонын өшіріп тастады. Анасы Салтанат Орынбаева ертеңіне полицияға арыз жазған. Бойжеткенді іздеу жұмыстары жеті айға жалғасқан.

Полиция ұялы телефон сигналдары арқылы Арайлымның соңғы рет қайда болғанын анықтады. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы орман алқабына алып келді.

Ол жерде полиция Арайлым Орынбаеваның денесі тапты. Алдын ала болжам бойынша өзіне қол салған, деп жазады Haberler.com.

Бойжеткеннің мәйіті Анталия сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізілген.

Жаңалықтар
0