Дәрігер, архивтегі фото

Адам ағзасынан коронавирустың таралуына әсер ететін зат табылды

118
Ғалымдар адам ағзасынан ферментті шығарғаннан кейін коронавирус инфекциясының көбеймейтінін анықтады

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Ғалымдар адам ағзасындағы коронавирустың таралуына әсер ететін ферментті тапты.

Фермент – ағзада химиялық реакцияға көмектесетін күрделі органикалық зат.

Өкпеде SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін қолдана отырып, Тюбинген университетінің (Германия) мамандары вирус жасушалардың енуіне көмектесетін арнайы зат шығарады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Merkur порталы.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады 

Зерттеулерге сәйкес, гуанилаткиназа 1 (GK1) ферменті коронавирус үшін ерекше маңызды болып саналады. Оны ағзадан "алып тастағаннан" кейін, SARS-CoV-2 көбеюін тоқтатқан.

Ғалымдар өздерінің бұл жаңалығы COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмек жасау және жетілдіру үшін өте маңызды деп есептейді.

118
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ешбір байланыссыз коронавирус жұқтырудың әдісі анықталды
Коронавируске қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатыны туралы нақты дерек шықты
Танымал дәрігер коронавирустың ауыр формасын тоқтатуға көмектесетін әдісті атады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың болашағын болжады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

22
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

22
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр
Сергей Лавров

Навальный, Трамп, Қарабақ және вакцина Лавров мәлімдемелері

30
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров халықаралық күн тәртібінде тұрған елеулі мәселелерге қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2020 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізіп, елеулі оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Лавровтың ең маңызды мәлімдемелері Sputnik Қазақстан материалында.

Навальный туралы

Лавровқа Алексей Навальныйдың Ресейге оралуына қатысты сұраққа да жауап беруіне тура келді.

Баспасөз конферециясы кезінде ресейлік СІМ басшысы Навальныйдың Ресейге оралуы туралы жаңалыққа бәзбіреулердің "жабыса" кеткенін атап өтті.

"Бәзбіреулердің бір-бірінен көшіріп алғандай ұқсас пікірлерді қуана жазып жатқаны сезіліп қалды. Бұл іске қуана кірісуінің де сыры бар. Себебі, батыстағылар өз елдеріндегі күрделі дағдарыстан назарды осылайша басқа жаққа бұра аламыз деп үміттеніп отыр", - деді Лавров.

Ол "өз проблемалары мен дағдарыстарынан назарды бұрудың" әдістерін іздемеуге шақырды.

"Керісінше, әділдіктен аттамай, тең әрі адал халықаралық ынтымақтастықта өз ішкі проблемаларын шешудің мүмкіндіктерін іздеу керек. Навальныйға қатысты оқиға әдейі жасалған және заңға қайшы әрекеттермен сыртқы саяси мәселеге айналды. Навальныйдың қайта оралуы, оны ұстауға байланыстының барлығы құқық қорғау органдарының құзыретіндегі шаруа", - деді СІМ басшысы.  

Лавров Навальныйдың улануына байланысты Германия Ресейге ешқандай заттай айғақ ұсынбағанын айтты. Ресейлік дәрігерлер талдау нәтижелерінен Навальныйдың уланғанын растайтын белгі таппағандықтан, қылмыстық іс қозғауға еш негіз жоқ екенін айтты.

Министрдің пайымынша, Навальныйға қатысты оқиғада Берлин "дипломатиялық дөрекілікке" барып отыр.

"Егер шындықты білгіңіз келсе, онда сыпайы болыңыз әрі заңға бағыныңыз. Өз міндеттемеңізді орындап, дипломатиялық дөрекілік әдістерін қолданбаңыз. Біз олай сөйлеспейміз", - деді Лавров.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Навальный ауруханаға жатқызылды. Блогердің өзінің айтуынша, ол "Новичок" атты улағыш заттың құрбаны бола жаздаған. Ресейлік медицина қызметкерлері пациенттің ағзасынан у белгілерін таппады. Навальный ресейлік ауруханадан немістердің Charité клиникасына ұшақпен жеткізілді. "Ив Роше" қылмыстық ісі бойынша жаза талаптарын бұзғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Навальный жексенбі, 17 қаңтарда Германиядан Ресейге оралды. Құзырлы орган өкілдері оны әуежайда ұстады, қазір оған күзет қойылды.  

"Спутник" вакцинасы туралы

СІМ басшысы Ресей "Спутник V" вакцинасы бойынша басқа елдермен ынтымақтастық орнатуда "мейлінше ашық" екенін мәлімдеді.

"Біз лицензиялық өндірісті ұйымдастыру үшін Ресейдің тікелей инвестициялар қоры шетелдік әріптестерге жасап жатқан ұсыныстарына қатысты оң пікір қалыптасқанын көріп отырмыз" – деді Лавров.

Оның айтуынша, пандемия салдарынан қарым-қатынас орнатудың барлық түріне зиян келді. Мәдени, гуманитарлық, спорттық, туристік байланыстар зардап шегіп, мемлекеттердің ойлау-жоспарлауында өзгерістер қалыптасты.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомствоның басшысы коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жазылғанын, сондықтан, оның ағзасында антиденелер бар екенін айтты.

"Кеше мен мамандардың коронавируспен ауырғандарға да екпе жасауға кеңес беріп жатқанын естідім. Дәрігерлермен ақылдасамын", - деп қорытты министр.

Еске сала кетейік, коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын Қазақстанда тіркеу 26 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтеді деп жоспарлануда. Республикада вакцинаның өндірістік серияларын жеткізу 12 ақпанда басталмақ. Қазірдің өзінде вакцина Сербия, Аргентина, Беларусь, Боливия, Алжир, Палестина, Венесуэла және Парагвайда тіркелген.

Трампты бұғаттау

Лавров АҚШ президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желілердегі аккаунттарының бұғатталуын да тілге тиек етті.

"Осы платформалармен жалған ақпараттың көзіне айналды деп танылғандарды "тұншықтыру" америкалық биліктің ісі емес деп хабарлаған кезде, корпорациялар ешқандай келісімге қол қойған жоқ екені айтылды. Мұның барлығы қулық", - деді Лавров баспасөз конференциясында.  

Министр ең жоғарғы деңгейде қол қойылған ЕҚЫҰ пактілері мен шешімдеріне сәйкес, мемлекет әрбір адамның ақпаратқа еркін қол жеткізуіне жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті.

Қаңтардың басында Трамп митингісінен кейін президенттің жақтастары Капитолийге шабуыл жасап, Конгресс жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатты. Тәртіпсіздіктер салдарынан екі адам қаза тапты, тағы үшеуі зорлық-зомбылықпен байланысты емес себептерден қайтыс болды. Бүлік шығаруға шақырды деген айыппен Трампқа импичмент жариялады.

Трамптың толқулар туралы мәлімдемелеріне байланысты оның Twitch, Twitter, Facebook, Youtube және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары әртүрлі уақытқа бұғатталды. Трамп, бір жағынан, наразылық білдірушілерді тыныштық сақтауға және үйлеріне тарауға шақырса, екінші жағынан, оларды патриоттар деп атап, сайлауда ақпаратты бұрмалау болғанын мәлімдеді.

Таулы Қарабақ туралы

Ресей СІМ басшысы Таулы Қарабақты Ресей құрамына қосу туралы ұсынысты "экзотикалық" деп атады.

"Бізде ондай ой болған емес. Біз осы аймақтағы мәселелердің барлығын осында орналасқан елдер, ең алдымен Армения мен Әзербайжан арасында шешу керек дегенді басшылыққа аламыз", - деп мәлімдеді Лавров.

Ол Ресей аталған өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мұндай шешімді іздеуге көмектесуге дайын екенін айтты. Қазір Ресей, Армения және Әзербайжан әскерилері Қарабақтағы соғыстан кейін әскери тұтқындармен алмасуға арналған тізімді салыстыра тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шыққанын жариялаған сонау 1988 жылы басталған болатын. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданды өз қарамағынан шығарып алды.

Қарабақтағы соғыс 2020 жылдың қыркүйек айының соңында қайта жанданып, қақтығыстың өршуі бейбіт тұрғындар арасында құрбандарға алып келді. Қарашаның соңында Мәскеудің араласуымен Әзербайжан мен Армения оқ атуды толық тоқтату және тұтқындар мен көз жұмғандардың денелерін айырбастау туралы келісімге келді. Ереван Кельбаджар, Лачин және Агдам облыстарын Бакуге қайтарды. Сонымен қатар, бұл аймақта Ресейдің бітімгершілік күштері орналасты.

30
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0