Әлем

Жаңа лауазымдағы алғашқы әңгіме: Путин Байденмен телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВладимир Путин, архивтегі сурет
Владимир Путин, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру екі елдің мүддесіне сай келеді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жуырда ғана АҚШ президенті қызметіне кіріскен Джо Байденмен алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы әріптесін жаңа лауазымдық қызметінің басталуымен құттықтады.

Путин Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру екі елдің мүддесіне сай келетінін, халықаралық қоғамдастық пен әлемдегі қауіпсіздітің әрі тұрақтылықтың сақталуында жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

"Сондай-ақ, Ресей мен АҚШ көшбасшысы СНВ-3 келісімін ұзарту бойынша дипломатиялық ноталар алмасқанына "қанағаттанатындығын" білдірді", – делінген хабарламада.

Путин мен Байден қазіргі кездегі екіжақты және халықаралық мәселелерді талқылап, коронавирусқа қарсы күресте және басқа салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

"Халықаралық тақырыптар арасында АҚШ-тың "Ашық аспан" келісімінен біржақты шығуы, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын сақтау проблемасы, Украинаның ішкі реттелуі, сондай-ақ Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің саммитін өткізу туралы бастамасы сынды мәселелер қозғалды", – деп атап өткен Кремль.

Тараптар арасындағы жалпы әңгіме іскерлік бағытта және ашық өрбіген.

Оқи отырыңыз: Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

Бұған дейін Путин АҚШ президенті Джо Байденді тәжірибелі саясаткер деп атаған болатын.

"Ол өте тәжірибелі адам және өмір бойы саясатта болған. "Патшаны оның нөкерлері жасайды" деген қағидаға сүйенсек, ендігі мәселе оның маңайында қандай команда қалай құрылуына байланысты", – деді Путин Байденмен қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап беру барысында.

Айта кетейік, 2021 жылы 20 қаңтарда Джо Байден ант беріп, АҚШ президенті қызметіне кірісті.

Жаңалықтар
0