Ұялы телефон, архивтегі фото

"Біз не болғанын түсінбедік": Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды

2806
(Жаңартылды 12:03 30.01.2021)
Ұялы телефон ваннада шомылып жатқан 12 жасар баланың үстіне құлап кеткен, смартфон зарядтау құрылғысына қосулы тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Арт-блогер Анастасия Сосновская ұлының зарядталып жатқан телефоннан тоқ соғуы салдарынан көз жұмғанын хабарлады.  

Қайғылы оқиға 10 қаңтарда болды. Бала 12 жаста болған. Анасының айтуынша, олар 40 минут бойы балаға жан бітіруге тырысқан, бірақ ештеңе көмектеспеген.  

Оқи отырыңыз: Тоқ соғуы мүмкін – телефонды қандай жерде қуаттауға болмайды 

"Біз не болғанын түсінбедік. Бүгін, шамамен екі аптадан кейін сот-медициналық сарапшы себебін айтты. Жуынатын бөлмеде зарядталып жатқан телефоннан тоқ соққан екен. Батареясы тез отырып қалатын кішкентай iPhone 4c бір секундқа ішіне құлап түскен. Ұлым оны еденге лақтырып үлгерген, бірақ кеш болған", - деп жазды Сосновская Instagram-да

Арт-блогер ата-аналарды балаларға телефонды ваннаға кіргізуге рұқсат бермеуге шақырды.

"Бүгін маған ваннада телефон ұстап жатып қайтыс болған адамдардың фотосуреттерін көрсетті. Мұндай жағдай көп екен. Өйткені біз қауіп-қатерді жете бағаламаймыз. Ондайдан адам өлмейді деп ойлаушы едім. Егер білгенімде ғой ..."- деп толықтырды Сосновская.

Қазақстанда 2019 жылы 14 жастағы мектеп оқушысы тоқ соғып қайтыс болды: ол телефонды қуаттау құрылғысына қосып, ұйықтап қалған. Таңертең ата-анасы оның мәйітін тапқан.

2020 жылы осыған ұқсас жағдай болды: 15 жасар қызды қуаттау құрылғысына қосылған телефонмен сөйлесіп жатқан кезде тоқ ұрды. Қыз жергілікті базардан сатып алынған арзан зарядтағышты пайдаланған.

2806
Кілт сөздер:
блогер, ұялы телефон
Коронавирус пандемиясы

ДДҰ пандемия қашан аяқталатынын болжады

725
(Жаңартылды 12:45 06.03.2021)
Қазіргі уақытта вирусты анықтауға арналған диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар, деді ұйымның бөлім басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады.

"2021 жыл да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.

Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.

"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.

Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді. 

725
Кілт сөздер:
коронавирус, ДДҰ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Коронавирустың бірден екі штаммын жұқтырған адам анықталды
Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Михаил Саакашвили, архивное фото

Зеленкий Саакашвилиді қызметінен босатты

123
2019 жылы 28 мамырда Владимир Зеленский Саакашвилиге қайта азаматтық беріп, реформалар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы комитетінің басшылығына тағайындаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Михаил Саакашвили украиналық үйлестіру кеңесінің құрамынан шығарылды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің жарлығы ресми сайтында жарияланды. 

Құжат күшіне енген.

Босаған орынға реформалар жөніндегі атқару комитетінің сарапшысы Георгий Цхакай келді.

Айта кетейік, 2013 жылы Михаил Саакашвили Грузиядан кетіп қалған. Сол кезде оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалған болатын. Оны сырттай соттап, қамауға алуға шешім шығарған.  

2015 жылы Саакашвили Украинаға келді. Петр Порошенко оны Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Алайда бір жылдан кейін бұл қызметтен алып тастады. Ал 2017 жылы Украина азаматтығын қайтарып алды.  

2019 жылы 28 мамырда осы елдің жаңа президенті Владимир Зеленский Саакашвилиге қайтадан азаматтық беріп, реформалар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы комитетінің басшылығына тағайындады.

123
Кілт сөздер:
қызмет көрсету, Михаил Саакашвили, Зеленский
Тақырып бойынша
"Украина мұны ұмытпайды": Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты
Марғұлан Сейсембай Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді
Зеленский террористің ойға қонымсыз талабын орындауға мәжбүр болды - видео
Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады
Михаил Саакашвили төбеден секіремін деп әлек салды – оқиға орнында түсірілген видео
Еден, шүберек

Алматылық еден жуушының керемет өзгерісі жұртты тәнті етті фото

6
(Жаңартылды 13:36 06.03.2021)
Мұсатаев өзгеруге арналған жобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MEDIA|PR|ПАПА|СЕМЬЯ (@mussatayev)

Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.

"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.

Ол әйелдің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.

6
Кілт сөздер:
фото, әйел, еден жуушы, Алматы
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
Қыз-келіншектер 8 наурызға қандай сыйлық алғысы келетінін айтты – видео 
Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді - фото
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты