Неке жүзігі

Үйлену тойының алдында қайғылы жағдай болды

11675
(Жаңартылды 12:24 31.01.2021)
Үйлену тойының алдында қыздың жігіті желіде ортақ суреттерін жариялап, бойжеткеннің туыстарына жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Үндістанда ер адам әлеуметтік желідегі суреттен кейін қарындасын атып өлтірді, деп хабарлайды жергілікті TV9 телеарнасы.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Мератх қаласының Уттар-Прадеш штатында болған.

Арнаның ақпаратына сәйкес, үйлену тойының алдында қыздың жігіті желіде ортақ суреттерін жариялап, бойжеткеннің туыстарына жіберген.

Қыздың ағасы олардың қарым-қатынасына қарсы болған. Сондықтан суретті көрген соң ашуға булығып, досынан тапанша алды. Кейін туған қарындасын атып тастады.

Ер адам қылмысты мойнына алғаны хабарланып отыр. Полиция тұтқындады.

11675
Кілт сөздер:
Үндістан, үйлену тойы
Тақырып бойынша
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Күйеу жігіт сене алар емес: үйлену тойы күні сұмдық жағдай болды
Біреуінің халі нашар: Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды
Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды
Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды – видео
вакцина

"Спутник V" вакцинасы көш бастап тұр Ресей тікелей инвестициялар қоры

17
Lancet ғылыми журналы жуырда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасына қарсы болғандар препаратқа деген сенімге селкеу түсіруді көздеп отыр. Бұл жөнінде Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен "Спутник V" вакцинасын халықаралық деңгейде мойындау туралы ғана емес, біздің препарат әлемде көшбасшы екенін де айтуға болады деп ойлаймын. Әрине, біз қарапайым болуымыз керек, бірақ, шындық осы. Бізде әлемдегі ең үздік препарат бар. Бұл ресейлік ғалымдардың үлкен ерлігі. Мұны мақтан тұту қажет", - деді Дмитриев вирусология саласындағы ресейлік жетістіктерге арналған көрменің ашылуында.

"Ресейдің дұшпандары біздің елімізге деген әлем сеніміне нұқсан келтіруге тырысты. Олардың ресейлік вакцинаны күмәнді етіп көрсетуге сонша күш жұмсауын жақсы түсінеміз. Себебі, "Спутник V" әлемдегі ең үздік вакцинаның бірі. Бұл препарат олардың бойында үрей тудырады", - деп сенім білдірді РТИҚ басшысы.

Lancet ғылыми журналы біраз уақыт бұрын коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижелерін жариялады. ІІІ клиникалық зерттеулер кезінде "Спутник V" препараты тиімділіктің, иммуногенділіктің және қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштерін паш етті. Вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрады. Вакцина коронавирусты инфекция жұқтырудың ауыр жағдайларынан толық қорғайды. "Спутник V" вакцинасын қолдануға әлемнің 30-дан астам елі рұқсат етіп отыр. Ресейлік вкцина тіркелген елдердегі халықтың жалпы саны 1,1 миллиард адамнан асады.

17
Архивтегі фото

Жұмаға қараған түні белгісіз біреулер мектепке баса-көктеп кірді

777
Нигерияда террористер түнгі уақытта қыздарға арналған мектепке басып кірген. Жергілікті тұрғындар оқушы қыздарды құтқару үшін содырларды іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.

Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.

777
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды
Мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысында он мектеп карантинге жабылды 

0
Жыл басынан бері өңірде 600 оқушыдан коронавирус анықталған.  Сондай-ақ 109 педагог ауырған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус салдарынан он мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте.

Жыл басынан бері өңірде оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 600 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 341 бала штатты режимде сабақ оқыса, коронавирус жұқтырған 259 оқушы қашықтан оқыған. Ал мұғалімдер арасында 109 педагогтен коронавирус анықталған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген, деп нақтылады санитар дәрігер.

"Қазір он мектеп карантинге жабылған: Қызылжар ауданында - Соколовская, Сивковская және Кустовская орта мектептері, Мағжан Жұмабаев ауданында - Қарақоға және Полтава орта мектептері, қазақ тілінде оқытатын Еңбекші мектебі, Пролетарская бастауыш мектебі, Уәлиханов ауданында – Бидайық орта мектебі, Мүсірепов ауданында - Салқынкөл орта мектебі, Тайынша ауданында - Ильичевск орта мектебі", - деді Жұматаев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ата-аналардың өтінішіне құлақ асып, келесі аптадан бастап балабақшалардағы кезекші сыныптардағы орындар санын арттыруға уәде етті.

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды 

"Балабақшаларда қосымша орындар ашу жөнінде маған ата-аналардан көп өтініш келіп түседі. Пандемияға баланысты балабақша жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Сондықтан кезекші сыныптар тек жартылай жұмыс істеп тұр. Қазір аймақтағы жағдай біршама тұрақтанды. Біз "жасыл" аймаққа өттік. Бұл карантин шектеулерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан келесі аптадан бастап кезекші сыныптардағы орындар санын арттырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Құмар Ақсақалов осындай қиын кезеңде түсіністік танытып, шыдамдылық білдірген ата-аналарға алғыс айтты.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Батыс Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді
Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі
Облыстардың бірінде карантин жеңілдетіледі