Әлем

Сот отырысында адвокат ұятқа қалды – видео

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Адвокат бұл әрекетін әдейі істемеген. Жағдайды түзей алмаған соң отырысты сол күйі жалғастыруға мәжбүр екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. АҚШ-тың Техас штатының адвокаты Zoom-да өткен онлайн сот отырысына мысықтың виртуалды маскасымен қатысты.

Род Понтон мүлікті тәркілеу ісіне қатысты отырыста фильтрді жоя алмады, деп хабарлайды NBC news.

Жағдайды түзей алмаған соң отырысты осылай жалғастыруға мәжбүр екенін жеткізді.

"Мен осылай жалғастыруға дайынмын. Мен онлайнмын, мысық емеспін", - деді ол әріптестерінің көңілін көтеріп.

Ерекше отырыстан соң 394-ші сот округінің судьясы Рой Фергюсон онлайн жиындар алдында баптауларды тексеруге кеңес берді.

"Компьютерді балаңыз қолданса, баптауларды тексеріп, фильтрлерді алып тастаңыздар. Бүгін мысық сотта қаралған іске қатысты ресми мәлімдеме жасады", - деп жазды ол Twitter-де.

Ал адвокат көшіп жатқандықтан, көмекшісінің компьютерін алғанын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін америкалық журналист Джастин Хинтон тікелей эфирде ұқсас жағдайға тап болған еді. 

Жаңалықтар
0