Сарапшылар сұраныс артуына байланысты баға біртіндеп өседі деп болжап отыр. Бұл бірінші кезекте жасыл энергияға көшуге асықпай жатқан Азия елдеріне байланысты. Алайда, жағдайды ЕО мен Жапония өзгертуі мүмкін. Жағдай қалай өрбитіні туралы РИА Новости материалында.
Мұнай саласы пандемиядан қатты зардап шекті. Өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын тоқтатты, көлік және әуе қатынасы қысқарды. Негізгі мұнай өнімі саналатын жанармайға деген сұраныс құлдырады.
Сондықтан, ОПЕК + елдеріне өндірісті күрт қысқартуға тура келді. Мысалы, Ресей 8,5 процентке қысқартты. Бұл туралы желтоқсан айында РФ президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде вице-премьер Александр Новак мәлімдеді.
Бірақ баға сәуір айының соңында барреліне 20 доллардан маусымның ортасына қарай 40 долларға дейін өсті. ОПЕК + елдерінен басқа Иран да АҚШ санкцияларына байланысты өндірісті тәулігіне 2,8 миллион баррельден 0,3 миллионға дейін азайтты.
Желтоқсанда айында мұнайдың бір баррелінің бағасы 52 доллар болды. Содан кейін коронавирустың жаңа штаммы мен кезекті шектеулер туралы жаңалықтарға байланысты бағада қайтадан кері шегініс болды.
Қазір сұраныс қалпына келіп жатыр. Ауқымды вакцинация мұнай нарығына оптимизммен қарауға себепші болып отыр. Себебі, бұл коронавирустың таралуына кедергі болып, бірқатар елдерде шектеулердің алынуына ықпал етпек. Ақпан айында баға белгілері тұрақты түрде өсуде. Brent маркалы мұнай 61 доллар шегінен асып түсті. Соңғы рет мұндай баға өткен жылдың 7 қаңтарында болған.
Сондай-ақ, ОПЕК сұраныс пен ұсыныстың теңгеріміне қарай ай сайын квоталарды қайта қарастырып жатыр.
"Бұл тәсіл нарық қатысушыларының алаңдамауына әсер етеді. Олар вакцина тиімсіз болған жағдайда картель тарапынан қолдау болатынына және экономиканың коронавирусты пандемияға дейінгі қалпына қайта оралатынына сенім бідіріп отыр", - деді Жоғары қаржы басқару мектебінің аналитикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Михаил Коган.
ОПЕК + елдері қаңтардан бастап өндірісті тәулігіне екі миллион баррельге дейін арттыру туралы ұсыныстан бас тартты. Алайда, Ресей мен Қазақстанға өндірісті аздап көбейтуге рұқсат берді. Қалған мемлекеттер ақпан-наурыз айларында нарықтан өз еркімен күн сайын 1,425 миллион баррельді алып тастап отырады. Бұл тұста миллион баррель Сауд Арабиясына тиесілі. Әйтсе де, осы уәделер аясында мұнай бағасының өсуі әлі де жалғасып жатыр.
Бірақ, сарапшылар мұнай бағасы аса қарқынды өседі деп ойламайды. Бұған бір уақытта бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, мұнай қоры әлі де көп. Бүкіл әлем бойынша қоймаларда миллиардтан астам баррель мұнай жиналып тұр.
Сонымен қатар, Ливия мұнай жеткізуді арттырып жатыр. Нарыққа Ираннан келген шикізат толып кетуі ықтимал. "Ливия мұнайы өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуі мүмкін, ал Иран мұнайы ОПЕК + ұйымын өз саясатын түзетуге мәжбүр етеді. Бірақ, бұл үшін ең алдымен Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіспеушілік реттелуі керек", - дейді Коган.
Ол алдағы айларда мұнай 52-65 доллар аралығында сатылады деп болжап отыр.
Экономикасы жылдам қарқынмен қалпына келіп жатқан Азия елдері нарыққа қолдау көрсетеді. Халықаралық энергетика агенттігінің болжамы бойынша, 2021 жылы Қытайда сұраныс тәулігіне 745 мың баррельге, Үндістанда 380 мың баррельге өседі.
Сонымен қатар, Қытай мен Үндістанның мұнай өңдеуші зауыттары болжанған мөлшерден көп отын қажет болуы мүмкін. Бұл елдер жасыл энергияға көшуге асығар емес.
"Ұшақтар мен кемелер баламалы энергия көздерін пайдаланбайынша, мұнайды ауыстыру туралы мәселе туындауы мүмкін емес. Сондықтан, АҚШ Энергетика министрлігінің 2050 жылға қарай шикізат бағасы 173 долларға дейін қымбаттайды деген болжамы шындыққа жанасады. Бұл тарихи 2008 жылдағы көрсеткіштен (147) де жоғары болмақ. Алайда, жағдай бірқалыпты болса, мұнай бағасы 95 долларды, негативті өрбіген болса, 48 долларды құрайды деп болжануда. Қалай болғанда да, жасыл энергетиканың кеңінен таралуы көмірсутектерге деген сұранысты біртіндеп төмендетіні анық", - дейді "Фондовый капитал" инвестициялық компаниясының бас аналитигі Даниил Болотских.
Осылайша, 2030 жылға қарай Германия энергетика секторындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жапония 2025 жылға қарай іштен жану қозғалтқыштарын электр қозғалтқыштарына ауыстыруға дайындалып жатыр.
ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.
Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?
Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.
Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.
Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.
Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".
Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.
Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. "Борат 2" фильмі "Алтын глобус" сыйлығының екі мүсіншесін иеленді.
Бірінші мүсінше кинотуындыға "Үздік комедия" номинациясы бойынша берілді. Басты рөлді сомдаған Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі үздік актер" номинациясы бойынша марапатталды.
Ойдан шығарылған кейіпкер – қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің рөлін сомдаған ағылшын комигі Саша Барон Коэн 2021 жылдың ақпанында бұл рөлге не себепті қайта келгенін айтып, енді Борат жайлы фильм түсірмеуге уәде етті.
"Мен демократияға қауіп төнгенін сездім. Сондықтан фильмді аяқтау керек екенін ұқтым. Жалпы бұл фильм Трамп пен трампизмнің қаупі туралы. Мен Трамп үшін Боратты экранға қайта шығардым. Бұл фильмнің нақты мақсаты болды. Оны қайта түсірудің енді мәні жоқ", - деді Коэн.
"Борат" және "Борат 2" картиналары Қазақстанда үлкен наразылық тудырды. Ел тұрғындары бірінші бөлімде қазақстандықтарды "жезөкше мен бандиттер" кейпінде, ал елді меңіреу жер ретінде көрсеткеніне ашуланды.
"Борат" төңірегіндегі дау: ҚМДБ туды қорлағандарға қатысты мәлімдеме жасады
Саша Барон Коэн комедияда көрсетілген мемлекеттің шынайы Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді. Комик АҚШ-та Қазақстанды көп адам біле бермейтіндіктен осы елді таңдағанын айтқан. Бұл "жабайы, комедиялық, жасанды әлем" құруға мүмкіндік берген.
Коэн шынайы Қазақстан заманауи қоғамы бар тамаша ел екенін айтты.
Борат туралы алғашқы фильм 2006 жылы, екінші бөлімі 2020 жылы жарық көрді. Кинокартина сюжеті бойынша Сағдиев қайтадан АҚШ-қа келіп, президент сайлауы алдында елдегі саяси өмірді зерттей бастайды. Фильм америкалық надандық пен соқыр сенімді мазақ ету мақсатында түсірілген.
Лос-Анделес пен Нью-Йоркте "Алтын глобус" сыйлығын тапсырудың 7-ші салтанатты шарасы өтті. Пандемияға байланысты марапаттау салтанаты АҚШ-тың батыс және шығыс жағалауындағы екі қалада бір уақытта өтті. Шараны Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.
"Алтын глобус" – 2021 сыйлығының жеңімпаздары:
Марапат нәтижесінің толық тізімі туралы мына жерден оқуға болады.