Әлем

Mercedes миллионнан астам автокөлікті кері қайтарады

CC0 / / Mercedes-Benz G
Mercedes-Benz G - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Mercedes автокөлік иелеріне хабар береді және бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңартады. Ал кері қайтару 6 сәуірде басталады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Mercedes-Benz компаниясы АҚШ-тағы 1 миллионнан астам көлікті қайтарып алады. Оған eCall жедел қоңырау шалу жүйесіндегі ақау себеп болды, деп хабарлады Auto News.

ECall жүйесіндегі ақау Mercedes-Benz автокөлігінің қатысуымен болған жол апатынан кейін анықталған. Жүйе жедел қызметке көліктің орналасқан жері туралы қате мәлімет берген. Соған байланысты тексеру 2019 жылдан бері жүргізілген. Нәтижесінде соған ұқсас жағдайлардың болғаны анықталды.

Соған байланысты АҚШ-тың ұлттық қозғалыс қауіпсіздігі басқармасы 2016 жылдан 2021 жылға дейін елде шығарылған Mercedes-Benz автокөліктерін қайтарып алуды ұсынды. Оған CLA, GLA, GLE, GLS, SLC, A, GT, C, E, S, CLS, SL, B, GLB, GLC және G моделі кіреді.

Оқи отырыңыз: Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин

ECall модуліндегі ақау бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы түзетілмек. Сонымен қатар Mercedes автокөлік иелеріне хабар береді және бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңартады.

Кері қайтару 6 сәуірде басталады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0