Нгози Оконджо-Ивеала

Әлемдік ұйымға алғаш рет әйел адам жетекшілік етеді

60
Нгози Оконджо-Ивеала жаңа лауазыммен қатар, вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың басқарма төрағасы қызметін қоса атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Нигерия өкілі Нгози Оконджо-Ивеала Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) бас директоры лауазымын иеленген алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды РИА Новости.

"ДСҰ мүшелері доктор Нгози Оконджо-Ивеаланы ДСҰ-ның келесі бас директоры етіп тағайындау туралы келісімге келді. Шешім консенсус негізінде Бас кеңестің кезектен тыс отырысында қабылданды. Оконджо-Ивеала ДСҰ-ны басқарған алғашқы әйел және алғашқы африкалық атанды", – деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Хабарламада Оконджо-Ивеаланың қызметке 1 наурызда кірісетіні және оның өкілеттігі 2025 жылдың 31 тамызына дейін жарамды екендігі айтылған.

"Егер біз COVID-19 пандемиясының салдарынан келген зардапты тез қалпына келтіруіміз керек болса, онда ДСҰ-ның маңызы зор. Мен (ДСҰ) мүшелерімен әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін қажетті реакцияны қалыптастыру және жүзеге асыру үшін жұмыс істеуге дайынмын", – деді Оконджо-Ивеаланың өзі тағайындалғаннан кейін.

Оконджо-Ивеала 1954 жылы Нигерияның Огваши-Уку қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Нигерияның қаржы министрі, осы елдің сыртқы істер министрі болған. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры лауазымын атқарған. Қазіргі кезде ол вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың (GAVI) басқарма төрағасы.

Оқи отырыңыз: Министр Қытайдағы жағдайға байланысты азық-түліктің қымбаттауы туралы айтты

Айта кетейік, ДСҰ басшысы Роберто Азеведо қызметтен кететінін өткен жылдың 31 тамызында мәлімдеді. Ол мұның басты себебін – отбасы мүшелерінің Женева (ДСҰ-ның штаб-пәтері орналасқан) мен Бразилияда екі бөлініп тұрып жатқандықтан, осындай шешім қабылдадымдеп түсіндірген.

60
Кілт сөздер:
әйел, халықаралық қатынастар
Тақырып бойынша
ЕАЭО-дағы өндіріс көлемі
Әлемдік азық-түлік экспорты: шектеу енгізудің зардабы мен пайдасы қандай?
"Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі
Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
Карантин, коменданттық сағат және қатаң жаза: адамзат коронавируспен қалай күресті?
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

10
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

10
Борат-2 фильмінің ресми постері

"Борат 2" фильмі "Алтын глобустың" қос жүлдесіне ие болды

29
Қазақстандағы және Интернеттегі наразылықтарға қарамастан, "Борат 2" фильмі "Алтын глобус" сыйлығын тапсыру салтанатында ең үздік комедия деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. "Борат 2" фильмі "Алтын глобус" сыйлығының екі мүсіншесін иеленді.

Бірінші мүсінше кинотуындыға "Үздік комедия" номинациясы бойынша берілді. Басты рөлді сомдаған Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі үздік актер" номинациясы бойынша марапатталды.

Ойдан шығарылған кейіпкер – қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің рөлін сомдаған ағылшын комигі Саша Барон Коэн 2021 жылдың ақпанында бұл рөлге не себепті қайта келгенін айтып, енді Борат жайлы фильм түсірмеуге уәде етті.

"Мен демократияға қауіп төнгенін сездім. Сондықтан фильмді аяқтау керек екенін ұқтым. Жалпы бұл фильм Трамп пен трампизмнің қаупі туралы. Мен Трамп үшін Боратты экранға қайта шығардым. Бұл фильмнің нақты мақсаты болды. Оны қайта түсірудің енді мәні жоқ", - деді Коэн.

"Борат" және "Борат 2" картиналары Қазақстанда үлкен наразылық тудырды. Ел тұрғындары бірінші бөлімде қазақстандықтарды "жезөкше мен бандиттер" кейпінде, ал елді меңіреу жер ретінде көрсеткеніне ашуланды.

"Борат" төңірегіндегі дау: ҚМДБ туды қорлағандарға қатысты мәлімдеме жасады

Саша Барон Коэн комедияда көрсетілген мемлекеттің шынайы Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді. Комик АҚШ-та Қазақстанды көп адам біле бермейтіндіктен осы елді таңдағанын айтқан. Бұл "жабайы, комедиялық, жасанды әлем" құруға мүмкіндік берген.

Коэн шынайы Қазақстан заманауи қоғамы бар тамаша ел екенін айтты.

Борат туралы алғашқы фильм 2006 жылы, екінші бөлімі 2020 жылы жарық көрді. Кинокартина сюжеті бойынша Сағдиев қайтадан АҚШ-қа келіп, президент сайлауы алдында елдегі саяси өмірді зерттей бастайды. Фильм америкалық надандық пен соқыр сенімді мазақ ету мақсатында түсірілген.

2021 жылы "Алтын глобус" марапатын иеленгендер

Лос-Анделес пен Нью-Йоркте "Алтын глобус" сыйлығын тапсырудың 7-ші салтанатты шарасы өтті. Пандемияға байланысты марапаттау салтанаты АҚШ-тың батыс және шығыс жағалауындағы екі қалада бір уақытта өтті. Шараны Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.

"Алтын глобус" – 2021 сыйлығының жеңімпаздары:

  • үздік фильм (драма) – "Көшпенділер жері"
  • үздік фильм (комедия немесе мюзикл) – "Борат 2"
  • драмалық фильмдегі үздік актер – Чедвик Боузман, "Ма Рейни: Блюз анасы"
  • комедия немесе мюзиклдегі үздік актер – Саша Барон Коэн, "Борат 2"
  • драмалық фильмдегі үздік актриса – Андра Дэй, "Құрама Штаттар Билли Холидейге қарсы"
  • комедия немесе мюзиклдегі үздік актриса – Розамунд Пайк, "Алаяқ"
  • екінші пландағы үздік актер – Дэниэл Калуя, "Иуда және қара мессия"
  • екінші пландағы үздік актриса – Джоди Фостер, "Мавритан"
  • үздік режиссер – Хлоя Чжао, "Көшпенділер жері"
  • үздік сценарий – "Чикаголық жетілік соты "
  • шет мемлекет тіліндегі үздік фильм – "Минари"
  • үздік анимациялық фильм – "Жан"
  • үздік музыка – "Жан"
  • үздік ән – "Io sì (Seen)" — "Бүкіл өмір алда"
  • үздік драмалық сериал – "Тәж"
  • драмалық сериалдағы үздік актер – Джош О’Коннор, "Тәж"
  • драмалық сериалдағы үздік актриса – Эмма Коррин, "Тәж"
  • үздік комедиялық сериал – "Шиттс Крик"
  • комедиялық сериалдағы үздік актер – Джейсон Судейкис, "Тед Лассо"
  • комедиялық сериалдағы үздік актриса – Кэтрин О’Хара, "Шиттс Крик"
  • үздік шағын сериал – "Патшайым жүрісі"
  • шағын сериалдағы үздік актер – Марк Руффало, "Мен шындықты білемін"
  • шағын сериалдағы үздік актриса – Аня Тейлор-Джой, "Патшайым жүрісі"
  • сериал немесе шағын сериалдағы екінші пландағы үздік актер – Джон Бойега, "Өзгерістер дауысы"
  • сериал немесе шағын сериалдағы екінші пландағы үздік актриса – Джиллиан Андерсон, "Тәж".

Марапат нәтижесінің толық тізімі туралы мына жерден оқуға болады.

29
Тақырып бойынша
Саша Барон Коэн "Борат" туралы: шкафқа қамап қойдым
"Бұл өтірік емес": Бүркіт "Боратқа" нағыз Қазақстанды көрсетпек
Саша Барон Коэн "Борат" үшін неге Қазақстанды таңдағанын айтты
"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы жауап берді
"Көрсетуге болмайды": "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ бас консулдығына барды
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді