Ұшақ

Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды

1084
United Airlines әуекомпаниясының Денверден Гонолулуға бағыт алған ұшағы ақау салдарынан қайта қонуға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Америкалық БАҚ пен желі қолданушылары Колорадо штатындағы тұрғын үйлер маңына Boeing 777 ұшағының бөлшектері құлаған сәт түсірілген видео жариялады.

Fox News телеарнасының мәліметінше, United Airlines әуекомпаниясының Денверден Гонолулуға бағыт алған ұшағы ақау салдарынан қайта қонды. Ал ұшақ бортында 241 жолаушы болған.

Ұшақ ішінде отырған жолаушылардың бірі отқа оранған ұшақ қозғалысын ұялы телефонына түсіріп алған. 

Интернетте тараған видеоларға қарағанда, лайнердің бір қозғалтқышында өрт шығып, бөлшектері жартылай шашылып жерге түскен. Борттағы жолаушылар мен ұшақ бөлшектерінің құлауы салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ал желіде жарияланған видеодан тұрғын үй аумағына ұшақ бөлшектерінің құлаған сәтін көруге болады. 

​Тағы бір бейнеде қозғатқыштың қаңылтыр қаптамасын адамдардың жинастырып жатқаны көрінеді. 

Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес тергеп, тексеру жүргізетінін мәлімдеп, тұрғындардан ұшақ бөлшектерін тапқан жағдайда оған қол тигізбей, билік өңілдеріне хабарлауды сұрады.

1084
Кілт сөздер:
жолаушылар, ұшақ
Тақырып бойынша
Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді
Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері
Ұшақ бортында ауырып қалған бала Ақтауда қайтыс болды
Индонезиядағы Boeing 737 апаты: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене бөлшектерін тапты
Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды
Архивтегі фото

Қазақстандықтар таратып жатқан жантүршігерлік видео қайда түсірілгені белгілі болды

6371
(Жаңартылды 16:03 07.03.2021)
Stopfake.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласында түсірілді делінген видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін жазды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде бірнеше адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның видеосы тарады.  

Роликтің астына: "Нұр-Сұлтан әкімдігі 8 наурызға орай көпбалалы аналарға 17 доллардан беріп жатыр", - деп жазылған.

Stopfake.kz порталы ол Қазақстанда түсірілмегенін хабарлады. Бұл онсыз да түсінікті еді, өйткені видеода адамдар не қазақша, не орысша сөйлемейді.

Кадрдан көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатындағы галереяда көптеген адам кептеліп қалғанын көруге болады. Таяныш қысымға шыдамай, сынып кетіп, бірнеше адам құлап кетеді.

Бұл видео Боливияда, Эль-Альто университетінде түсірілген. Трагедия студенттер жиналысқа бара жатқан кезде болған. Салдарынан бес адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан полициясы "қыздың елесі жүрген" ауылды тексерді – видео 

6371
Қолтырауын

Әкесімен балық аулауға барған: қолтырауын сегіз жасар баланы жұтып қойды

4105
(Жаңартылды 19:58 06.03.2021)
Ер адам қолтырауынның соңынан қуып, ұлын құтқаруға тырысса да, жыртқыш өзеннің түбіне қарай жүзіп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Индонезияда Темпакул өзенінде трагедия болды. Әкесімен бірге балық аулауға барған 8 жасар баланы қолтырауын жұтып қойды, деп хабарлайды The Sun.

Ұзындығы алты метрлік жыртқыш ер адам өзен жағасынан алыстаған кезде балаға тап берген.

Ер адам жағаға қарай жүгіріп, қолтырауынмен алыспақ болады. Жыртқышты қуып жетіп, ұрады, бірақ қолтырауын баланы жұтып қойып, жүзіп кетеді.

Жыртқышты келесі күні аулайды. Асқазанынан баланың мәйітін шығарады, оның денесінде жарақат іздері болмаған.

Осыған ұқсас жағдай 2019 жылы Филиппинде болған еді. Жасөспірім інісімен бірге өзенде шомылып жүргенде, алып жыртқыш бас салған. Қолтырауын ер баланың сол қолынан тістеп, өзеннің түбіне қарай тарта жөнеледі. Оқиғаның куәгері болған інісі көмек шақыру үшін үйіне қарай жүгіріпті.

Оқиға орнына балалардың әкесі жетеді. Отағасы ұлын жыртқыштың азуынан босату үшін әуелі қолтырауынды жұдырықпен тоқпақтайды, бірақ еш нәтиже болмаған. Сол кезде ер адам қолтырауынның қолындағы жұмсақ жерлерін тістелей бастапты, көп ұзамай жыртқыш баланы қоя беріп, жүзіп кетеді.

4105
Кілт сөздер:
балық аулау, қолтырауын
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

1235
Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады

АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Алматыдан 40 шақырым жердегі Жауғашты кентінде ЛА-155/4 әйелдер түрмесі орналасқан. Мұнда баласымен бірге отырғандар да бар. Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады.

Алматы облысындағы бұл түрме – әйелдер жазасын өтейтін Қазақстандағы алты мекеменің бірі. Мұнда бір мезгілде 1200-ге жуық адамға орын табылады. Бұл мекеменің бір ерекшелігі – мұнда әйелдер балаларымен бірге тұра алады. Бұл мекеменің ашылғанына бір жылдан кейін 85 жыл болады. Осы уақыт аралығында ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған қанша әйелдің жазасын өтегенін бірден нақты ешкім айта алмас. Себебі жыл сайын ол қатарға қосылып жатқандар мен жазасын өтеп шыққандар саны әртүрлі.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жауғашты кентіндегі әйелдер түрмесінде жазасын өтеушілер

Қазір бұл түрмеде 460-қа жуық әйел бар. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.

Көктемді асыға күтеді

Жауғашты ауылындағы түрмеде отырған әр әйелдің оқиғасы әртүрлі. Түрме аумағына кірер кезде тыйым салынған заттың бәрін қалдыру керек. Осылайша қаншама әйел жылдар бойы сыртқа шығуды армандайтын есіктен сол әлемге кіресің.

Женская колония ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Түрмеде қазір 459 әйел бар. Бұған дейін бұл жерде адам аз болған екен. Оған түрме қызметкерлері пандемияның ықпалы бар деп санайды.

"Қазір бізде 459 тұтқын бар. Бұған дейін аз болды. Пандемияға байланысты сот шешімі кейінге қалып отырды немесе басқа да себебі бар шығар. Карантин жеңілдетілген кезде бізге жаңадан сотталғандар келе бастады. Арасында кәмелетке толмаған екі қыз бар", - дейді ЛА-155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмеде қазір 459 әйел бар

Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады.

Мұнда сотталғандар концертті өздері ұйымдастырады, ал әкімшілік сондай шараларды жиі өткізіп тұруға тырысады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сондай сәт толық болмаса да, қабырғаның ар жағындағы өмірге бір сәтке оралуға мүмкіндік береді.

Ограждение колонии, колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Колония қоршауы, тікенек сымдар

Ал сотталғандардың өзі бұрын бағалы болмаған уақыттың әр минуты алтынға тең деген ойда.

"Біз жақын адамдарымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал сыртта бейтаныс адамдарға жылы сөйлеп, үйге келген соң ашу-ызамызды шығарамыз. Балаларға, жақындарымызға, анамызға қатты сөйлейміз. Алайда ол адамдар ештеңеге қарамастан бізді жақсы көреді. Біздің жақсы не жаман екенімізге қарамайды. Немесе қатыгез, мейірімді, ауру, сау екенімізге қарамай жақсы көреді", - деді сотталған Наталья Кандолова.

Наталья Кандолова - осужденная
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сотталушы Наталья Кандолова

Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.

"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді ол.

Баланы сыртқа теппейді

Мұндағы әйелдерден түрмеге қандай қылмысы үшін түскенін сұрауға болмайды. Мұны жазылмаған заң десе де болады. Себебі әрқайсының еске алғысы келмейтін оқиғасы бар.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Серуендеуге шыққан әйелдер

"Біртүрлі болып көрінгенімен, осы жерде отыруға тура келгеніне өкінбеймін. Не себепті отырғанымды, оған не себеп болғанын білемін. Иә, бұл – сынақ. Алайда ол маған өзімді табуға, түсінуге көмектесті. Бұл жерде әртүрлі адаммен тіл табысуға үйрендім. Еркіндікке шыққан соң қай бағытта әрекет ететінімді, қалай өмір сүру керек екенін түсіндім. Тек жақындарымнан жырақ жүргенім қынжылтады. Аз қалды. Бір айдан астам уақыттан кейін шығамын деп үміттенемін. Сол күнді күтіп жүрмін", - дейді сотталған Ботагөз Бахарова.

Ботагөз өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.

"Баласы бар әйелдер балалар қалашығында тұрады. Бұған дейін олар жасақ құрамында болған. Яғни, белгілі бір бекітілген уақытта балалар үйіне барып, кесте бойынша ол жерден шықты. Жаңылмасам, 2016 жылдан бастап қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес балалары бар сотталғандар олармен бірге тұра бастады. Бұл жақсы шешім болды деп айта аламын. Себебі балалар да тыныш болады, жиі ауырмайтын болды. Аналарға да жайлы", - дейді Гүлжәмилә Байтемірова.

Дом ребенка в женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесіндегі балалар үйі

Әйелдер колониясының жанындағы балалар қалашығында 30 сотталған ана бар. Алайда ол жаққа коронавирустың жоқ екенін растайтын құжатпен де өту мүмкін болмады.

"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Гульжамиля Байтемирова  заместитель начальника учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова

Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.

"Біз де анамыз. Оларды көріп... Егер біз осы жақтағы балаларға қамқор болсақ, біздің де баламызға ол жақта басқалар қамқор болар. Яғни, бәрі – бумеранг. Сондықтан барлығы шын жүректен шығады", - дейді сотталған Әлия Жұманова.

Түрмеге түспес бұрын Әлия табысты кәсіпкер болған. Жұмыс, отбасы, балалары... Адамға бақытты болу үшін қажеттің бәрі бар еді. Қазір оның бостандыққа шығуын екі қызы, ұлы мен немересі асыға күтіп жүр. Өзінің балалары мен немересіне көрсеткісі келген жылулықты түрмеде өсіп жатқан балаларға береді. Ол түрмеде тоқыма үйірмесін ашқан. Сол жерде қыста балаларға шұлық, баскиім мен жейделер тоқып берді.

Осужденная Ботагоз Базарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әлия Жұманова

Әлияның абақтыда отырғанына жеті жыл болды. Енді ол жақындарымен қауышатын күнді асыға күтіп жүр.

"Бұрын ойланбайтын едім... Күн өтті, болды. Енді әр минут пен әр секундты соларға арнағым келеді. Өзімде бардың бәрін, өзімді, өнерімді балаларым мен немереме бергім келеді. Бұрын қарбалас тіршілік, үшінші, оныншы жұмыс деп жүрдім. Енді тек туыстарым мен жақындарыма махаббат пен жылулық сыйласам деймін", - дейді Жұманова.

Бір де бір мерекеде үйінде болмайды

Бұған дейін айтылғандар – үш адамның өмірінің бір бөлігі ғана. Ал мұнда дәл осындай 459 адамның оқиғасы бар. Алайда бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдің бәрі өткенді түсініп, болашаққа нақты жоспар құрып қойған деп айту қиын. Себебі арасында ақтап алуға келмейтін қылмыс жасағандар да бар. Соның бірі – бірге тұратын адамымен ішімдік ішіп отырған кезде жылаған екі баласын өлтіріп, бөлшектеп тастаған жас әйел.

Колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмедегі тікенек сымдар

Ал мекеме қызметкерлері соның бәрін біліп, қылмыс жасағандармен жұмыс істейді.

"Біз судья емеспіз. Бұл әйелдер қазірдің өзінде жазасын алды, ал біздің міндетіміз – жазаның орындалуын қадағалау", - дейді олар.

Бұлай қысқа қайырғанымен шын мәнінде ол сөздің астарында үлкен мән жатыр. Мекеме қызметкерлері демалыс, мейрамға қарамай жұмыс істейді. Соның бірі – Екатерина Бисембаева. Ол әйелдер түрмесінде 16 жылдан бері еңбек етеді.

Екатерина Бисембаева - оперуполномоченный режимного отдела исправительной учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Екатерина Бисембаева

"Бұл жерге жұмыс істеуге жас кезімде келдім. Қиын болды. Алайда жыл өткен сайын тәжірибе де жинала береді. Соның көмегі болды. Қазір жақсы психолог болып алдық. Әр сотталушыға әртүрлі көзқараспен қараймыз. Кіммен қалай сөйлесу керек екенін білеміз. Осындай жұмыс істеп жүріп тұрмысқа шықтым. Күйеуім де мені қолдайды, қызметіме қарсы емес. Бұл жерде жұмыс істеген маған ұнайды. Еңбек демалысында болған кезде жұмысымды сағынамын", - дейді Бисембаева.

Айтуынша, жақындары мен туыстары мекеме қызметкерінің бір де бір мерекеде үйде болмайтынына үйренген. Себебі мереке сайын түрмеде күшейту жұмыстары жүреді. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыста болады.

1235