Еуроодақ туы

Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасы қалай өрбиді

41
(Жаңартылды 13:53 21.02.2021)
Лавров Еуроодақ қабылдайтын санкциялар Ресейдің экономикасына нұқсан келтіретін болса, альянспен байланыстың біржола үзілуі ықтимал екенін жоққа шығармады

Соңғы бірнеше күн бойы бүкіл әлем Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сенсациялық мәлімдемесін қызу талқылап жатыр. Ресей СІМ басшысынан Еуроодақпен қарым-қатынас аяқталу ықтималдығы туралы сұрағанда, ол: "Біз бұған дайын екенімізді басшылыққа алып отырмыз. Егер осы жолы да біздің экономикамызға нұқсан келтіретін санкциялар салынатын болса, онда – иә, әбден мүмкін" деп ескертті, деп жазады РИА Новости.

Оның айтуынша, Ресей әлем өмірінен оқшаулануды қаламайды. Бірақ осыған дайын болуы керек.

"Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал", – деді Лавров.

Сонымен, Ресей Федерациясы мен Еуроодақ келісімге келе алуы мүмкін бе, жоқ па?

Ресейдің Еуроодақпен қарым-қатынасты бұзуға дайын болуы – бұл халықаралық аренадағы сенсациялық жаңалық. Әрине бірнеше күннен кейін Финляндия СІМ басшысы Пекко Хаавистомен келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша Лавров бұл мәселені тағы нақтылады:

"Біз проблемаларды талқылауға дайынбыз. Бұл Ресейдің мүдделеріне қатысты болған жағдайда, біз климаттың өзгеруі, қоршаған орта бойынша да өзара әрекеттестікке дайынбыз. Бірақ бұл қарым-қатынасты бұзып отырған Брюссель", – деді.

Сондай-ақ, Лавров ЕО шет мемлекеттер ісі және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Жозеп Боррель Мәскеуден қайтқан соң, бірқатар жағымсыз мәлімдемелер жасағанын еске салды.

Боррельдің айтуынша, Ресей үмітті ақтамады, ол заманауи демократия үлгісіне айнала алмады және Еуропадан қарқынды түрде алыстап бара жатыр.

Шындығында, Лавров айтқандай, бәрі керісінше: Брюссель серіктестік пен ынтымақтастық келісімі негізінде болған барлық тетіктерді жүйелі түрде жойды. Оның ішінде жылына екі рет өтетін саммиттер, Ресей үкіметінің еурокомиссарлармен және Еурокомиссия төрағасымен жыл сайынғы кездесулері, төрт ортақ кеңістікті қалыптастыру бойынша жобалар, 20-дан астам секторалды диалогтар, сыртқы істер министрі мен Еуроодақтың жоғары өкілінің қатысуымен өтетін серіктестік және ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырыстары бар.

Басқаша айтқанда, Лавров екіжақты қарым-қатынастың бұзылуына ықпал ететін шешімдерді Ресей емес, Еуроодақ қабылдап отырғанын мәлімдеді. Ресейлік дипломаттардың еуробюрократтармен байланысты қалпына келтіруге тырысқан әрекеттері де еш нәтиже бермей отыр. Керісінше, Ресейге санкциялар арқылы қысым көрсету әдісін тағы қолдану талқыланып жатыр. Жоғарыда аталған Жозеп Боррельдің Мәскеуге сапарынан кейін тура осындай жағдай болды. Сонда дипломаттың Ресейге келуінде көздегені не еді? Белгісіз.

Жалпы екі арада мұндай шиеленіс бар кезде диалогты жүргізбеген дұрыс секілді. Енді Ресей Еуроодақты келісімге келуге жарамсыз серіктес ретінде қарастыратынын ресми түрде мәлімдеді.

Негізінен Еуроодақпен арада бір мәмілеге қол жеткенімен, ЕО сол міндеттемелерді орындауға кепілдік болмайтынына бірнеше рет көз жетті. Ол келіссөздерді қағаз бетіне түсіріп, қол қойылған болса да, еурошенеуніктер оны орындайтыны екіталай.

Мұның дәлелі ретінде 2014 жылдың 21 ақпанында Еуромайданның көшбасшыларымен "Украинадағы саяси дағдарысты реттеу туралы келісімге" қол қойған Украинаның экс-президенті Виктор Янукович басынан өткізген жағдайды айтуға болады.

Екіжақты қарым-қатысқа қатысты бұл мәселеде көңіл аударуға тұрарлық тағы бір жайт бар. Ресей СІМ басшысы өз мәлімдемесінде Еуроодақпен қарым-қатынасты үзу туралы айтқанмен, ол бұл сөзімен Еуропаны меңзеген жоқ. Яғни бұл тұста мемлекеттердің "үстінен қарайтын" еуропалық бюрократия мен Еуропаның жекелеген елдері сөз болып отыр.

Сондықтан, Ресей сенімнен шыққан және қысым көрсетуден көз ашпай келе жатқан Еуроодақпен бұдан былай байланыспағанымен, Еуропа елдерінің үкіметімен қарым-қатынасты жандандырмаса, бұзбасы анық. Санкциялар енгізілген күннің өзінде Еуропаның жекелеген елдерімен байланыс ешқашан үзілген емес.

Боррель секілді ЕО шенеуніктердің Еуроодақ құрамына кіретін мемлекеттердің мүддесін елемейтіні белгілі. Олар үшін жеке ұжымдық мүдде мен Вашингтонның талап-тілегі маңызды. Сондықтан, олар ЕО-ның кейбір мүшелерінің мүдделеріне қайшы келетін саяси бағытты ұстанып келеді. Бұл тек Германия, Франция, Италияға қатысты емес. Әрине Еуроодақтың русофобиясынан бұл мемлекеттердің шығыны еселеніп жатыр.

Ал Брюссел шенеуніктері өз жалақыларын дәл осы мемлекеттердің салықтары есебінен алып жатқанына қысылатын емес.

Бір кездері америкалық дипломат Генри Киссинджер "Еуропамен сөйлесу үшін кімге қоңырау соғуым керек?" деген қызықты, бірақ түсінген адамға астары терең сауал қойған еді. Себебі, Киссинджер АҚШ үшін маңызды кез-келген мәселені жалпыеуропалық деңгейде шешу мүмкін емес екенін меңзеді. Лондонмен, Берлинмен немесе Парижбен жеке-жеке сөйлесу керек болды.

Біршама жыл өтті. Бірақ түбегейлі өзгерген ештеңе жоқ. Лондон "халықтар отбасынан" шығып кетсе, Берлин мен Париж Еуроодақтың "асыраушысы" рөлінен шаршаған сыңай танытып жүр. Дәл осы жағдайда Ресей де Еуроодақ институттарымен және оның бюрократтарымен байланыс орнату еш нәтиже бермейтінін бүкіл әлемге жария етті. Есесіне, Германия немесе Франциямен жеке келіссөздер жүргізу әлдеқайда табысты болады. Себебі, бірыңғай Еуропа ешбір елдің үмітін ақтамады.

41
Кілт сөздер:
еуропа, Еуропалық одақ, Ресей
Доллар

Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

109
Бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ресейдің Орталық банкі желтоқсанда АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына инвестицияны бірден миллиард долларға арттырды. Алайда соңғы жылдары Мәскеу бұл бағалы қағаздардан жүйелі түрде құтылып келе жатқан болатын. Олардың резервтегі үлесі 1 проценттен сәл асады, деп жазды  РИА Новости.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Ресейде 6,011 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары бар: оның ішінде 1,2 миллиарды ұзақ мерзімді және 4,8 миллиарды қысқа мерзімді. Желтоқсанда облигациялар қоры тағы бір миллиард долларға толықты.

Осы бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті. 2010-2013 жылдары ресейлік салымдар 170 миллиардтан асты. Мәскеу ең ірі трежерис ұстаушылардың бірі болды. Бірақ 2014 жылдың сәуірінде Вашингтон санкциялар енгізгеннен кейін олардан құтыла бастады.

Доллар белгісі
© Sputnik / Наталья Селиверстова
2018 жылы Орталық банк жаппай сатылым өткізіп, АҚШ қазынашылық портфелін бірден екі есеге қысқартты. Халықаралық резервтердегі америкалық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді. Орталық банк қаражатты алтынға, сондай-ақ еуро мен юаньға бағыттады.

Американың мемлекеттік қарызы АҚШ қаржы министрлігі шығаратын бағалы қағаздармен өлшенеді. Жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір штаттар мен мемлекеттердің биліктері вексельдер мен мемлекеттік облигацияларды сатып ала алады. Бұл бағалы қағаздардан түсетін пайда үлкен емес. Шамамен 2,5-3 процент аралығында. Бірақ еуропалық немесе жапондық қарыз бойынша кіріс іс жүзінде нөлге тең.

Алайда АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары әлемдегі ең сенімді және өтімді құралдардың бірі болып саналады. Оларды сатып алу және сату оңай.

"Уақытша бос қаражатты АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салу тиімді. Мәселе миллиардтарда болғанда жылдық 2-3 процент өте көп ақша болады. Мұндай жағдайда саясат экономикалық шешімдерге әсер етпеуі керек", - деді Мемлекеттік думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің мүшесі Дмитрий Скриванов РИА Новостиге берген сұқбатында.

Осылайша, трежерис көлемін ұлғайту арқылы Мәскеу өзінің нарықта бар екенін көрсетті. Бұл халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін де қажет. Қазір Ресейде 590 миллиард доллар бар болса, оның алты миллиарды АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салынған. Сарапшылар мұны Мәскеу әлемдік үрдісті ұстанып отыр деп түсіндіреді. Долларға деген сұраныс артып жатыр. Себебі, бұл валютаға құбылмалылық пен инфляция қатты әсер етпейді.

"Бір миллиард доллар өте қомақты сома. Оны шектеулі активтер жиынтығына салуға болады. Алтын аспандап кетті, еуро мен юаньдегі резервтердің үлесі онсыз да жоғары. Америкалық мемлекеттік қарызды сатып алу – бұл әртараптандыру элементі", - дейді Ресей-Азия өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті Виталий Манкевич.

Желтоқсан айының соңындағы мәлімет бойынша АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының ірі қолданушысы Жапония (1,2 триллион доллар) екені белгілі болды. Бұрын бұл тізімде Қытай көш бастап тұрса, қазір Бейжіңнің үлесінде 1,06 триллион доллар бар. Сондай-ақ, Ұлыбритания 428,9 миллиард доллармен алғашқы үштікке енді.

Сауда соғысы салдарынан қытайлықтар жүйелі түрде осы құнды қағаздардан арылып, инвестициялар көлемін 200 миллиардқа қысқартты. Алайда Бейжіңнің қолында тұрған АҚШ-тың ірі мемлекеттік қарызы Вашингтонға қысым жасаудың күшті тетігі болып отыр.

Қазір болып жатқан текетірестер қорқынышты күшейтіп отыр. Егер АҚШ экономикасының шетелдік ірі кредиторы трежеристің жаппай сатылымын ұйымдастырса не болмақ? Мұның салдары апатты сипатта болады. Бұл нарықта дүрбелең тудыратыны анық.

Бірақ бұл Қытай үшін тиімсіз. Біріншіден, қысқа мерзім ішінде 100-200 миллиард тұратын облигацияларды сату олардың бағасын төмендетіп жібереді. Салдарынан Қытайдың өзінің сыртқы активтері мен резервтерінің бағасы айтарлықтай арзандап кетуі ықтимал.

Оның үстіне доллар да құлдырайды. Ал оның арзандауы Бейжіңге қажет емес. Америка валютасының әлсіреуі Қытай экспортын қымбаттатып жібереді.

Бірнеше жылдан бері Ресейдің Орталық банкі доллардан құтылып, алтынға басымдық беріп келеді. 2020 жылы бағалы металдың резервтердегі үлесі алғаш рет Америка валютасының көлемінен асып түсті. Ал ақпан айында монетарлық алтын қорының құны 136,7 миллиард долларға жетті. Бір жыл ішінде елдің алтын қоры шамамен 28 тоннаға өсті.

Бағалы металл – әмбебап ақшалай эквивалент. Ол проценттік табыс әкелетін активтерге қарағанда тартымды болып отыр. Сонымен қатар, санкциялардың кез келген тәуекелінен сақтандырады. Bloomberg агенттігі атап өткендей, Ресей ірі экономикасы және алтын валюталы қоры бар мемлекет долларлық активтерден арыла алатынын және еш қиналмайтынын бүкіл әлемге паш етті.

109
Ресей президенті Владимир Путин

Путин терроризмді ең басты қатер деп атады

33
Өткен жылдың желтоқсанында Шешенстан мен Ингушетия аумағында қылмыс жасаған соңғы ұйымдасқан бандалар тобы жойылды, деді Ресей басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин терроризмді ең қауіпті қатер деп атап, онымен күрес Сирияда да жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.

"Ең алдымен тұрақты жинақылық, алдын ала ойластырылған жедел іс-әрекеттер ең өткір, ең қауіпті қатерге – терроризмге қарсы күресті талап етеді", - деді Путин Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) алқа мәжілісінде.

Ресей өз аумағында да, одан тыс жерлерде де экстремизмге қарсы соғыс жүргізіп жатыр.

Президенттің айтуынша, өткен жылдың желтоқсанында Шешенстан мен Ингушетия аумағында қылмыс жасаған соңғы ұйымдасқан бандалар тобы жойылды, шет елдерде, соның ішінде Сирияда жұмыс атқарылып жатыр.  

33
Тақырып бойынша
Қазақстанда экстремизмнің қаупі қандай – әлемдік рейтинг жарияланды
Терроризм үшін сотталғандарды түрмеде қалай ұстайды?
Башар Асад: Сириядағы соғыс әлі тоқтаған жоқ
Пандемия державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырып жіберді – Тоқаев
Казино, құмар ойындар

Президент жастардың құмар ойындарға тәуелділігіне алаңдады

0
Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Балаларды құмар ойындарға тартқан заңды тұлғалар лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы кезде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алды. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөспірімдер заманауи технологияларлың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды. Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео 

Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғау қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қолдану қажет деп есептейді.  

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", - деді ол.

Айтуынша, қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады. Президент шетелдіктерді ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салуды тапсырды.

Тоқаев құмар ойындарына тосқауыл қою үшін заңнамалық шаралармен  шектеліп қалуға болмайтынын айтты.

Ол заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп санайды. Бұл міндетті орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек.

0
Кілт сөздер:
президент, құмар ойын
Тақырып бойынша
"Құмар ойын қанымда бар": үш жылда 20 миллионнан айырылған жігіттің оқиғасы
Қазақстандықтар құмар ойынға салынған туыстарын сотқа бере алады
"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді
Сарапшылар "байлық салығы" Қазақстанға қандай пайда әкелетінін айтты
Алматы тұрғыны казинодан 31 миллион теңге табыс тауып, түрмеге түсті