Әлем

Аспаз тағамды Қадыровтың үстіне төңкеріп ала жаздады – ыңғайсыз сәттің видеосы

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуГлава Чеченской республики Рамзан Кадыров
Глава Чеченской республики Рамзан Кадыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Қадыров қонақжайлығы үшін Өздемирге алғыс білдіріп, ас дәмді болғанын айтты. Ол жастар түрік аспазынан бизнес жүргізу бойынша үлгі алуы керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров танымал түрік аспаз Бурак Өздемирде қонақта болды.

Дубайда түсірілген видео "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жарияланды.

Оздемир өз тағамын ұсынған кезде Қадыровтың үстіне төңкеріп ала жаздады. Мұндайды күтпеген екеуі де айқайлап жіберіп, кейін күліп, бір-бірін құшақтады.

Тамақтанып болған соң қолдарына жазуы бар нан алып, естелік суретке түсті.

Қадыров қонақжайлығы үшін Өздемирге алғыс білдіріп, ас дәмді болғанын айтты. Ол жастар түрік аспазынан бизнес жүргізу бойынша үлгі алуы керек деп санайды.

Жаңалықтар
0