Әлем

Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ

© REUTERS / CARLOS GARCIA RAWLINSЛюди в масках на улицах Пекина, Китай
Люди в масках на улицах Пекина, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Жер шарындағы халықтың оннан бір бөлігінде ғана коронавирусқа төтеп беретін антидене бар екенін айтып, инфекцияға қарсы екпе салдыруға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жер бетіндегі халықтың 10 процентінен азында коронавирусқа қарсы антидене бар. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз жолы вакциналау болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатанға сілтеме жасап.

Сваминатан ДДҰ әлемнің кейбір елдеріндегі вирустың таралу ошақтарына талдау жасайтын зерттеулерді қадағалап отырғанын айтты. Зерттеу нәтижелері қала тұрғындарының жартысынан кемінде дәл сол кезде коронавирусқа қарсы антидене болғанын көрсеткенімен, бұл ұжымдық иммунитет жайлы айтуға негіз емес.

"ДДҰ сероэпидемиологиялық зерттеулерді бақылап отыр. Соңғы есептер бойынша олардың саны шамамен 500-ге жуықтады. Егер олардың барлығын біріктіріп қарасақ, онда әлем халқының 10%-інде ғана коронавирусқа қарсы антидене бар", - деді Сваминатан.

"Халық көп шоғырланған қала аудандарында инфекцияның таралу ошақтары бола тұра, халықтың 50-60%-і вирус жұқтырмаған және оған қарсы ағзаларында антиденелер бар жағдайлар кездеседі. Алайда бұл бүкіл қала, штат немесе мемлекет ұжымдық иммунитетке қол жеткізді дегенді білдірмейді", - деді сарапшы.

Ол мұндай елді мекендердегі ағзасында антидене жоқ тұрғындар қала аумағынан шықса, олардың денсаулығына әлі де қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады 

Сваминатан ұжымдық иммунитетке қол жеткізудің жалғыз жолы жаппай вакцина салдыру екенін айтты.

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салу басталды. Ең алдымен медицина саласындағы қызметкерлер вакциналаудан өтеді. Наурыз айынан бастап педагогтер мен күш құрылымының қызметкерлері, ал сәуір айынан бастап екпе алуға ниет білдірген барлық қазақстандыққа вакцина салынады.

Жаңалықтар
0