Әлем

Башқұрт фермері әйелдерді құттықтаудың ерекше әдісін ойлап тапты – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБәйшешек гүлі
Бәйшешек гүлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Шаруашылық қожайындары бұған дейін үйір-үйір жылқыны пайдалану арқылы Отан қорғаушылар күніне орай "23 ақпан" деген алып жазу ұйымдастырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Башқұртстанда жергілікті фермерлер әйелдерді құттықтау үшін "8 наурыз" жазуын ерекше әдіспен жазып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Bashinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ерекше құттықтау жазуы Иглин ауданындағы Улу-Теляк ауылына жақын маңда пайда болды. Ол жерде жыл сайын сабантуй ұйымдастырылады. Фермерлер алдымен трактордың көмегімен траншея қазып шыққан. Сосын ішіне жеп-шөп салып, кейіннен мың жылқыны кіргізген. Осылайша, "8 наурыз" жазуы шықты. Ең үлкен әріптің биіктігі – 100 метр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сагитзян Идиятуллин (@sagitzian)

Шаруа қожалығының жетекшісі Хасан Идиятуллиннің айтуынша, бұған дейін олар жылқыны пайдаланып, Отан қорғаушылар күніне орай "23 ақпан" деген алып жазудың ұйымдастырған. Тура солай квадрокоптермен түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратты.

Оқи отырыңыз: ҚТЖ екіұдай мәндегі құттықтау видеосы үшін кешірім сұрады

Айта кетейік, бүгінде Идиятуллиндер әулеті мың жарым жылқы ұстайды. Олардың шаруашылығында бұдан бөлек, сиыр, ешкі, бұғы мен жүздеген үй құстары бар. Өндірістің негізгі бағыты – ірі қара мал.

Жаңалықтар
0