Түтін арасындағы ер адам

АҚШ-та мектепке бомба алып барған оқушы жараланды

707
Төтенше жағдайға байланысты Ньюейго елді мекенінде мектептегі барлық адамдар эвакуацияланды

АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. АҚШ-та мектеп оқушысы үйде жасалған жарылғыш бомбаны мектепке алып барған. Жарылғыш зат сынып ішінде кездейсоқ іске қосылып, бес оқушы мен бір мұғалім зардап шекті.

Оқиға АҚШ-тың Мичиган штатына қарайтын Ньюейго елді мекенінде болды, деп хабарлады жергілікті полиция Twitter-де.

"Алдын ала тергеу 16 жастағы оқушының үйде жасалған жарылғышты мектепке алып келгені және оның кездейсоқ жарылғанын көрсетті. Құрылғы сынып ішінде іске қосылған. 16 жастағы оқушының өзі мен оның төрт сыныптасы жарақат алды", – делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайға байланысты мектептегі барлық адамдар эвакуацияланды.

Оқи отырыңыз: Қостанайдың сауда орталығына жасөспірімдер "жарылғыш зат" алып келді

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны хабарланған. Соған байланысты тұрғындар эвакуацияланып, іздеу шаралары жүргізілгенімен, тұрғын үйден жарылғыш зат табылмады.

707
Кілт сөздер:
мектеп, жарылғыш зат
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында граната жарылды – жас жігіт қолы мен көзінен айырылды
Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында газ баллоны жарылды
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Петропавлда газ жарылды: үш адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Марсқа ұшырылған зымыран жарылды – видео
Американские военнослужащие у транспортного самолета перед отправкой в Афганистан в аэропорту Манас. Фото из архива

Алпауыт елдер текетіресі: америкалықтар неден қауіптеніп отыр

43
Америкалық әскерилер Таяу Шығыста Қытайдың ықпалы артады деп қауіптеніп отыр. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені Қытай – таяушығыстық мұнайдың ең басты сатып алушысы және бірқатар елдің стратегиялық серіктесі

Орталық қолбасшылық басшысы генерал Фрэнк Маккензи жақында ғана Таяу Шығыста өткен іссапары кезінде америкалықтардың орнын қытайлар мен орыстар басады деген болжам жасаған болатын. Вашингтон өз назарын Шығыс Азияға қарай аудармақамери. Бұл хусит көтерілісшілерімен күресте Вашингтонның күшіне сенім артып отырған саудиттер үшін тиімді емес, дейді генерал.

Алайда Қытайды үлкен көңіл бөлуге тұрарлықтай қауіп ретінде бағалаған Маккензи Америка жаһандық держава ретінде тереңірек ойланып барып әрекет ету керек екенін еске салды. Оның ойынша, Ресей Бейжіңді қару-жарақпен толық қамтамасыз етуге дайын, деп жазды РИА Новости.

Қытай СІМ басшысы Ван И жақында ғана Таяу Шығыс елдеріне сапар жасауы әскерилерді алаңдатпай қоймады. Ол сәуірде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Бахрейн, Иран мен Түркияға сапар шекті. Бұл сапары кезінде қытай министрі Палестина-Израиль қақтығысы, Сирия, Ливия, Йемен мен Парсы шығанағындағы басқа да елдердің арасындағы шиеленіс жайын қозғады.

Министр Қытай мұнай нысандары мен теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі туралы көпжақты диалог алаңына айналуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Ван И ҚХР-дың ішкі мәселелеріне араласпағанына және Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданындағы "терроризмге қарсы шараларды" қолдағаны үшін араб елдеріне алғыс білдірді.

Тегеранмен 25 жыл бойы мұнай жеткізуді көздейтін келісімге қол қойды. Иранның энергетикалық және көлік инфрақұрылымына Қытайдың 400 миллиард доллар инвестиция салуға дайын екені туралы бір жыл бұрын белгілі болды. Жалпы Қытай Таяу Шығыстағы жобалары жайлы толық мәлімет таратуды қаламайды.

"Бір белбеу – бір жол" бастамасы аясындағы басқа жобалар жайы бүкіл әлемге жария етіп хабарланғанымен, Таяу Шығыс елдерімен өзара іс-әрекет туралы құжаттар толық жарияланбайды. Сондықтан Әбу Даби ұлттық әл-ауқат қорының жасанды интеллект зерттеулерімен айналысатын SenseTime қытай компаниясы туралы да ақпарат аз.

Жалпы Иран Қытайдың бұл өңірдегі жалғыз серіктесі емес. Мұнай жеткізу, сауда айналымының көлемі, тікелей инвестициялар мен қару-жарақ саудасы бойынша Сауд Арабиясы мен Ирак Тегераннан асып түседі.

"Сауда Арабиясы Қытайдан көптеп қару сатып алып отыр. Оның ішінде әсіресе соғысқа арналған ұшқышсыз ұшу құралдары бар. Ол жақта тіпті аппараттарды құрастыру зауытының жобасы іске қосылды. Баллистикалық зымырандар да шектеулі көлемде жеткізілді. Артиллерия да, қорғануға арналған техника да бар", - деді күні кеше ЖЭМ ҰЗУ Еуропа және халықаралық кешенді зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі Василий Кашин.

Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесі таяушығыстық жобалар менеджері Руслан Мамедов Қытайдың араб елдерімен етене араласуы америкалықтардың титығына тиіп отырғанын айтты.

"Өңірлік және әлемдік деңгейде түбегейлі өзгеріске ұшырап жатқан қазіргі жағдайда барлығы да кері шегініп, ымыраға келуге ұмтылу керек. Таяу Шығыс елдерінің Қытайға қатысты көзқарасы оң сипатта. Олар АҚШ әлемдік гегемонияны орната отырып, ондаған жыл бойы өз қалауын жасап келгенін жақсы түсінеді. Қарсылық білдіруге тырысқан Ирактың бүгінгі түрі мынау. Елде хаос орнаған", - дейді Руслан Мамедов.

Ал ММХҚИ ХҚЗ перспективалы америкалық зерттеулер орталығының директоры Максим Сучков АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалын түбегейлі жоққа шығаруға әлі ерте екенін айтады. Оның пікірінше, Америка Қытай және Ресеймен арадағы қарсылығы арқылы Таяу Шығыстың маңыздылығын көрсеткісі келеді.

43
Города мира. Женева

Женева саммитінен қандай нәтиже күтуге болады

16
(Жаңартылды 10:29 16.06.2021)
Бүгін РФ президентінің АҚШ-тың кезекті көшбасшысы Джо Байденмен Женевада кездесуі өтеді. Мемлекет басшысы қызметін атқарған жылдар ішінде Владимир Путин үшін бұл Ақ үйдегі бесінші президент, деп жазды РИА Новости.

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Путин америкалық президенттермен ондаған кездесу ұйымдастырды. Алайда АҚШ билігі ауысқан сайын екі елдің қарым-қатынасы нашарлай беруде. Бұған Ақ үй иелерінің Владимир Путинге жеке көзқарасы немесе оған қатысты білдірген пікірі себеп емес. Себебі тым тереңде жатыр.

Құлдырауды басынын өткізіп, қайтадан сенімді даму жолына түскен Ресейді АҚШ-тың өзіне бәсекелес әрі жау көруі екі мемлекеттің байланысының шиеленісуіне тікелей ықпал етіп отыр. Осы орайда айтылатын дәлел мен факті де жетерлік. Алысқа ұзамай-ақ 2013 жылы (Сноуденнің қашуы және америкалықтардың Сирияға соққы жасаудан бас тартуы) Путинге қатысты теріс көзқарас артқаны анық. Укарина мен Скрипальдар, кибершабуылдар мен Навальный бұл жағдайды өршітпесе, баса қоймады.

Осы тұста екі ел көшбасшыларының кездесуі, жоғары деңгейдегі диалогтың жоқтығы да байқалатынын айта кету керек. Ол сонау қырғи-қабақ соғыстан кейінгі 80-жылдардағы деңгейге жеткелі отыр. Сондықтан бүгін өтетін кездесуді әлем жіті бақылап отырғаны белгілі. Бұл ауқымды мәселелер көтерілетіндей ұзақ уақытқа созылған диалог болмауы мүмкін. Бірақ жоқтан жақсы, әрі жақсылықтың нышаны іспеттес.

Әйтсе де, Кремль мен Ақ үй де Женева саммитіне қатысты қандай да бір үлкен нәтиже күтпейтінін мәлімдеген болатын. Бұл рас. Бірақ мұндай төмендетілген болжам кездесуден кейінгі аз нәтиженің өзін үлкен жетістік ретінде жариялау үшін де әдейі жасалуы мүмкін.

Соңғы жылдары АҚШ тарапынан Ресей мен Путинге қатысты бірқатар "іс атқарылды". Сондықтан Байден әкімшілігі Женева саммитін өз жетістігі ретінде көрсетуге тырысатыны анық. Ал келіссөздер мазмұны мен қорытынды бәрібір құпия күйінде қалады. Сондықтан оны әркім өзіне қарай бұрмалап мәлімдеме жасай алады.

Сол себепті Женева саммитінің нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасында түбегейлі өзгеріс болады деген үміт жоқ. Себебі күннен-күнге ушығып жатқан геосаяси қайшылықтар мен АҚШ-тағы ішкі саяси дағдарыс қандай да бір жылылық желі есетініне күмән келтіріп отыр. Сондықтан саммит нәтижесі бойынша тек елшілердің елге қайтарылуы мен дипломатиялық миссиялардың жұмысындағы кейбір шектеулерді алып тастауды ғана күтуге болады.

АҚШ-тың Ресей мен Қытайға қатысты көзқарасын өзгертетіндей диалог жүруі екіталай. Себебі соңғы уақытта америкалықтардың аталған екі мемлекетке қарсы ұстанымдары мүлде басқа бағытта жүріп келеді.

Сондай-ақ Украина мәселесі бойынша да ілгерілеу болады деп күтпеген абзал. Себебі америкалықтар Украина төңірегіндегі дауды Ресейге қысым жасаудың құралы ретінде пайдалануын тоқтатпайды.

Сондықтан Женева саммитінде келелі мәселелер талқыланып, ондағы диалог нәтижесінде ауқымды жетістіктерге қол жеткізу үшін ең алдымен сенім болуы керек. Мемлекеттер арасында бір-біріне сенім жоқ жерде кез келген келіссөздің мәні де, маңызы да кетеді.

16
Ақша, архивтегі сурет

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша екені белгілі болды

0
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, қазір республикада екі миллионнан астам зейнеткерге зейнетақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 774,8 миллиард теңге бағытталды.

"1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 100 019 теңгені құрады", - делінген ресми сайтта.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.

Зейнетақы неден құралады

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:

  • Базалық зейнетақы;
  • Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты);
  • Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен).

Базалық зейнетақы

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Қазір оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасы қашан көтеріледі

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100%-і төленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейін алған орташа айлық табысқа байланысты болады.

0
Кілт сөздер:
базалық зейнетақы, зейнетақы
Тақырып бойынша
Депозиттегі ақша зейнетақы есепшотына аударылады – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгереді – жаңа жүйенің пайдасын кім көреді
Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды