Әлем

Мемлекеттер кибершабуыл мәселесін қалай шешіп жатыр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтрочки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука
Строчки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
The New York Times газеті алдағы үш апта бойы АҚШ аса құпия арнайы операция жүргізетінін бүкіл әлемге хабарлады

Бұл операция кезінде ресейлік билікпен байланысты кибержүйелерге "жасырын қарсы соққы" жасалады. Басылымның құпия ақпарат көзі жоспарланған іс-шаралардың салдары Владимир Путин мен ресейлік арнайы қызмет және әскер үшін айқын болғанымен, басқалар үшін аса байқалмайтынын мәлімдеген, деп хабарлайды РИА Новости

Түтін арасындағы ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Әлем
АҚШ-та мектепке бомба алып барған оқушы жараланды

Бұл осыдан екі апта бұрын Вашингтонның "көзге көрінетін және көрінбейтін құралдарды" қолдануға дайындығы туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның мәлімдемесімен ұйқасып тұр. Мұнда компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі SolarWinds компаниясының бағдарламалық жасақтамасына жасалған кибершабуыл жайлы сөз болып отыр. Бұл кибершабуыл туралы өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Фирма клиенттерінің арасында АҚШ үкіметінің негізгі мекемелері бар. Сол сияқты қорғаныс, қаржы, ішкі қауіпсіздік пен сауда министрліктері, Мемлекеттік департамент бұл шабуылдан зардап шекті деп жарияланды. 

Американың арнайы қызметі мен билігі осы қылмысқа Мәскеуді тікелей айыптап отыр. Олардың пайымдауынша, ресейлік барлау құрылымдарымен тікелей байланысы бар хакерлер шпионаж мақсатында осындай әрекетке барған. Ақпан айының соңындағы сенаттың барлау жөніндегі комитетінің отырысында Microsoft басшысы Брэд Смит "бұл әлемдегі ең ірі шабуыл" болғанын мәлімдеді. 

Шыны керек, осы саладағы басқа компаниялар Ресейді айыптауға асығар емес. Дәл осы жиында киберқауіпсіздікке негізделген екі ірі компания - CrowdStrike пен FireEye шабуылға Мәскеудің қатысы барын дәлелдейтін мәлімет жоқ екенін айтты. Олардың сөздеріне қарағанда, "шабуыл әрекеттері орыстардікіне ұқсас" және "шабуыл кезінде қолданылған құралдар Қытай, ҚХДР немесе Ирандікіне ұқсамайды". 

Ресей мен АҚШ СНВ-3 ұзарту туралы келісімге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2021
Видео
Ресей мен АҚШ маңызды келісімге келді – видео

Ал Ресей бұл оқиғаға қатысты әдеттегідей салқынқандылық танытып отыр. Себебі Батыстың санкциялар енгізу үшін Ресейді ешбір дәйек-дәлелсіз айыптауына Мәскеудің еті үйренген. 

Бірақ бұл жағдайды АҚШ көзқарасы бойынша бағалайтын болсақ, бәрі әлдеқайда күрделірек екенін көруге болады. 

Америкадағы ресми тұлғалар кибершабуыл ел қауіпсіздігіне айтарлықтай залал келтірмегенін айтқанымен, АҚШ билігінің осы жағдайға қатысты шу шығаруы шығын көлеміне байланысты көңілде күдік тудырады. 

Еске салсақ, хакерлердің әрекетіне байланысты Ақ үйде шұғыл жиын өтіп, Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен Еуропаға іссапарын тоқтатып, жедел түрде Вашингтонға оралуына тура келді. 

Атомная подводная лодка Северного флота «Северодвинск» - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2020
Әлем
АҚШ өз сүңгуір қайықтарын Ресей жағалауына жақындатты

Небәрі екі айдың ішінде сенатта ұйымдастырылған тыңдалымдар оқиғаның салдары көлемді екенін көрсетіп тұр. Бұл жағдай америкалық БАҚ-та қалай көрініс тапқанын да ескере кету керек. Журналистер "сенат Microsoft пен SolarWinds компанияларының жұмысына қатысты үлкен наразылық білдіргенін" жазса, Reuters агенттігі Ресейді сөз арасында ғана еске алып, корпорациялар жауапкершіліктен қашып, кінәні бір-біріне сілтегенін сипаттап жазды. 

АҚШ-тың компьютерлік қауіпсіздік саласында үлкен саңылау пайда болғаны соншалық, қауіпсіздік жүйесі абдырап қалғаны рас. Әрине, бұл шабуылды қарапайым ғана хакерлер орындағанын АҚШ ешқашан мойындамайды. Ол өзінің қауқарсыздығын аз да болса ақтау үшін бұл қылмысқа өзімен тең түсе алатын алпауыт державаны айыптауы керек. Брэд Смиттің бұл кибершабуылға кемінде мың "өте ақылды, жоғары білікті инженер" жұмылдырылғанын кесіп айтуы да жайдан-жай емес.

Тиімді әрекеттер туралы тым көп айтылуы ұлттық киберқауіпсіздік жүйесінің мінсіздігі де бос сөз емес пе деген ойға қалдырады.

Жаңалықтар
0