Әлем

Тікұшақ құлаған сәтті ішінде отырған жолаушы камераға түсіріп алды – видео

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМи-8 тікұшағы, архивтегі сурет
Ми-8 тікұшағы, архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Жолаушы ұшу сәтін көкке көтерілген кезден бастап түсіріп, камерасын жерге құлағанға дейін өшірмеген

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Техас штатының тұрғыны Джоди Фариг тікұшақпен көкке көтерілген соң бірнеше минуттан кейін ұшу аппараты апатқа ұшырады.

LADBible порталының хабарлауынша, апат АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Олбани қаласындағы аэродром маңында болған. Бір қызығы Джоди ұшу сәтін басынан видеоға түсіріп, камерасын жерге құлағанға дейін өшірмеген.

Ал видеода барлық процедуралар аяқталғаннан кейін тікұшақтың аспанға көтеріліп, тиісті бағытпен ұшақаны көрінеді. Бастапқыда командалар орындалып, жылдамдық артып, бәрі ойдағыдай іске асып жатты.

Алайда, ұшу аппараты көкке көтерілгеннен соң бірер минуттан кейін дыбыстық сигнал естіліп, кенет тікұшақ солға қарай ауытқып, төмендей бастайды. 

Кейінірек 36 метр биіктікте тікұшақтың қозғалтқышы істен шыққаны белгілі болды. Жерге қону кезінде тікұшақтың артқы бөлігіндегі қалағы ағаштарға тиіп, жұлынып кеткен.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Айта кетейік, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0