Әлем

1,5 минуттық видео түсірген жігітті Голливудқа жұмысқа шақырды

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуКамера видеонаблюдения
Камера видеонаблюдения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Видеоның басты ерекшелігі сол, оператор бәрін бір дубльмен түсірген. Монтаж, компьютрлік графика жасамаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Америкалық Джей Кристенсен (Jay Christensen) наурыздың басында бір жарым минуттық видео жариялады. Боулинг-клубта түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен. Ал оператор жігіт Голливудқа шақырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Tjournal.ru сайтына сілтеме жасап.    

Видеода камера боулинг-клубтың ішін түсіреді. 1,5 минуттық видеоның басты ерекшелігі сол, оператор бәрін бір дубльмен түсірген. Монтаж да, компьютрлік графика да жасамаған. Бірақ ондай дубль бірден шықпапты. Джей Кристенсеннің командасы 10-12 рет түсіріп көрген. Сөйтіп соңғы нұсқасын жасауға екі сағаттай уақыт кеткен.

Джей Кристенсеннің өзі аэрофототүсіріліммен кәсіби тұрғыда айналысады. Осы жолы FPV-дронды пайдаланған. Ондай аппараттармен спорттық шараларды жиі түсіреді.

1,5 минуттық видеоны Голливудтағы танымал актерлер, продюссер мен режиссерлер көрген. Кристенсеннің видеосына актер Элайджа Вуд пен режисссер Анкрич лайк басты. Ал режиссер Джеймс Ганн видео авторларын "Галактиканың қарауылдары-3" фильмін Лондонда бірге түсіруге шақырды. 10 наурызда Twitter-де жарияланған видеоны 7,5 миллион рет көрген.

​Бұған дейін 25 жастағы Джей Кристенсен жабық сауда орталығының ішімен жүріп өткен мотоцикл жүргізушісін түсірген.

Жаңалықтар
0