Кабул, Ауғанстан, архивтегі сурет

НАТО әскері Ауғанстаннан шығарыла ма

62
Байден әкімшілігі Кабулдағы ұлттық үкіметтің құлдырауына жол бере алмайды, өйткені америкалықтар елден кеткен соң ол "Талибан" соққысының астында қалуы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Энтони Блинкеннің АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ретінде Еуропаға алғашқы іссапары мен Джо Байденнің күні кеше ғана өткен бірінші баспасөз мәслихаты мән-мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас, деп жазады РИА Новости.

НАТО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының кездесуіне қатысуы, трансатлантикалық серіктестер арасындағы сыйластық пен ресми әдептің сақталуын Блинкеннің Еуропаға сапары барысындағы негізгі жетістіктер деп атауға болады. Алайда "Ресей жаман, Қытай қауіпті, Иранды тізгінде ұстау қажет" деген сияқты ортақ мәселелерден ауытқып, басқа проблемалар талқыланған сәтте одақтастар арасында келіспеушіліктер пайда бола бастады. Соның бірі – ауғандық бейбіт реттеу мәселесі.

Өткен жылдың ақпан айында АҚШ пен тәлібтер арасында жасалған мәміле бойынша америкалық әскер 2021 жылдың 1 мамырына дейін Ауғанстан аумағынан кетуі керек. Ал Вашингитон қазір "былай тартсаң өгіз өледі, олай тартсаң арба сынадының" күйін кешіп тұр.

Бұл келісімшартқа Трамп президент болған шақта қол жетті. Сондықтан билікке қайта келген демократтар бұл құжатты өртеп жіберуден тайынбас еді. Алайда ауған оқиғасы көптен бері тығырыққа тіреліп тұр. АҚШ елден кетуі керек, ол мәміледе де көрсетілген. Бірақ Американың ұлы державалы беделін ескермейтін алдыңғы президентке қарағанда Байден әкімшілігі америкалықтар елден кеткен соң "Талибан" соққысының астында қалуы ықтимал Кабулдағы ұлттық үкіметтің құлдырауына жол бере алмайды. Оқиға дәл осылай өрбуі әбден мүмкін. Себебі тәлібтер соғыс әрекеттерін жандандыруға толыққанды дайындық жүргізіп жатыр.

Оның үстіне логистикалық проблемалардың салдарынан қалған уақыт ішінде Ауғанстандағы он мыңнан астам "натолық" контингентті алып шығу мүмкін емес. Бұл жөнінде Вашингтонның жоғары лауазымды тұлғалары ашық айтып отыр. Осы күрделі жағдайдан америкалықтар барынша аз шығынмен шығу үшін барын салуда. Жалпы Блинкеннің сапары кезінде америкалықтар есепке алмаған тағы бір фактор бар екені анықталды. Бұл – өз одақтастарының, соның ішінде Германияның ұстанымы.

Немістердің наразылығы көп екені анықталды. Еуропа Катардың астанасы Дохада өтіп жатқан ауған билігі мен тәлібтер арасындағы келіссөздерге белсенді қолдау білдіріп келеді. ЕО жағдай күрт өзгеріп, аяқ асты мәмілеге келу мүмкін екеніне сенбейді. Сондықтан Ауғанстанда НАТО-ның әскери миссиясының мерзімін ұзарту керек деп санайды.

Вашингтондағы жаңа әкімшілік Трамптың сыртқы саяси мұрасын жоюға кіріскенін көрген НАТО бойынша одақтастар бұл мәселе Ауғанстанға да қатысты болатынын іштей сезді. Сол себепті Германия бундесвердің операцияларға арналған мандатын күні кеше ғана тағы бір жылға созды.

Дәл осы уақытта АҚШ сәуірде Түркияда басқа бейбіт конференцияны өткізу туралы бастама көтеріп, ол шарада шетелдік әскерді ел аумағынан алып кетуге мүмкіндік беретін келісімге қол қойылуы ықтимал екенін меңзеді. Еуропа бұл жайлы БАҚ-тағы ақпараттан білді де, ашуға булықты.

Трамп өз одақтастарын төмен санап, еш есептеспейтін. Бірақ  жаңа әкімшілік те соның әуеніне салып отыр: коммуникация жұмыс істемейді, Вашингтон алдағы қадамдар жайлы өз одақтастарымен ақылдаспақ түгілі оларды құлақдар етпей отыр. Ал олар АҚШ әрекетін "құмалақ тастау" арқылы болжап отыруға мәжбүр.

Бұл мәселеде есепке алатын тағы бір тұс бар. Қазір Ауғанстанда қалған НАТО-ның он мыңнан астам әскерінің үш жарым мыңы ғана – америкалық сарбаздар. Қалған жеті мыңы – НАТО елдерінің өкілдері. Оның ішінде мыңға жуық неміс бундесверінің әскерилері бар. Сол себепті АҚШ-тың әскерді Ауғанстан аумағынан шығаруға қатысты Еуропаның мазасыздануының астарында өз әскерлері соғыс табалдырығында тұрған елде талан-таражға түсе ме деген қауіп жатыр. Сол себепті Блинкеннің қатысуымен Брюссельде өткен келіссөздер кезінде Блинкенге "бірге кірдік, бірге шығамыз" деген қағида жиі айтылды.

Сонымен қатар, салыстыру үшін айтсақ, 2011 жылдың 6 маусымында Ауғанстандағы НАТО контингентінің саны 132 мың әскериден асып түссе, оның ішінде 90 мыңға жуығы америкалық сарбаз болды. Яғни АҚШ-тың адами ресурсы басқа елдердікін қоса алғанда үш есе көп болды. Ал қазір бұл жағдай өзгерді. Бұл статистиканы Мәскеу мен Бейжіңнен басқа Анкара мен Берлин де көріп-біліп отырғаны анық. Олардың мазасыздануына да осы себеп.

Сол себепті Блинкен қатысқан кездесу барысында аса өзекті мәселелер талқыланған шақта әр мемлекет өз пікірінде қалып, ұстанымынан бас тартпайтынын жеткізді: Германия "Солтүстік ағын – 2" жобасынан, ал Еуропа сауда серіктестігі туралы Қытаймен арадағы келісімнен бас тартпайды, Түркия Блинкеннің ресейлік С-400 қатысты наразылығына бұл мәселе талқылауға жатпайтынын жеткізді.

Байден әкімшілігі өз қаһарына мінген әріптестерін тәртіпке салатын жаңа құрал іздеп табуы керек. Алайда соңғы уақытта түбегейлі өзгеріске ұшыраған Батыстың ішкі жағдайынан кейін мұндай құралдың бар болуы екіталай.

62
Газдалған сусын

Он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішкен жігіт қайтыс болды БАҚ

2599
(Жаңартылды 16:19 25.09.2021)
Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қытайда 22 жастағы жігіт 10 минутта 1,5 литр қатты газдалған сусын ішіп, қайтыс болды, деп жазады "Газета.ru"

Daily Mail басылымы Coca Cola екенін нақтылады.

Бейжіңнің Чаоянь госпиталі дәрігерлерінің айтуынша, жігіт бір бөтелке сусын ішкеннен кейін алты сағат өткен соң маман көмегіне жүгінген. Ол күн ыстық болғандықтан, бір жарым литр сусынды бірден ішкен. Кейін іші қатты ауырып, ісіп кеткен. Дәрігерлер бауырға газбен күресуге көмектесетін дәрі берді. Алайда ер адам 18 сағаттан кейін көз жұмды.

Медициналық есепке сәйкес, сусынды тым тез ішкендіктен, ішекте өте көп мөлшерде газ жиналған. Қысыммен газ қақпалық көктамырға түсіп, бауырға оттегі жетпей қалған. Пациентті сою кезінде бауыр ишемиясы анықталды.

Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры Натан Девис жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады.

Оқи отырыңыз: 

2599
Кілт сөздер:
сусын, жігіт
Тақырып бойынша
Газдалған сусынның біз ескермейтін қаупі: ғалымдар тағы бір зиянын анықтады
"Әйелге ұқсап кетеді": Қазақстандық дәрігер нені мүлде ішуге болмайтынын айтты
Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы
Тамақпен бірге шай ішуге бола ма –  дәрігер жауап берді
Кофені күніне неше рет ішуге болады – дәрігер кеңесі
АҚШ

Ресейге қарсы санкциялар АҚШ-тың өзіне кері әсерін тигізеді сарапшы

52
Ондай санкциялар криптовалютаға көшуді жылдамдатады. Себебі доллармен құрылған экономикалық кеңістік және басқа да валюталық аймақтар бұзылады, дейді Коктыш

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. АҚШ конгресінің өкілдер палатасы қорғаныс бюджетін қабылдады. Соның аясында Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейту қарастырылып отыр. Sputnik радиосына сұхбат берген Ресей саяси сарапшылар мен кеңесшілер қауымдастығының мүшесі Кирилл Коктыш бұл шаралар АҚШ-тың өзіне қалай әсер ететінін айтты.  

Конгрессмендер жаңа шектеу шараларын енгізуге келісті. Атап айтқанда, "Солтүстік ағын - 2" газ құбыры мен Ресейдің егемен қарызына қатысты шектеулерді кеңейту қарастырылған. Сондай-ақ 35 адамға қатысты санкциялар бар. Ол тізімге ресми тұлғалар, бизнесмендер мен журналистер кіреді. Құжат жобасы сенаттың қарауынан өтуге тиіс. Сосын президент Джо Байден қол қоюы қажет. 

Саяси сарапшылар мен кеңесшілер қауымдастығының мүшесі, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының  саяси теория кафедрасының доценті Кирилл Коктыштың ойынша, жаңа санкциялар, соның ішінде Ресей Федерациясының егемен қарызына қатысты шектеулер АҚШ-тың өзіне кері әсерін тигізеді.

"Әлбетте, сан алуан шектеулер, соның ішінде банкаралық төлемдердің SWIFT жүйесінен ажырату сияқты шаралар да болуы мүмкін. Соның салдарынан сауда операциялары қиындап кетеді. Бірақ SWIFT-тің өзі Ресейді ешкім ажыратпайды деп отыр. Бұның бәрі – бос сөз. Ондай шаралар қисынға келмейді", - деді Коктыш Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, SWIFT-ке клиенттен айырылған тиімсіз. Компания имиджіне де кері әсерін тигізеді. Өйткені Иранды ажыратқан кезде ешкімге оңай соқпады.

"Бұдан бөлек, ондай санкциялар криптовалютаға көшуді жылдамдатады. Демек АҚШ-тың өзіне тиімсіз болады. Себебі доллармен құрылған экономикалық кеңістік және басқа да валюталық аймақтар бұзылады. АҚШ соның бәрін үдетіп жібереді", - деп түсіндірді сарапшы.

Оқи отырыңыз:

52
Архивтегі сурет

"Қорқыныш бар": Ираннан көшіп келген қандастар неге алаңдайтынын айтты

205
Қандастар тарихи отанына неге оралғанын, солтүстіктегі ауылдарды не себепті таңдағанын және Ирандағы қиыншылықтар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Таяуда 20 отбасы Ираннан атажұртына оралды. Қазір қандастар Солтүстік Қазақстандағы үш елді мекенде тұрады. Баспана, мектеп, жұмыс жайы шешілді. Sputnik Қазақстан тілшісі тарихи Отанына жеткен этникалық қазақтармен әңгімелесіп, бүгінгі жай-күйі мен парсы еліндегі қандастардың тұрмысына қанықты.

Қуаныш пен қорқыныш

Ираннан атамекенге ат басын бұрған көшті 52 жастағы Хадиша Адай бастап келген. Екі ай бұрын ол Қазақстанға келіп, өңірлерді аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтыпты. Иранға барғаннан кейін қандастармен көрген-білгенін бөліседі. Осылайша жиырма отбасының атажұртпен қауышуына түрткі болған.

"Әр қазақ әлемнің қай түкпірінде жүрмесін, ата-бабасының кіндік қаны тамған топыраққа оралуды армандайды. Біздің де ең басты арман-тілегіміз осы еді. Шынын айтсам, ел-жұртымды ауыстырып, өз туған еліме келгенде өте қуанышты едім. Бірақ, қазір қуанышпен қатар қорқыныш та бар. Болашағым қалай болар екен, мені қалай қабылдар екен, артымнан ілескен адамдардың одан арғы жағдайы не болады, сіңісіп кетер ме екен, өз балаларымның келешегі қандай болар екен деп уайымдаймын", - деді әңгімесін бастаған Хадиша Адай.

Хадиша Адайдың жұбайы – өзге ұлттың өкілі. Айтуынша, жолдасы Иранда қалған, ал өзі екі баласымен Отанына біржолата қоныс аударуға бел буған.

"Мен жас кезімде парсы жігітіне тұрмысқа шықтым. Одан бір ұл, бір қыз сүйдім. Бірақ, кейін өзім қазақтың келіні болмасам да, балаларымды қазақ қыламын деп шештім. Олардың қазақы ортада тәрбиеленгенін, болашағын Қазақстанмен байланыстырғанын қаладым. Оларды Қазақстанға әкелуді армандадым. Аллаға шүкір, арманым орындалды", - дейді қандас.

Қазір Хадиша Адай балаларымен Есіл ауданындағы Петровка ауылында тұрады. Иранда ұшақ жөндейтін инженер мамандығына оқыған 21 жастағы ұлы Петропавл университетіне ауысқан. Сабаққа онлайн қатысады. Ал 15 жастағы қызы мектепке барып жүр. Екеуі де Иранда тұрғанда қазақ тілі мен орыс тілін онлайн оқып, меңгеріп алған.

Үкіметтің жұмысына кірмеймін

Хадиша Адай Иранда парсы тілі мен әдебиетінен университетте жиырма бес жыл сабақ берген. Кейін өз еркімен зейнетке шыққан. Үйде бос отырмай, кәсіптің көзін табады. Табиғи маталардан ерекше дизайнмен плащ тігіп сатады. Ісі өрге домалап, екі дүкен ашады. Алаша мен табиғи теріні қосып, сырт киімдерге келістіріп, сөмке тігуге кіріседі. Алайда былтыр пандемия басталып, дүкендерін жабуға мәжбүр болған. Тауарларын онлайн сатуға көшкен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Бір күні ойыма тағы бір идея сап ете түсті. Қойдың жүнінен кілем тоқып, оны қазақтың ою-өрнегімен нақыштап безендіру. Солтүстіктегі ауылды таңдаған себебім де осы. Біріншіден, Қызылжардың әсем табиғаты баураса, екіншіден, ата-бабамыздан мұраға жеткен қолөнерді қайта дамыту", - деді ол.

Айтуынша, үкімет елге оралған қандасқа жұмыс ұсынған. Бірақ Хадиша Адай өз кәсібін ашуды құп көріпті.

"Үкіметтің жұмысына кіремін деген ой болған жоқ. Мен өзім кілеммен айналысамын деп шештім", - деді алдағы жоспарын бөліскен әйел.

Отанға келіп, отын жардым

"Ауыл ішінде Қазақстан бәрін елге шақырып жатыр екен деген әңгіме тарады. Рас-өтірігін білу үшін көшті ұйымдастыратын адамдардың телефонын сұрастырдым. Қоңырау шалсам, Хадиша Адай деген апай екен. Ол кісімен сапар жайлы ұзақ сөйлестік, ақылдастық. Үйге келіп, жолдасыммен де кеңестім. "Балаларды туған жерге апарайық, өз топырағында, өз қандастарының ортасында жүрсін, тілін жоғалтпасын" дедім. Жарым да қарсылық танытпады. Сөйтіп, әрі-бері ойланып, ақыры көшуге бел будық", - деп еске алды Ираннан әйелі және төрт баласымен атажұртқа оралған 35 жастағы Нәжіп Қазақ.

Нәжіп отбасымен Қазақстанға осыдан бес-алты жыл бұрын қыдырып келген. Айтуынша, Ақтауда туыстары тұрады. Парсы елінде туып-өссе де, тарихи отанға оралуды бұрыннан ойлап жүрген. Биыл сәті түсіп, қандастар туған топыраққа аяқ басты.

Ираннан қоныс аударған қандастар
© Photo : Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының СҚО филиалы
Ираннан қоныс аударған қандастар

"Ұшақ әуежайға қонғанда, жүрегімді қуаныш кернеді. Атажұртыма шынымен оралғаныма сене алмадым. Шыны керек, екі көзім жасқа толды", - дейді Нәжіптің әйелі Махтаб Шадкам.

Бұл отбасын әкімдік Есіл ауданының Николаевка ауылына жіберді. Қандастар ақшалай көмек пен жұмысқа құжат тапсырып қойған.

"Үш бөлмелі үй берді. Ваннасы, дәретханасы ішінде. Ауыл адамдары бізді жылы шыраймен қарсы алды, халқы маған қатты ұнады. Бауырым деп сыйлап жатыр. Ауылда бидай егіледі, мал бағады. Өте жайлы жер екен", - дейді Нәжіп Қазақ.

Қыста қар көрмейтін Иран қазақтары күздің қара суығынан пеш жағып жылынып отыр.

"Иранда қыста жаңбыр жауып, аздап жел соғады. Жылдың қалған мезгілінде күн ашық. Мына жақта адамдар белге дейін қар келеді дейді. Соны естіп, шошып кеттім. Өз ақшама отын сатып алдым. Енді оны жару керек. Бүгінге дейін отын жарып көрмеп едім. Отанға келіп, отын жарып жатырмыз", - деп күлді Нәжіп.

Егін ектім, нан пісірдім, мал бақтым

Нәжіп Қазақ Иранда Горган қаласынан 35 шақырымдағы Бендер-Түрікменде тұрған. Айтуынша, этникалық қазақтардың дені сол елді мекенде шоғырланған.

"Иранда менің екі-үш жұмысым болды. Нан пісіретін наубайханам бар еді. Қол астымда төрт бала істейтін. Оны ініме тапсырып кеттім. Сосын бидай, арпа егетінбіз. Ағаммен бірге он жылдай мал да бақтық. 400-500 қой ұстадық. Бірақ кейінгі жылдары Иранда жем-шөп қымбаттап, қой басын азайттық. Біразын сатып жібердік", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: "Ауғанстанда көп қазақ қалды": атажұртқа оралған қандастар нені түсінгенін айтты - видео

Нәжіп Қазақ енді солтүстіктің шөбі шүйгін, құнарлы жайылымында мал ұстап, егін еккісі келеді.

Айтуынша, Бендер-Түрікменде әкесі көзі тірісінде тұрғызған мешіт бар. Бүкіл қазақ сол мешітке баратын көрінеді.

"Бәрін тастап, Қазақстанға көшуге бел байлағанда, ештеңеден қорыққан жоқпын. Өйткені ол жақта қазақ мектебі жоқ. Барлық қазақ баласы парсы тілінде оқиды. Бірақ сонда да ана тілімізді жоғалтпадық. Өзге ұлттан қыз алып, қыз бермейміз. Беташар, келін түсіру, Наурыз мейрамы – ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер сақталған", - деп атап өтті қандасымыз.

Ирандағы қазақ жастарының проблемасы

Хадиша Адайдың айтуынша, Иранда тек қазақ жастары ғана емес, бүкіл ұлт өкілдері жұмыс таба алмай қиналып жүр. Оған коронавирус індеті де себеп.

"Иранда көп фабрика тоқтап, тауарлар шетелге шықпай қалды. Ел экономикасы біраз қысым көрді. Оқыған мамандар жұмыссыз жүр. Тағы бір қиыншылық, өкінішке қарай, Иран қазақтарының арасында жас жігіттер мен балалар есірткіге құмар болып жатыр. Ана тіліміз жойылудың аз-ақ алдында. Қазір 10-15 жастағы балалар қазақ тілінде таза сөйлей алмайды", - деп қапаланды этникалық қазақ.

Ал Нәжіп Қазақ Ирандағы қазақ жастарының жат ағымның жетегіне еріп кетуіне алаңдады.

"Жастардың жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндігі жоқ. Содан екі қолға бір күрек таба алмай, теріс жолға түсіп кетеді. Бүкіл жерде сақалдылар бар. Олар жас балалардың ойы мен ұстанымын өзгертіп, өз қатарына қосады. Сөйтіп көп кісі қор болып жүр", - дейді ол.

Әйелдер еркін жүреді

Хадиша Адай Иранда ерлер мен әйелдердің құқықтары тең екенін атап өтті. Нәзік жандар хиджаб киіп, оранып жүретіні болмаса, еш қысым көрмейді.

Оқи отырыңыз: "Тамақ алуға ақшамыз болмады": Сириядан оралған қыздың әңгімесі – видео

"Мақтағаным емес, Иран тарихы терең, дамыған мемлекет. Қандай жұмыс істеймін десе де, әр әйелдің өз еркі. Әйелдер мен еркектердің ешқандай айырмашылығы жоқ. Қысым көрген жоқпыз, емін-еркін жүрдік. Тек хиджаб мәселесі бар. Енді әр үкіметтің өз заңы бар ғой. Оны қабылдауымыз керек. Өкініштісі, Иранда қазақ мектебі жоқ, мәдени жағынан жиналысқа рұқсат бермейді. Бірақ ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді сақтауға тырыстық. Үйде ата-анамыз тек қазақ тілінде сөйлеуге рұқсат беретін, парсы тілінде сөйлеттірмейтін", - деді ол.

Көктемде тағы 50 отбасы келеді

Нәжіп Қазақтың айтуынша, Қазақстанға көшкелі бері телефонына тыным жоқ. Ирандағы ағайын, жора-жолдастар хабарласып, қандастардың жай-күйін сұрастырып жатыр. Баспана берсе, атажұртқа қоныс аударатын ойлары бар.

Хадиша Адай Ираннан наурыз айында тағы елу отбасы көшіп келуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

205
Кілт сөздер:
Иран, этникалық қазақ, қандастар