Ғашықтар, сурет

Бойжеткен көзіне шөп салып жүрген жігіттен кек алды видео

5659
Бұл туралы блогер өзінің TikTok парақшасында айтып берді. Видеоны миллионнан астам адам тамашалаған, 163 мың адамға ұнады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Америкалық блогердің басынан өткен жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды, деп жазады New Zealand Herald

Мollycsharpe жариялаған видеоны TikTok-та миллионнан астам адам көрген. Ол жігітпен барда танысқанын айтты. Сүйіктісінің үйіне үшінші рет барғанда жуыну бөлмесінде әйелдердің опа-далап сақтайтын сөмкесін көзі шалды.

​Жігіті көзіне шөп салып жүргенін түсінген. Ол кек алу үшін хат қалдырып кетті. 

"Джошпен кездесіп жүрсең, басқа қызы да бар екенін білуің керек", - деп жазды Молли.

 

​Видео 163 мың адамға ұнаған. Ал екінші бойжеткен сөмкесінде хатты көргенін айтып, бұл ақпарат үшін алғыс білдірді.

5659
Кілт сөздер:
кек алу, жігіт, видео, көзге шөп салу, бойжеткен
Тақырып бойынша
Әйелін тексермек болған жігіттің видеосын 33 млн адам көріп қойды
Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео
Көңілдесі ме: Алматыда балконнан салбырап тұрған ер адам оқиға туралы айтты
Әйелінің көзіне шөп салған ер адам ажал құшты
Сүйіктісінің көзіне шөп салған жігіт видеоға түсіп қалды
Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

29
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

29
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна

Құлақ көлінің жағасынан 4 адамның мәйіті табылды

2065
(Жаңартылды 14:43 12.04.2021)
Тәжікстандағы Құлақ көлінің жағасынан төрт адамның мәйіті табылды. Төртеуі де ағашқа асылып өлген

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Тәжікстанда үш баланың анасы үйдегі жанжалдан кейін жантүршігерлік қылмысқа барды. Ол алдымен балаларын орамалға асып өлтірген, артынан өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Centralasia.media порталына сілтеме жасап.

Демалыс күндері Пенджикент ауданындағы Некнот ауылының тұрғындары Құлақ көлінің бойында төрт адамның мәйітін тапты. Төртеуі де ағашқа асылып өлген. Біреуі 32 жастағы Шахло Шәріпова, үшеуі – балалары. Олар: 6 жасар Мухаммаджон, 4 жасар Шахноза бен сегіз айлық Әмина. Алдын ала болжамға сәйкес, келіншек алдымен өз балаларын асып өлтірген. Одан кейін өз-өзіне қол салды.

"10 сәуірде Некнотта той болған. Осы жиыннан кейін бір топ балалар Құлақ көлінің жағасына барды. Ол жерде үлкен бақ бар. Соған кірген бойда ағашқа асылып тұрған үш баланы және олардың анасын көрген. Төртеуі де алма ағашына орамалға асылып өлген", - дейді жергілікті тұрғындар.

Алма бағы марқұмдардың үйінен 300 метр жерде орналасқан. Өткен аптада ғана отағасы Лазиз Джураев ұлымен бірге 300 түп алма ағашын отырғызған болатын. Тура сол жерде төрт адамның мәйіті табылды.

Ал ішкі істер органдары таратқан мәліметке сәйкес, Шахло Шәріпова үйдегі жанжалдан кейін балаларын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салған.

Оқи отырыңыз: Таңертең үйіне келген әйел үш немересінің мәйітін тапты

"10 сәуірде 20.12.1988 жылы туған Некнот ауылының тұрғыны Шахло Шәріпова отбасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол саламын және балаларын өлтіремін деген ниетпен бәрін "Боги Ниёз" деген жерге алып барған. Сол жерде оларды орамалмен орап, ағашқа асып өлтірген. Осыдан кейін өзі асылып өлді", - делінген ресми хабарламада. 

Ауылдық кеңесінің басшысы Дониёр Ортиковтың айтуынша, қайғылы оқиға туралы ақпарат түстен кейін тараған.

"Шынымды айтсам, адамдардың айтқанына сене алмадым. Бірақ артынан өз көзімен көрдім. Біз марқұмның қайын атасымен және ауылдастармен бірге барып, мәйіттерді ағаштан түсіріп алдық", - дейді ол.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін мәйіттерді Пенджикент қаласына жеткізді.

Ал Некноттың тұрғындары Шахло Шәріпованың бірнеше жыл бұрын Душанбеден келгенін және  Джураевқа тұрмысқа шыққанын айтты.

"Қарапайым отбасы, бір аулада бірнеше жанұя тұрған. Бұрын Джураевтар малшылықпен айналысқан. Артынан егіншілікке ауысып кетті. Үйдегі жанжалдар немесе зорлық-зомбылық әрекеттері туралы естіген емеспіз ", - деді тұрғындар.

2065
Кілт сөздер:
бала өлімі, қылмыс
Тақырып бойынша
Шамалғанда 57 жастағы тұрғынның мәйіті өз үйінен табылды - полиция әйелін ұстады
Шығыс Қазақстанда 2 жасар баланың мәйіті табылды
Анасы көршінің үйінде болған: 2 жасар баланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты
"Мәйітті қорада жасырған": ауыл тұрғындары мұғалімнің жұмысқа шығуына қарсылық білдірді